«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



бет26/36
Дата05.12.2022
өлшемі1.83 Mb.
#466573
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
osh fo kazahskiy-jazyk-i-literatura 9-klass kaz

Перифраздалған сөйлемдер

«+»/«-»

Қазақ зиялылары елді саяси сауатты болуға, ғылымға деген сүйіспеншілікке




шақырды.




Олар сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдарына білімнің дамуға жол




ашатындығын айтып, халыққа үндеу тастады.




А.Байтұрсынов арнайы білім беру ұйымдарында оқудың маңыздылығына мән




бермеді.




А. Байтұрсынов қазақ балалары алдымен өз ана тілінде білім алуы қажет деп




санады.




А. Байтұрсынов орыс тілінде де білім алуды құптады.




Қазақ зиялыларының көбісі саяси сауаттылық пен заңгерлік білімнен хабарсыз




болды.




57






Дескриптор Білім алушы:



  • сұрақтарға жауап береді;




  • мазмұнға сәйкес дұрыс сөйлемдерді көрсетеді.

58


Оқу мақсаты

9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі




интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз




ойын жеткізу

Бағалау критерийлері

Білім алушы:






Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық




Ойлау дағдыларының

екпінді қолданып, ойын жеткізеді Қолдану



деңгейі



Тапсырма

Берілген рөлдердің бірін таңдап, «Алаш қайраткерлері» тақырыбында жұптық диалогке қатысыңыз. Сөйлеу барысында хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңыз.




Ұсынылатын тақырыптар:

  1. Тарих пәнінің мұғалімі мен оқушы;

  2. Алаш қайраткері мен тілші;

  3. Алаш зиялысы мен бүгінгі ұрпақ.



Дескриптор Білім алушы:



  • рөлдер бойынша диалогке қатысады;

  • тақырып аясында сөйлейді;

  • сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін қатыстырады;




  • сөйлемдердің айтылуындағы интонациялық ерекшеліктерді сақтайды.

59




Оқу мақсаты Бағалау критерийлері
9.3.5.1. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру Білім алушы:






Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Алаш зиялыларының қазақ халқының болашағы жолындағы еңбектері туралы қорытынды жасап, ойыңызды «ПТМС формуласы» негізінде ұсыныңыз.




ПТМС формуласы
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»;


Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;


Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».

Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына, құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі үшін күресті.


Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу жұмыс жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінде, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.


А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті. «Яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санады. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті.





  1. ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені патша зандары көшпелі халықтың құқығын қорғамады. Олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді. Бұл халықтың құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді.



Дескриптор Білім алушы:



  • қазақ зиялыларының еңбегіне қатысты пікір білдіреді;

  • пікірінің себебін түсіндіреді;

  • пікіріне мәтіннен дәлел келтіреді;

  • - ойын қорытындылайды.

60






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет