1. Олар және Абай біздің ата-бабамыздың жол-жорасын аздырады дейді,
мұсылмашылық дінімізден, әулие тұтқан ишан –пірімізден ажыратады дейді
(М.Ә) 2. Осының бәрі көңілінде сайрап жатыр. (Ғ.М) 3.Бірақ әрқайсысымыз-
дың естігенімізді оңаша есептемеске шарасы да жоқ. 4. Шынында
да басқа
бірдеме айту керек еді. 5. Мен оқуыма бөгет болды дегеннен басқа ешнәрсе
қайырған жоқпын ( Ғ.Мүсір.) 6. Оның арғы алқымында немістің бірнеше
танкілері қирап жатыр. (Б.М-ұ). 7. Көпірге кіре берістегі тас
жолдың ернеу-
інде әлденеше мотоцикл қирап жатыр. (Б.М-ұ). 8. Осы жерден ешкімге еш
нәрсе айтпаймын деп кеткенің қайда? (Ә.С) 9. Бәрі де Қайырбектің қол сілте-
ген жағына
жалт қарағанда, арқайсысы екі қабат үй корпусындай тұтас
шомбал маялар көзге түсті (Ғ.Сл.)
107-жаттығу.Мәтінді оқып шығып, оның ішінен есім сөздерді (зат есім,
сын есім, сан
есім, есімдіктерді ) тауып, қай сөз табы екенін ажыратыңдар.Оларға жалғанып тұрған
қосымшаларын атаңдар.
Құрбан төзімі аз, ашуы қатты жан еді. Сәлге келмей шықылдап,
шытынап, су тиген шыныдай тырс ете түсетін. Ол кейігенде жайшылықта
жайдары жүзі нілдей бұзылып сала беретін. Қазігі қалпы жол күткен екі салт
атының да көңілдерін қатты қобалжытты. Құрбан тым қатулы келді. Қызыл
шырайлы дөңгелек жүзі қарауытып, түтігіп алған. Көздерінің аласы қызарып,
кезерген ерні кебек жалағандай ақ шаңдақтанып кетіпті.
Даусы тарғылданып,
тіпті қырылдап, қарлығып шығады. Бұл жолда не көріп, не бітіріп оралғаны
жайлы әлі тіс жарған жоқ. Сонда да іште жатқан зор кәдік
барын Қаранар да,
Кенжеғұл да аңғарды ( Р. Р. ).
Достарыңызбен бөлісу: