ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарынан соң
жалғанады.
Мысалы:бар+а+мын, кел+е+мін, сана+й+мын, бар+ған+мын,
кел+ген+мін, айт+қан+мын, бар+ды+м, кел+ді+м, айт+ты+м, бар+мақ+пын,
жаз+бақ+пын, айт+пақ+пын.
§ 83. Өткен шақ
Іс, қимыл, амалдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын істелгенін,
орыдалғанын көрсететін етістіктің шағы ө т к е н ш а қ деп аталады.
Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай төрт түрлі
болады:1) жедел өткен шақ, 2) ежелгі өткен шақ, 3) бұрынғы өткен шақ, 4)
ауыспалы өткен шақ.
1.Жедел өткен шақ. Іс, қимыл, амалдың сөйлеп тұрған уақыттан
бұрын, бірақ таяу мезгілде істелгенін, орындалғанын үзілді-кесілді,
тұжырымды түрде білдіретін етістіктің шағы ж е д е л ө т к е н ш а қ
Достарыңызбен бөлісу: