Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


амалмен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын



Pdf көрінісі
бет183/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

амалмен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын 
көрсететін етістіктің түрін ы р ы қ с ы з е т і с дейді. 
Мысалы: хат жазылды. Киім ілінді. Мектеп үйінің іргесі қаланды. Бұл 
сөйлемдердің грамматикалық бастауыштары – хат, киім, іргесі деген сөздер. 
Бірақ ол бастауыштар сөйлемнің жазылды, ілінді, қаланды деген етістік 
баяндауышындағы айтылған қимылды, амалды істеуші емес, керісінше, өздері 
сол баяндауыштағы қимылдың, амалдың әрекетіне ұшыраушы болып тұр. Ол 
қимылдар бастауыштың ырқынан тыс өзге бір субъект істегенінен болып тұр. 
Екінші сөзбен айтқанда, хат өздігінен жазылайын деп жазылған жоқ, киім 
ілінейін деп ілінген жоқ та, мектеп үйінің іргесі қаланайын деп қаланған жоқ. 
Оларды өзге біреу жазды, ілді, қалады. 
Ырықсыз етіс сабақты етістікке –л, -іл, -ыл жұрнағы жалғану арқылы 
жасалады. Ал ол етістіктердің соңы л дыбысына аяқталса немесе етістіктің 
негізінде л дыбысы болса, ырықсыз етіс жұрнағы –н, -ын, -ін түрінде 
жалғанады. Мысалы: қаз+ыл+ды, тоқы+л+ды, сана+л+ды, ал+ын+ды, 
бөл+ін+ді, қала+н+ды, тала+н+ды, сөйле+н+ді. 
119-жаттығу. Мәтінді көшіріп, ырықсыз етісті тауып, ырықсыз етіс жұрнағын түбірден 
және өзінен кейінгі қосымшадан дефис арқылы бөліп жазыңдар. 
Құм Нарын қабат-қабат қатарланған, 
Қоңында қарағайы қалқаланған. 
Гүрілдеп бір жағында Каспий жатыр 
Айдынды, аспанды орай алқаланған... 
Теңізге теңбіл аспан төңкеріліп 
Толқында жұлдыз жүзіп жөңкеріліп, 


Керілген кең Каспийдің жарын керней, 
Көпірген күміс көбік көмкеріліп. 
Жарына соғып толқын толқынданып
Толқында көлеңкесі алтынданып, 
Аймалап аспан көктің дариясында, 
Алтын ай бейне жүзген алтын қайық. (Т. Ж.) 
5. Ортақ етіс. Істі істеушінің біреу емес, әлденешеу екенін білдіретін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет