Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


ш а қ т ы қ е с і м ш е дейді



Pdf көрінісі
бет177/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

ш а қ т ы қ е с і м ш е дейді. 
Есімшенің ауыспалы шағы етістіктің түбіріне –атын, -етін,-йтын, -йтін
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Есімшенің бұл түрінің шақтық 
ұғымы сөйлемдегі өзге сөздер арқылы дәлелденеді. Мысалы: Өткен жылы 
біздің ауылға Алматыдан келетін аграном осы Мәжит еді ғой. Мен қазір 
бара алмаймын, істейтін жұмысым болып тұр. Ол жас , әлі өсетін жігіт. 
Бұл сөйлемдердің біріншісіндегі келетін деген есімше өткен шақтық ұғым 
беріп тұр , екінші сөйлемдегі істейтін деген есімше осы шақ-тық ұғым беріп 
тұр да, үшінші сөйлемдегі өсетін деген есімше келер шақ-тық ұғым беріп тұр, 
өйткені біріншіде өткен жылы, екінші сөйлемде қазір, үшінші сөйлемде әлі 
деген сөздер есімшелердің шақтық ұғымын тиянақтап тұр. 
Қазіргі қазақ тіліндегі (алу, жазу), -ушы, -уші (айтушы, сөйлеуші
формалары да ерте кезде есімше жұрнақтары болған. Бірақ қазіргі кезде бұл 
жұрнақтар шақтық мәнді білдіре алмайтын болғандықтан, есім жұрнақтарына 
айналған. 
114- жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, есімшелердің астын сызыңдар. Есімше туды-
рып тұрған жұрнақтарды сызықшамен бөліп жазыңдар да, есімшенің қай шақтық екенін 
айтыңдар. 
1. Ұялмаған бұйырмағаннан татар. (М.М.) 2. Сарайдың төбесіне іштен 
қатынасатын баспалдақ алынып қойылған, үңірейіп орны ғана тұр. (Ғ. Мүсір) 
3. Мектеп салынатын жердің тұсына бірнеше жалаулар шаншылып қалған 
екен, олардан от алып, төбеден жарқыраған күнге шұбалған ал қызыл шұғыла 
ауыл аспанына әуелеп тұр. (Ғ. Сл.) 4. Қылаулаған қар үдей түсіп, окоп ерне-
уіндегі топырақты жасыра бастады. (Т. А.) 5. Қуанғаннан тілі де байланып 
қалыпты, хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанбағандай 
бетіне басады. (Ә.Ә.) 6. 1955-56 жылдары тың өлкелеріне салынатын темір 
жолдар-осылар! (С. М.) 7. Қалжырап қалғи бастаған Әбдірахманды кемпір- 
шал қоярда- қоймай дәмді етіп пісірген етті салмамен сыйлады. (Х.Е.) 
Ұшарымды жел білсін, қонарымды сай білсін (М.Ә.) 9. –Жә, жә кекетпей-ақ, 
айтатыныңды айтсаңшы. (Б.М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет