Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет160/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Ешқайсысының бізге керегі жоқ.3. Мен мектепте ешкімді де кездестіре 
алмадым. 4. Олардың ешқайсысынан әлі хабар жоқ. Бірінші сөйлемдегі 
ештеңе деген болымсыздық есімдік атау тұлғада келіп бастауыш болып
екінші сөйлемде ешқайсысының деген болымсыздық есімдік ілік жалғауында 
анықтауыш болып, үшінші сөйлемде ешкімді деген болымсыздық есімдік 
табыс жалғауда толықтауыш болып, төртінші сөйлемде ешқайсысынан деген 
болымсыздық есімдік шығыс жалғауында толықтауыш болып тұр. 
Ешқандай, ешбір деген сөздер зат есімге тіркесіп айтылады да көптеліп
септеліп, тәуелденіп тұлғаланбай, зат есім сөзімен қабыса байланысып, анық-
тауыш болады.Мысалы:1. Үнемі ешқандай өзгеріссіз бір қалыпта тұратын 
нәрсе болмайды. 2. Айнала тып-тыныш, ешбір дыбыс естілмейді. Бұл сөй-
лемдердегі ешқандай, ешбір деген есімдіктер қ а н д а й? деген сұраққа жауап 
беріп анықтауыш болып тұр. 
Ешқашан, ешқайдан деген сөздер сөйлемде етістіктен болған мүшемен 
байланысып, етістіктегі қимылдың мезгілін, мекенін білдіреді де, көптел-
мейді, тәуелденбейді және септелмейді. Сөйлемде пысықтауыш болады. 
Мысалы: 1. Бұл сөзді бұдан бұрын ешқашан естіген емен. Ешқайдан жел 


183 
келуі мүмкін емес. Бұл сөйлемдердегі ешқашан, ешқайдан деген болымсыз-
дық есімдіктер қ а ш а н ? қ ай д а н? деген сұрақтарға жауап беріп пысық-
тауыш болып тұр. 
7.Жалпылау есімдігі. Есім сөздерінің орнына жүріп, жалпылық ұғым 
беретін есімдіктің түрін ж а л п ы л а у е с і м д і г і дейді. 
Оларға: бәрі, барлық, барша, бүкіл (бүтін, бүткіл), күллі, сияқты сөздер 
жатады. 
Жалпылау есімдігі зат есім сөзінінің алдында келіп, қабыса байланысып,
қ а н ш а ? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болады. 
Бәрі, барлық, барша сөздері тәуелдік жалғауының ІІІ жағында септеліп, 
орнына қарай сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметінде де қолданыла береді. 
Бәрі,барлық, барша сөздерінің септелу үлгісі. 
Атау 
Бәрі 
Барлығы 
Баршасы 
Ілік 
Бәрінің 
Барлығының 
Баршасының 
Барыс 
Бәріне 
Барлығына 
Баршасына 
Табыс 
Бәрін 
Барлығын 
Баршасын 
Жатыс 
Бәрінде 
Барлығында 
Баршасында 
Шығыс 
Бәрінен
Барлығынан 
Баршасынан 
Көмектес 
Бәрімен 
барлығымен 
Баршасымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет