Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 155. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас



Pdf көрінісі
бет314/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 155. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас 
Бағыныңқы сөйлемдегі айтылған ойға басыңқы сөйлемдегі ой қарсы 
мағынада айтылған сабақтас құрмалас сөйлемді қ а р с ы л ы қ – 
т ы б а ғ ы н ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с с ө й л е м дейді. 
Қарсылықты бағыныңқы сөйлем қ а й т с е де ? н е е т с е д е ? қ а й т - 
к е н м е н ? н е е т к е н м е н ? қ а й т к е н ш е ? н е е т к е н ш е ?
деген сұрақтарға жауап беріп тұрады. 
Қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы төмеңдегі тұлғада айтылу 
арқылы басыңқы сәйлеммен байланысып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем жасалады. 
1. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістік болып, оған да, 
де шылауы тіркесіп айтылуы арқылы қарсылықты бағыныңқы сөйлем 
жасалады. Мысалы: 1) Жаңағы сөзінен сол өткен түнгі ашудың зардабы әлі 
көрініп тұрса да, Жамал өз ойын оның алдына ептеп тарта берді. (Ғ. М.)
2) Иванов Зинаның бұншалықты неге қысылғанын білмесе де, кітап 
жайындағы әңгімені бұдан артық қозғамаудың керек екенін түсінді. (Әб. 
Нұр.) 
2. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістік болып келсе 
де, сөйлем қарсылықты бағыныңқылы сабақтас болады. Мысалы: 
Қасқырларға біз ақырып ұмтылсақ, олар ажырайып бетімізге қарайды.
 (Ғ. М.) 
3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кемектес септік жалғауы 
жалғанған өткен шақтық есімше болып келсе, карсылықты бағыныңқылы 
сабақтас сөйлем жасалады. Мысалы: 
1) Құрылыс жұмысы аяқталғанмен, оны іске қосу сияқты негізгі 
міндеттер әлі де шешілген жоқ еді. (К. 0.) 2) Бұл сұраулар басымда 
сапырылысқанмен, оның жауабын Спандияр ағай да таба алмады. (С. М.) 
4. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімше болып, оған -
ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы да қарсылықты бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем жасалады. Мысалы: 


1) Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол. («М. М.») 2) 
Боранбек орнынан қозғалғанша, Нияз шапшаң көздей салып атып жіберді. 
(С. С.) 
202-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің 
астын сызыңдар және қалай жасалғанын айтыңдар. 
1) Аяғын ептеп басуға тырысқанымен, ешкі майы сіңген саптамасы 
сіресіп, темір жамалған екшесі қозғалса-ақ, жанжал шақырып тұр. (К. 0.)
2) Иванов екі батареяның қайсысына барса да, қыраулы қабақпен тұнжырап 
жүрген кісілерді көрді. (Әб. Нұ.р.) 3) Түсі суық, аузы ауыр болғанымен, шал 
ондай оспадар адамға ұксамайды. (Ғ. М.) 4) Әңгімені Есейдің өзі бастаса да, 
осыдан кейін жұмған аузын аша алмады. (Әб. Мұр.) 5) Әсет жастайынан 
Дүйсенді көріп өссе де, ол кісінің ішінде нендейлік қазынаның барлығын 
білмейтін. (Қ. О.) 6) Ол Жомарттың пікірін қуаттай қоймағанмен, көзіне 
колхоздың әдемі суреттері елестеп кетті. (Ғ. М.) 7) Бұл сөздерін Зереге естірте 
айтпаса да, Абай естісін деген сияқты. (М. Ә.) 8) Құнанбайға жұрттың кеңілі 
әр алуан болғанмен, ежелгі салт-машық бойынша, бұл өңірдегі ағайын Зере 
отырған үйді жатсынған жоқ. (М. Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет