17. Е.Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде көтерілген баспана
мәселесінің қазіргі күндегі өзектілігі қандай?
Е.Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі жаңадан бас қосқан жас отбасының
пәтер жалдау мәселесіндегі қиын да күлкілі жағдайға ұшырауы туралы жазылған. Әңгіме
шағын болғанмен, қоғамдағы ең өзекті мәселені юморлық-сатиралық тілмен шебер
жеткізе білген.
Ит байласа тұрғысыз бір пәтерді жалдаған жастар аз ғана уақыт ішінде адам
төгісіз қорлықты бастан кешіреді. Екі адам айнала алмайтын пәтерге өздері де
сыймайды, қонақ шақыруға қатты арланады. «Қайнағам келсе – қайттім, ойбай, ұят
болды-ау! Қайсы төсекке жатқызам деп сары уайымға салындым. Телефонмен
сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім тауып барамын» деген еді. Бір күні кеште
ойламаған жерден жаңбырлатып жетіп келмесі бар ма, лашығымызды көріп, шошып
кетті. Есіктен төрге дейін көзі шарасынан шыға жаздап, үрейлене көз жүгіртті». Жігіт
болса, қонағының алдында, қонағы болғанда да сүйген жарының туған ағасының
алдында кірерге тесік таппай, азамат басы қор болады.
Міне, осындай баспана зары әрбір отбасының бас ауруына айналғалы қай заман?!
Бұл мәселе - тек көшпелі тұрмыс кешкен жергілікті мемлекет құраушы ұлттың
басындағы жыр. Басқа ұлттар үшін пәтер жалдап тұру – ұят емес, ал қазақ үшін үй
дегенеміз - басыңдағы құттыхана шаңырағың, келген туысың бас тіреп келетін әулетті ақ
ордаң. Қазақ үшін жеке пәтерің болса, ол орташа тап өкіліне жатады, ал коттеджің болса,
кең сарайы бар байшікештің нағыз өзісің. Иә, біздің қоғамда баспана – күнкөрістің
индикаторы.
Пәтер жалдау, баспана мәселесі Алматы, Астана сияқты қалаларда қызып тұр.
Пәтер іздеушілердің 99 пайызы дерлік – қазақ жастары. «Public Policy Research мекемесі
жасаған зерттеулерге сәйкес, Алматыда тұратын жасы 30-ға толмаған азаматтардың 54,3
пайызы жекеменшік пәтер жалдап тұрса, 18,6 пайызы жатақханада тұрып жатқан
көрінеді»
https://turkystan.kz/ Сол пәтер деген қазаққа келгенде неге жетпей қалады?
Қарақұрымдай қаптап жүрген қара қытай сияқты санымыз көп емес қой, саусақпен
санарлықпыз ғана. Мойны сорайған, зәулім үйлерді салып жатырмыз қаптатып,
солардың бәріне кім қоныстанады?
Халық саны өспей жатыр, демографиялық хал-ахуал сын көтермейді деп дабыл
қағып жатырмыз. Қалай үй болмақ жастарымыз? Үйі жоқ, күйі жоқ, біреудің
бүлдіршіндей қызын қолына қондырып, пәтерден пәтерге сүйреп жүре ме? Осы жайтқа
байланысты Әбікенұлының шығармашылығын зерттеп жүрген Әсия Бағдәулетқызы
мәселенің ауруы тым тереңде жатқанын айтады: «Пәтер іздеп жүр едік…» бір қарағанда,
көп қазақтың басындағы жағдай ғой. Таңғалатын, таңсық ештеңесі жоқ. Бірақ
Ерболаттың жазуында сіз тұрмысының қиюы қашқан қазақты ғана көрмейсіз. Сіз сол
тұрпайы тұрмыстың азаматтың азамат басын қалай итше тепкілеп, қорлайтынын
көресіз».
/
martebe.kz/
Теледидардан қарасаң, толып жатқан ипотекалық жеңілдетілген бағдарлама,
«Бақытты отбасы» дей ме, т.б. ал күнделікті өмірде өз үйім кең сарайдай боз үйім деп
майдайы тершіп, шай ішіп отырған бір қазақты көрмейсің. Сөзімнің соңында, Үкімет,
саған айтам, қолжетімді баспана деп ұсындыңыз ба, расымен де қолың жететін үй
болсын, әр қазақ жалғызым десең, далада қаңғырмасын, өз үйінде көктеп-көгерсін
десең, баспанамен жарылқа!
Достарыңызбен бөлісу: |