«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


 Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата30.05.2024
өлшемі336.49 Kb.
#502130
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Эссе жинағы

18. Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты
көзқарасың қандай?
Танымал жазушы Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған советтік
кезеңдегі құлдық сана, рухтың жанышталуы. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны
құбылыс дер едік.
«Советтік шындық» деген тіркеспен аталып, сырттай қарағанда бәрі жақсы, керемет,
бақытты жандар, өмірлерінде еш проблема жоқ. Бірақ іштей үңілсең, үрей қорқыныш, ату, асау,
айдау, соттау, жазалау. Міне осы тарихи кезеңді, босқа кеткен өмірді ақтаңдақ тұстар, яғни
«Өмірзая» деп атапты жазушы. 
Романның ой тұрғысын тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты,
тарихшы профессор. Көне түркі ескерткіштері мен Кұлтегін, Тоныкөк туралы зертеулер жазады.
Кенесарыны – қазақ халқының азаттық жолындағы бас кұрескері етіп таниды. Бұл жаңалықтар
ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп, идеялық қателік, ұлтшылдық адасу деп
жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға
ұшырап, мына қан құйылып, сал ауру болып қалады. Профессор Алдиярдың түбіне жеткен –
отарлық саясаттың ұраншылары ғана емес, қиын кезеңде бас сауғалап кеткен шәкірттерінің де
опасыздығы. 
Қай заманда да зұлымдық пен аярлық, адалдық пен жанкештілік дегендер қатар
жүретінін белгілі. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Бір
дөкейдің туысы, ғылымның иісі мұрнына бармайды, мансап десе, жанын береді. Ең ақырында,
Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған
әкесін өз қолымен жындыханаға әкеп тығып жібереді. Бұрын құдайдай табынып, сыртынан
жағынып, жер-көкке сыйғызбай мақтап отыратын «үлкен кісіні» енді жау ретінде әшкерелеп
сөйлеп береді. 
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, сонда заман сәл өзгерсе бұрынғы жаман,
қазіргі жақсы болып кете ме? Бұрын Кенесары, Наурызбай, Ахмет, Міржақыптарды атқа теріс
мінгізіп, атын атауға қорқатын едік, қазір, дәріптеп насихаттап жүрміз. Сол кездегі
батырларымыз мен ақындарымызды даттағандар қазір қалай жер басып, бір-бірінің бетіне
қарап, тыныш ұйықтап жүр екен?!
«Өмірзая» романында ажалға қарсы шапқан азамат – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы,
жасы отыз беске жеткен, қалыптасқан азамат. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын
әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары хан туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді
зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі асқар таудайсүйеніші Алдияр
ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді. Қалжуыр байланып, жұмыстан шығарылған.
Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Демек,
қуану керек. Аяған ең жоғарғы Советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз
жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген
сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр
аяғында азаптап өлтіріп тынады. Міне, отарлық кезең – зобалаң заман шындығы!
«Өмірзаяда» күрес жолындағы азаматтардың бәрі де шәйіт болады. Сұмпайылар мен
опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елдің әлдебір терең қойнауында жаңа
ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты
мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен
шыққан. «Өмірзая» романының қасиеті де осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет