Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 47. Біріккен сөздер және кіріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет91/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 47. Біріккен сөздер және кіріккен сөздер 
 
Қазақ тілінде жаңадан сөз тудырудың сөздің түбіріне жұрнақ жалғаудан 
соңғы ең өнімді түрі — екі сөзді біріктіріп бір сөз ретінде жұмсау. Біріккен 
сөздердің қазақ тілінде қолданылмайтын орны жоқ. Біріккен сөздер: 
кемпірауыз, басқұр, желбау сияқты күнделікті қолданылып жүрген бұйым 
атауы түрінде де, Ақтөбе, Жезқазған, Талдықорған, Сарыөзек, Ақсу, 
Қандыағаш, Екібастұз сияқты географиялық атаулар түрінде де, Амангелді, 
Есенжол, Досжан, Әлімқұл, Жолдыбай сияқты кісі аттары ретінде де, 
Темірқазық, Ақбозат, Жетіқарақшы сияқты астрономиялық атаулар ретінде 
де, жолбарыс, көксерке, аққу, қарақұс сияқты айуанат, жәндіктердің атауы 
түрінде де, қоңыраубас, итмұрын, асқабақ сияқты өсімдік атауы түрінде де 
кездесе береді. 
Екі сөз бірігіп бір ұғымды білдіретін біріккен сөз тудырғанда, біріккен 
сөздің сыңарлары әр түрлі сөз таптарынан болып келе береді. Екі сыңарының 
екеуі де зат есім болып келеді. Мысалы: асқабақ, Құнанбай, балабақша, 
кәсіподақ, белбеу, тасбақа. Бірінші сыңары сын, сан есім, екінші сыңары зат 
есім сөзі болып та келеді. Мысалы: аққу, Ұзынағаш, Көктөбе, Жаңақорған, 
қараторғай, Сарыөзек, оңтүстік, Үштөбе, Жетісу, жетіқарақшы. Бірінші 
сыңары зат есім, екінші сыңары етістік сөзі болып келуі де мүмкін. Мысалы: 
ұлтабар, қаптесер, демалыс, атшабыс, атқамінер, Ұлмекен, Құдайберген. 
Сыңарлары мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгеріске 
ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантика-
лық мағына білдіретін күрделі сөзді б і р і к к е н с ө з дейді. 
Біріккен сөздерді күрделі сөздер мен сөз тіркестерінен айырудың негізгі 
белгісі біріккен сөзге енген сөздердің бастапқы мағыналары ескерілмей, бір 
сөз, бір ұғым ретінде жұмсалуы шарт. 
Біріккен сөздердің жігіндегі көрші дыбыстардың бір-біріне тигізген 
әсерінен туатын дыбыстық ықпалдар орфографияда ескерілмей, біріккен 
сөздердің сыңарларының жеке тұрғандағы бастапқы тұлғалары сақталып, 
морфологиялық принцип бойынша жазылады. Мысалы: Жанпейіс (Жампейіс 
емес), шекара (шегара емес), Қонысбай (Қоныспай емес), Болатбек (Болатпек 
емес). 
Екі сөзді біріктіру арқылы сөз тудыру қазақ тілінің даму тарихында ерте 
заманнан келе жатқан, жаңадан сөз тудырудың ғасырлар бойында сыналған, 
қалыптасқан тәсілі. Оған қазіргі тіліміздегі қолданылып жүрген, сырт 


қарағанда біріккен сөз екендігі білінбейтін, бір кездердегі жігі анық көрінетін 
екі не одан да көп сөздерден кұралған, жүре-бара әрбір сыңарлары
тұлғасын езгертіп кірігіп кеткен биыл (бұл + жыл), бүгін (бұл + күн), күндіз
(күн жүзі), құлаш ( қол аш) көкпар ( көк бөрі), әкел (алып + кел), апар 
(алып+бар), өйткені (олай+еткені), бүйткені (бұлай + еткені), сөйткені (солай 
+ еткені) сөздері толық дәлел бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет