12. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселенің маңыздылығын
талдап жаз
Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады;
егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз,
намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн.
(
Конфуций
)
Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің басты оқиғасы сонау қазақ пен түркімен
арасындағы алма-кезек шапқыншылық кезеңде өтеді. Осындай алмағайып кезеңде Сыр елін
мекен еткен қыпшақ аулының мал-мүлкімен қоса тонап, бас көтерер бірді-екілі азаматтарын жер
жастандырып, Торайғыр бидің үлбіреген он бір жасар Кенжебек деген немересін түркімендер
тұтқындыққа алып кетеді. Түркіменнің Атажан деген алып байының асыл тұқымды
жылқыларын баққан, өзін қаңлы руынанмын деп таныстырған Тасқұл атты шал бір жыл бойы
баланы қасына алып, қамқор болады. Бір күндері баланы еліне қашырып жіберуге бел буып,
әбден дайындайды. Алпыс жыл бойы түрікпендердің жылқысын баққан шалды мұндай қауіпті
іске, асқан тәуекелдікке итермелеген қадай күш?
Біріншіден, қазақ халқы үшін ер баланың жат елге тұтқындыққа түсуі – сүйекке таңба, ал
құлдыққа жегілуі қарғысқа таңылғанмен бірдей саналған. Шығармадан үзінді келтірсек:
«...соғыстан түскен жетім-жесірді аямайтын қатал заңды қай халық болсын ұстанады. Сенің
құның бұлар үшін тышқақ лақ ғұрлы жоқ. Тұтқынға түсу көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы,
көк соққанмен тең. Жат жарылқамайды. Сондықтан мына сені, еркек баланы өлсе аямайды»
https://adebiportal.kz/. Бұл – Тасқұл шалдың сөзі. Балаға жаны ашығаны, екінші жағынан қаны
қазақ болған соң ұлттық намысын өзге біреуге қорлатқысы келмеген жүрек бар.
Екіншіден, шал өзі жас күнінде келіп, жат елге құл болып, әбден сіңісіп кетті, елге
қашуға қауқары да жоқ, әрі туған жерге тірі өлік болып барғысы келмейді де. Неге? Мұны
шалдың өз аузымен жеткізейік: «Он үште отау иесі деген. Ер жетуге аз қалғанда, құдай кешпес
бір кепке ұшырап, өлгім келді. Кісіге айтуға арланатын қорқау сөз еді. Құлдық кепиеті ұрмасын
деп мына саған айтпасқа еш амал жоқ. Тәңірінің бұйрығы айтқызып тұрғанын қара. Түрікпендер
бір күні қатын-қыздарымызға қарап қояды деп мені ата мал сияқты, қошқардайын тарттырып
жіберді. Содан бергіде Азбанқұлмын!» https://adebiportal.kz/ Міне, 12-ден 13-ке қарап, бозбала
жасқа келіп қалған Кенжебектің де өзі сияқты Азбанқұл болуына өлердей қарсы, тіпті көз
алдына елестетсе, денесі тітіркенеді. Алда-жалда елге жетсең, мен туралы жан баласына көрдім
деп айтпа дейді, өйткені арыстай азамат болып кеткен еліне азбанқұл болып оралғысы келмейді.
Одан осы жерде құл болып өлгені артық.
Бәйгеге ат дайындап, шабандоз ретінде еліне қашырып жіберген Кенжебек жылға жуық
арып-ашып, еліне жеткенде шашы қатты өскені соншалық, арқасын жауып кеткен екен. Содан
бері аталары «Сені Баба түкті Шашты Әзіз әруағы қорғаған екен» десе, жеңгелері еркелетіп,
«Шашты» деп атап кеткен екен. Осы Шашты атамыздан тараған жеті рулы ел қазіргі кезде Сыр
елінің Шиелі өңірінде тұрады. Ал Шашты-Кенжебектің атасы Торайғыр би – қазақтың
қайраткер ұлы Мұстафа Шоқайдың оныншы аталары болып келеді.
Қорыта айтқанда әңгімедегі көтерілген мәселелердің маңыздылығы: «...атаулы тарихи
әңгімелердің бірі тап сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз
байланысты. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан
айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан
ерікті түрде айырылып жатыр.» https://ttjk.info/shashty-gimesi-turaly/ Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті
болып келе жатқаны өкінішті-ақ.
|