Ресми стильдің лексикасы, грамматикасы, жанрлары, прагмастилистикалық аспектілеріне осы стильдің өзіне тән стилистикалық ерекшеліктеріне таладу жасаңыз
8. Ресмистильдің лексикасы, грамматикасы, жанрлары, прагмастилистикалық аспектілеріне осы стильдің өзіне тән стилистикалық ерекшеліктеріне таладу жасаңыз. Ресми стильдің құрамындағы лексика бейтарап сөздер мен кітаби сөздерден ғана тұрады. Ауызекі сөйлеу тілінде жұмсалып жүрген лексика-фразеологиялық единицалар ресми стильдің қарауына түскенде басқаша сипат алуы әбден мүмкін. Ол - сөз болып отырған стильдің жинақылығына, нақтылығына тікелей байланысты. Былайша айтқанда, ауызша сөйлеу дағдысында айтыла беретін толыл жатқан варваризмдер, диалектизмдер немесе жаргонизмдер ресми тілде солармен синонимдес сөздермен алмасулары қажеттік болып табылады. Мәселен, әлдебір мәселені талқылау барысында жиналыста сөйлеуші адам: “Арамызда бармацбасты, көз қысты жагдайлар мол орын алып бара ж атыр”"Талай қызметтестеріміз бір-бірімен тонның іиікі бауындайараласып кетті" "Опор шындықтың бетіне көздерін ашыпқарасын " ” Әйтпесе, талай жерде соққы алатындары даусыз”"Ал біз болсақ әрдайым олардыц арқасынан сипай бермеспіз”дегендей қызу қанды сөздерді айтуы мүмкін. Алайда жиналыстың хаттамасында дэл осылайша берілуі дұрыс болмас еді. Ондай жағдайда ресми стильдің езіндік ерекшелігі танылмайды, әншейін ауызекі сөйлеу стилінің қағазға түсірілген түрі болып қала береді. Сондықтан әлгі айтылғандарды шамамен, былайша әдеби нормаға түсіру керек болады: “Арамызда көз бояушылар молайып баражатыр. Ол қылықтарын талайлары білдіргісі келмейді. Оларэділдік барын түсінулері керек. Шындық жеңбей қоймайды. Ондайкеміиіліктерге ымырасыз болуымыз керек. ”Іс қағаздары стилінің сөздік құрамы мына сипатта болады:1/ арнаулы мағынаға ие жаппы эдеби сөздер:а) қимыл-эрекетке немесе жағдайьша байланысты адам қызметінің, міндетінің атаулары: ізденуиіі; салымшы; жұмысберуші; сатушы т.б.;э) құжаттардың атаулары: анықтама; сенімхат; хаттама;куәлік т.б.;б) міндетгі элементтердің, ресми адамдардың эр түрлі әрекеттерінің, қызмет бабының атаулары: күн тәртібі; шеиіім;сөйлеушілер; келісілген, бұйрьщқа жіберілсін т.б.;2/ кеңсе қағаздарына тән сөздер, іс қағаздарьшан басқа жерлерде қолданылмайтьш тілдік құралдар: төменде цолқоюшылар; жогарыда аталгандай; сенім білдіруші т.б.;3/ дипломатиялық қатынастардан басқа жерлерде аз қолданылатын немесе қолданылмайтын лексика:а) «халықаралық сылайылықты» білдіретін сөздер: корольмырза; премьер ханым; Ұлы мәртебелі т.б.;
ә) дипломатиялық қатынаста жұмсалатын штамп сөздер: ... хабар етуді өзіме цүрмет санаймын; Сіздің рұқсатыңызбент.б.',4/ қысқарған сөздер: Б ¥ ¥ (Біріккен ¥лттар ¥йымы); ТМД(тэуелсіз мемлекеттер достастығы); ҚР (Қазақстан Республикасы); РФ (Ресей Федерациясы); ҚР ІІМ (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі); акад. — академик; проф. — профессор; б. — бет;қ. — қараңыз т.б.;5/ кейбір эмоциональды сөздер көпшілікке немесе лауазымды адамдарға қарата сөйлегенде бейтараптық мағьша білдіреді: ханымдар мен мырзалар; цадірлі әріптестер; қымбатты дос т.б.
Ресми стиль негізінде жазба тіл арқылы жүзеге асатындықтан, оның экстралингвистикалық белгілері туралы сөз қозғаудьщ қажеттігі туа бермейді, негізгі эңгіме лингвистикалық ерекшеліктері туралы болу керек.Жалпы алғанда, ресми стильдің төмендегідей негізгі тідцік ерекшеліктері болады:- тілдік құралдарды қысқа қолдану;- материалдардьщ стандарт түрінде орналасуы;- терминдер мен номенклатуралық ұғымдардың мол жұмсалуы;- баяндаудьщ жүйелі сипаты;- сөйлемдегі сөздердің дағдылы орын тәртібі;- эмоциональдық-экспрессивтік мәні бар сөздердің мүмкіндігінше аз қолданылатындығы;- индивидуальдық стильдің әлсіздігі.Бұдан басқа да тарамдап айтуға болатын белгілері де кездеседі, бірақ осы аталғандардың бэрі топталып келгенде, ресми стильдің тілдік даралығьш құрайтыны сөзсіз. Жеке-дара алғанда, сөз болған белгілердің кейбіреулерінің өзге де функциональдық стильдерде ұшыраса беруі әбден мүмкін.