Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§  79. Есімшенің сөйлемдегі қызметі



Pdf көрінісі
бет178/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 
79. Есімшенің сөйлемдегі қызметі. 
 
Есімше сөйлемде зат есім сөзімен тіркесе айтылып, ешқандай қосымшасыз 
қабыса байланысып, анықтауыш болады. Мысалы: 1. Азынаулақ сүттерін 
алып шыққан әйелдер, кемпірлер жаңа келген орыс әйелдерімен араласып 
жатыр. (М. Ә.) 2. Өмірді білмеген адам жазушы бола алмайды. (С. Б.) Бұл 
сөйлемдердегі алып шыққан, жаңа келген, білмеген деген өткен шақтық 


201 
есімшелер қай? қандай? деген сұрауларға жауап беріп, өзінен кейінгі әйел-
дер, орыс әйелдерімен ,адам деген зат есімдерді анықтап тұр. 
Зат есім айтылмай, есімшелердің өзі заттық ұғымда айтылғанда , есімше-
лер морфологиялық тұлғасына қарай, сөйлемнің барлық мүшелері де болып 
келе береді. 
Атау тұлғада келіп кім? не? деген сұраулардың біріне жауап беріп баста-
уыш болады. Мысалы: Бұл ергендер (кімдер?) –осы обоздың басшылары. 
(М.Ә.)
Ілік септік жалғау тұлғасында келіпкімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап 
беріп те анықтауыш болады. Мысалы: 1) Қолы қимылдағанның (кімнің?) аузы 
қимылдар. (М.М) 2) Қызмет істеп жүргендердің (кімдердің?) біреуі болатын. 
(Б.М)
Есімше атау мен ілік септік жалғаудан өзге септік жалғау тұлғасында келіп, 
сол жалғаулардың сұрақтарына жауап беріп толықтауыш болады. Мысалы: 
Біздің төбеге шыққанымызды (нені?) немістер сезіп қалған екен. (Ғ.Мүсір.) 
Жатқанға (кімге?) жан жуымас.(М.М)
Есімше сөйлем ішінде шығыс септік жалғауы тұлғасында келіп пысықта-
уыш та болады. Мысалы: Қуанғаннан (неліктен?) күліп те жүр, жылап та 
жүр. (Ә.Ә) Бұл сақтық әкесін көргеннен кейін (қашан?) есіне түскені де 
айқын. (Ғ.Мүсір.) 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Етістіктер лексика-семантикалық категориялары жағынан қандай 
етістіктер болып бөлінеді ? 
2) Болымсыз етістік қандай қимылдық процесті білдіреді ? 
3) Болымсыз етістік қандай жолдармен жасалады ? 
4) Қимыл атауы деген не ? 
5) Көсемше қандай қимыл-әректті білдіреді ? Көсемшенің қандай түрлері 
бар ? 
6) Есімше –етістіктің қандай түрі ? Есімшенің ерекшелігі неде ?
7) Есімше қандай жолдармен жасалады ? 
8) Өткен шақтық есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
9) Келер шақтық есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
10)Ауыспалы шақтық есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады? 
11)Есімше сөйлемде қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады ? 
115 –жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, есімшелердің астын сызыңдар. Олардың 
сөйлемде қай мүше болып тұрғанын айтыңдар.
1. Өңімде де әрдайым ойымда жүретін Жаманшұбар мен Дос менің 
әрдайым түсіме де кіретін еді. (С.М.) 2. Соның әміріне бағынбағанда, біз 
апатқа ұшы-рамайтын да едік. (Ә.С) 3. –Жетер енді, -деді ол, -атаман сүйегін 
көтергендер қақпадан шыға бергенде. (Ә.С.) 4. Бір кезде өзіне таудай көрінген 


Уәлидің қазір кішірейіп қалғанына Ержан қайран болды. (Т. А)5. Келгендер 
аттары-нан түскен соң жұрт жиналған алаңның ортасына төтеледі. (Ғ. Сл) 6. 
Ол Дауленді шығарып салғаннан кейін ертеңгі болатын сабағына ұзақ әзірле-
ніп, кеш жатты. (С . Б) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет