Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


етістіктің түрін о р т а қ е т і с дейді



Pdf көрінісі
бет184/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

етістіктің түрін о р т а қ е т і с дейді. 
Ол сөйледі. Ол Алматыдағы ағасымен сөйлесті. Мен қар күредім. Мен 
қар күрестім. Сен шөп шаптың. Сен шөп шабыстың. Бірінші, үшінші, 
бесінші сөйлемдерде сөйлеу, күреу, шабу амалдарын бір адамның істегендігі 
айтылса, екінші төртінші, алтыншы сөйлемдерде сол қимыл, амалдарды 
істеуде бірнеше адамдардың қатысы бар екендігі көрсетіледі. 
Ортақ етіс етістіктің түбіріне –с, -ыс, -іс жұрнағы жалғану арқылы 
жасалады. Дауысты дыбыстардан соң  түрінде, дауыссыз дыбыстардан соң
-ыс, -іс түрінде жалғанады. Мысалы: ақта+с ( Ол үй ақтасты), суғар+ыс ( Мен 
бақша суғарыстым). 
Етіс жұрнақтары сөз жасайтын жұрнақтар болғандықтан, бір сөздің 
құрамында бірінің үстіне – бірі жалағана береді. Мысалы: 
жина+т+тыр+т+қыз, сөйле+т+кіз, ал+ғыз+дыр+т. т.б. 
Е с к е р т у: -с, -ыс, -іс  жұрнақтары жалғанған етістіктер ұстала келе, қимыл 
есімдеріне айналып, қалыптасқан зат есім түрінде де қолданылады: Айтыс басталды. 
Соғыс тоқталды. 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Етістіктер қандай ерекшеліктеріне қарай сабақты етістік және салт 
етістік болып бөлінеді ? 
2) Қандай етістіктер сабақты етістік деп аталады ? 
3) Қандай жолдармен сабақты етістік салт етістікке, салт етістік 
сабақты етістікке айналады ? 
4) Етістер қандай мағынаны білдіреді ? 
5) Етістер мағынасына және морфологиялық тұлғасына қарай нешеге 
бөлінеді? 
6) Қандай етіс негізгі етіс деп аталады ? 
7) Қандай етіс өздік етіс деп аталады ? Өздік етіс қандай жұрнақтар 
арқылы жысалады ? 
8) Қандай етіс өзгелік етіс деп аталады ?Өзгелік етіс қандай жұрнақтар 
арқылы жасалады ? 
9) Қандай етіс ырықсыз етіс деп аталады ? Ырықсыз етіс қандай 
жұрнақтар арқылы жасалады ? 
10) 
 Қандай етіс ортақ етіс деп аталады ? Ортақ етіс қандай 
жұрнақтар арқылы жасалады ? 


207 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет