4. Ғылыми стиль, лексикасы, грамматикасы, жанрлары, прагмастилистикалық аспектілеріне осы стильдің өзіне тән стилистикалық ерекшеліктеріне таладу жасаңыз. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік тек сөз өзінің мағынасында ғана жұмсалады. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл – стилдің негізгі ерекшеліктері – мұнда ой күрделеніліп, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделеді. Сонымен бірге әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер болады. Сондай-ақ, ғылыми тілдің ең бір дамыған және еркін жанры – ғылыми мақала. Мақаланың еркіндік сипаты онда қамтылатын материал мазмұнының құрылымынан, тақырыпты таңдаудан көрінеді.
Ғылыми тілдің жанрлары басқа жанрлық құрылымдардан, мысалы, құжаттық жанр түрлерінен ерекшеленіп тұрады. Кұжаттарда әрбір сөз, сөйлем ешқандай ауыспалы мәнсіз тура мағынасында жұмсалатын болса, оларға қарағанда ғылыми тіл жанрлары босаңдау келетіні рас, соңғысы өзінің құрамына көптеген тілдік нұсқаларды (оппозициялық құрылымдарды, синонимияны т.б.) енгізуі мүмкін. Сонымен ғылыми тіл жанрларының да қолданылу дәстүріне сәйкес өзіндік талаптары болады.
5. Сөздердің ауыспалы мағынасы мен тура мағынасы қандай стильдерге тән екеніне сипаттама жасаңыз. Көркем әдебиет стилінің басты белгісі – тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрлері (экспрессиялы- эмоциялық бояуға бай тұрақты сөз тіркестері, фразеологизмдер, синонимдер, ауыспалы мағыналы, көп мағыналы сөздер, анто- нимдер, антитезалық құбылыстар, мақал-мәтел, қанатты сөздер, көріктеу тәсілдері) қолданылады. Деректер келтірелік: «Сондық- тан аталас ағайын іргелерін тым алшақ ұстамай, қанаттас, қатарлас қонғаны мақұл; Күнде көріп араласып жүрген соң, ағайын арасында ырың-жырың, дау-жанжал да болмай тұр майды»
6. Лексикалық нормалар, әр стильге тән қолданысына прагмастилистикалық талдау жасаңыз. Лексикалық норма – әдеби тілдің жалпыға ортақ сөз байлығының қалыптасқан тұлғада, жалпыға ортақ мағынада жұмсалуы. Нормаға түскен сөз сол қалпында қатып қалмай, әдеби тілдің талабына лайық, заңды өзгеріске ұшырап отыруы да мүмкін. Лексикалық нормаларды сақтау — сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңілкүйге әсер ететін шынайылығы, көркемдігі аса маңызды. Р.Сыздық «Лексикалық норманы сөз еткенде, әңгіме жеке сөздердің қолданысқа түскендегі дұрыс-бұрыстығы, оңды не сәтсіздігі туралы болмақ. Бұл – қиын шаруа, өйткені сөздердің барлығы бір қалыпқа түсіп, бір үлгімен жұмсалмайды. Қолданысқа келгенде, әр сөздің «бас бостандығы», әр сөздің «өз қылығы» болады» деп, тіл нормаларының ішінде лексикалық норманың атқаратын жүгінің ауырлығын атап өтеді. Лексикалық норманы сөз еткенде актив сөздік қор, пассив сөздік қор мәселелерін ұмытпау керек. Өйткені пассив қордағы сөздерді қолдану қазіргі тілдік нормаға қайшы келмегенімен ауызша сөйлеуші әдеби тілдің жалпыға түсінікті нұсқаларын қолданғаны абзал. Лексикалық нормалар адресантқа көбіне түсіндірме сөздіктер арқылы жеткізіледі. Түсіндірме сөздіктер бір жағынан оқырманның сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтауына мүмкіндік беретін анықтамалық құрал болса, екінші жағынан, ол тілдегі лексиканың нормативтік сипаттамасы бола алды. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі әдебиетте жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналды да, бірқатары қолданудан қалып қояды немесе өте сирек қолданылады. Сөйлеу тілінде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Сол сияқты сөздерді қолдану барысында да лексикалық нормалардың сақталғанын немесе сақталмағанын айыру оңай емес. Лексикалық норма сақталды ма, сақталмады ма дегенді субъективті көзқарас тұрғысынан болжамай, әдебиетте жалпы халыққа бірдей ортақ байлық ретінде жиі қолдана ма, жиі қолданылмай ма деген тұрғыдан болжау керек. Лексикалық нормалар мен сөйлеу тілі тығыз байланыста болғандықтан, сөйлеу тілінде олар қаншалықты ауытқып, құбылатындығын ескерген дұрыс. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерге диалектизмдер, ел аузында өзгеріске ұшыраған дөкір сөздер т.б. жатады. Кейбір сөздердің әдеби тілдегі орныққан мағынасы бірнешеу болса, қарапайым сөйлеу тілінде нормаға жатпайтын басқа да мағынада жұмсалуы ықтимал. Мысалы, «тіл» дегенді адамның, жан-жануардың дене мүшесі, адамның сөйлеу құралы деп түсінсек, сөйлеу тілінде оны «сөз» дегеннің де орнына қолданады. Қазақ тіліндегі көптеген сөздер әдеби тіл қатарына жатады. Әдеби тілге жататын бірліктерді пайдалану арқылы ғана әдеби норманы тұрақтандыруға болады.