Сол сияқты бірін-бірі айқындап, біріне-бірі тең мағынада ұсталатын
телефон-автомат, магнитофон-аппарат, инженер-технолог деген сөздер де
қосарлы айқындауыштардың қатарына жатады.
177-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қосарлы айқындауыш мү-шелердің
астын сызып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар.
1) Трест бастығы Щербаков, механик Козлов, слесарь Лапшин дегендер өте
іскер адам көрінеді.
(Ғ. М.) 2) Жолшыбай механика цехына соққан Қазыбек
қарттың көзі қаңырап қалған залға, залдың ішінде қаңтарулы тұрған
станоктарға түсіп еді, жаны түршігіп, түсі бұзылып кетті.
(Ә. Ә.) 3) Оны
көргенде Қайырбек ақсақал тықыршып кетті.
(Ғ. Сл.) 4)
Бұлардың сөзін Баян
бәйбіше келіп бөлді.
(Ә. Ә.) 5) Ал, секретарь жолдас, не айтасың?
(Ғ. Сл.) 6) —
Жолдас капитан, жауынгер Құлбаев окоп қазып жатыр,— деп баяндады.
(Т. А.)
7) Қайырбек карт көзі кілгірген жұртты бір күлдіріп, шатыр ішіне кіріп, қалың
киімдерді кетеріп алып шықты.
(Ғ. Сл.)
Достарыңызбен бөлісу: