Қазақ спорт және туризм академиясы жоба



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата15.05.2024
өлшемі280.79 Kb.
#501222
1   2   3   4   5   6   7
Жоба (Ерқанат,Бағжан).

Жылауға ұялмаңыз 
Жиі ересектер жылауға ұялады және көз жастарын жасыруға 
тырысады. Алайда жастан ұялмау керек. Зерттеулер эмоциядан пайда 
болған жаста пролактин арнайы гормондарының көп мөлшері және 
адренокортикотропты гормонның барын дәлелдеген. Біз жылағанда 
бөлінетін окситоцин мен эндорфиндер эмоциялық және физикалық 
ауыруды жеңілдете алады. Өзімізге жылауға мүмкіндік беру арқылы 
психикаға тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектесеміз. Сондай-ақ, 
жылау ағзаға тыныштандыратын әсер береді және босаңсуға 
көмектеседі. 
Жағымсыз эмоцияларыңызды қағазға жазыңыз 
Адамдар көбіне бұл қарапайым психологиялық әдісті бағаламайды. 
Мамандардың айтуынша, қағазға өз уайымдарымыз бен 
эмоцияларымызды жазу арқылы біз проблемаға саналы түрде қарай 
отырып, одан арылуға алғашқы қадам жасаймыз. 
Уайымыңыз бен эмоцияларыңызды жазатын арнайы блокнот алыңыз. 
Проблеманы қаншалықты егжей-тегжейлі жазсаңыз, соншалықты 
жақсы. Содан соң қағазды ұсақтап жыртып тастауға немесе жағып 
жіберуге болады. 
Шығармашылықпен айналысыңыз 
Арт-терапия мен шығармашылықтың үлкен терапевтік потенциалы 
бар. Сурет салу арқылы ұсақ моториканы іске қосасыз, қиялды және көру 
арқылы есте сақтауды жақсартасыз, сондай-ақ мидағы жаңа нейрондық 
байланыстарды белсенді етесіз. Ол негативті көзқарастардан арылып, 
күйзелісті өткеруге көмектеседі. 
Қажет емес заттардан арылыңыз 



Физикалық деңгейде тазару эмоциялық фонды ретке келтіруге 
көмектеседі. Үй жинаңыз: шкафтардың іштерін реттеңіз, керек емес 
киімдерден және жырығы бар ыдыстардан арылыңыз. Кеңістікті 
оңтайландыру және қажет емес заттардан арылу ағзаға күйзеліспен 
күресуге көмектеседі әрі көңіл күйді көтереді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қортынды 
 
 
Қорытынылай келе ,біз бұл тақырыпты таңдай келе айтқымыз 
келгені,эмоция бір сөзбен айтқанда ол біздің ішкі жан дүниеміздің 
бейнесі.Эмоциямен жұмыс жасап үйренуіміз,теріс эмоцияларда оны жеңе 
білуміз өмірге деген әсері орасан зор.Өмір сүруде,сезінуде, адам эмоциядан 
ешқайда қашып құтыла алмайды.Яғни, эмоцияның біздің денсаулымызға 
тигізетін әсері өте көп. Ол өмірді түрлі реңге бояп, оны түсінуге 
көмектеседі.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет