Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет311/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

200-жаттығу. Мына тексті оқып шығыңдар да, кұрмалас сөйлемдерді теріп 
жазыңдар. Құрмаласқа енген жай сөйлемдердің синтаксистік байланысу тәсілін 
түсіндіріңдер. 
Тебіндегі жылқыны бұл — менің бірінші көруім. Жылқы деген жануар 
мал атаулының ішіндегі қайраттысы екен. Өте бір түтеген боран соғып 
кетпесе, қандай ызғарлы суықтарда еш уақытта желге жонын бермей, 
маңдайын бере қарсы қарап қар тебеді. Сол кезде жел көтерген оның жалы 
жалаудай желбіреп көтеріліп кетеді. Құйрығы аспаннан сорғалаған жауындай 
тарамданып көсіліп тұрады. Қарсы алдынан соққан желдің лебі қар бетінде 
жүгірген борасынды жеп кетпегендіктен, боз жылқы түгіл, қара не торы 
сияқты баран түсті жылқылардың да
маңдай терісі ақ бурылдана қалады... 
Жылқының тыңға көшуі оңайлыққа түспейді. Бет алған жақта ойпаң 
кездесіп, қар қалыңдай кетсе, жылқы беттемей тұрып алады. Ондай ойпаттар 
далада жиі кездеседі, содан жылқыны өткізерде, «Айшық мүйіз ақ серке 
қойды бастар» дегендей, қалың жылқыны бастап жөнелетін «көсемдері» 
болады. Бұлай бастауға аса бір қарулы айғырлар мен биелер ғана түседі. 
Көсемсіген бір жылқы қалыңға түсе жөнелгенде, оның артынан 
тізбектелген жылқылар шүбыра бастайды. Сол ізге қалың жылқы түгел түсе 
қалғанда, олардың тұяғынан жасалған қардың жырасы қазған терең каналға 
ұқсап кетеді. (С. М.) 
§ 153. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері 
Сабақтас құрмалас сөйлемге енген бағыныңқы сөйлем мен басыңқы 
сөйлемнің синтаксистік байланысу тәсіліне, яғни бағыныңқы сөйлемнің 
баяндауыш тұлғасының түрлі болып келуіне орай, олардың мағыналық қарым-
қатынасы да алуан түрлі болып құбылып отырады. Сөйтіп, сабақтас құрмалас 
сөйлемдер бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық қарым-
қатынасына қарай мына сияқты алты түрге жүйеленеді: 
1) шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем; 
2) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем; 
3) мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем; 
4) амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
5) себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас сөйлем; 
6) мақсат бағыныңқылы сабактас сөйлем. - 
Сабақтас құрмалас сөйлемдер бағыныңқы сейлемнің басыңқыға 
мағыналық қатынасына қарай жоғарыдағыдай алты салаға бөлінгенде
бұлардың, яғни бағыныңқы сөйлемнің көпшілігінің, қызметі жай сөйлемдегі 
пысықтауыш мүшенің кызметіне ұқсас. Сондықтан да шартты бағыныңқылы 


337 
және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастардан өзгелерін с е б е п п ы с ы қ т 
а у ы ш б а ғ ы н ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с, м е з г і л п ы с ы қ т а у ы ш б а 
ғ ы н ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с , қ и м ы л-с ы н п ы с ы қ т а у ы ш б а ғ ы н 
ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с, м а қ с а т п ы с ы қ т а у ы ш б а ғ ы н ы ң қ ы л 
ы с а б а қ т а с деп те атауға болады.
Ықшамдылық үшін алдыңғы атау дұрыс. Бірақ жай сөйлемдегі 
пысықтауыш мүше мен әр сапалы пысықтауыш бағыныңқылардың 
синтаксистік қызметінің арасында теңдік бар деп қарауға болмайды. Бұлардың 
кейбір ұқсастық жақтарының болуына қарамастан, екеуі екі түрлі синтаксистік 
құбылыс. 
Пысықтауыш бағыныңқы сөйлемдердің жай сөйлемдегі пысықтауыш 
мүшеге ұқсастығынан ерекшелігі басым. Ол ерекшеліктер, негізінде, мыналар: 
а) бағыныңқы сөйлемнің өзіндік толық мағыналық және тұлғалық дербестігі 
болмаса да, сөйлемдік ерекшелігінің барлығы, ә) көпшілік жағдайда 
бағыныңқы сөйлемдердің өз бастауышы мен баяндауышының болатындығы, 
б) бағыныңқы сөйлемнің басыңқы сөйлеммен ұласып айты-латын сөйлемдік 
интонациялық ерекшелігінің болатындығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет