«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Көркем әдебиет стилі мен сөз образы категориясы арқылы салыстырып талдау жасаңыз



бет26/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

11. Көркем әдебиет стилі мен сөз образы категориясы арқылы салыстырып талдау жасаңыз.
Жіберген жоқ.
12. Қазақ ұлттық әдеби тілі және функционалды стильдер , олардың бүгінгі жай –күйі стиль түрлерінің ұлттық әдеби тілге ықпалы туралы талдау жасаңыз.
Стилистиканың міндетін жалпы халықтық тіл мен әдеби тілден бөліп қарауға болмайды. Жалпы халықтық тіл негізгі қатынас құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Осы негізгі қатынас құралы жалпы халықтық тілді белгілі бір жүйелілікке, нормаға салатын әдеби тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлерінің негізінде қалыптасады. Сондай-ақ жалпы халықтық тілдің ауызша жіне жазбаша формалары стильдердің да қалыптасуына негіз болады.
Қазақ әдеби тілі — қазақ ұлтының қоғамдық емірінің сан-саласында көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Бастапқы кезде зерттеушілер әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде түсініп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп ұққан. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке әдетте жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер негіз болды. Зерттеушілердің кейбіреулері тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ болу қасиетінен іздеді. Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгілері мыналар:

  1. әдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы;

  2. сол нормалардың жұртшылықтың бәріне міндеттілігі және ұзақ уақыт сақталуы;

  3. функциональдық-стильдік салаларының болуы;

  4. қоғамдық қызметтің әр алуандығы.

Қазақ тілі стилистикасы теориялық əрі тəжірибелік пəн ретінде қазақ тіл ғылымынан көрнекті орын алады. Бұл пəннің мəселелері біршама зерттелгенімен, қазіргі уақытта оның түбегейлі шешімін таппаған мəселелері өте көп. Стилистиканың негізгі зерттеу бағыттары, ұғымдары мен категориялары, функционалды стильдер, тіл ресурстарының стилистикасы, т.б. мəселелері бүгінгі таңда өзінің жаңаша зерттеу нысанын талап етуі заңды құбылыс.
Жалпы тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырады: – ауызекі сөйлеу стилі; – ғылыми стиль; – ресми стиль; – публицистикалық стиль; – көркем əдебиет стилі. Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық əрі тəжірибелік мəні артып, функционалды стильдердің қоғамдық қызметі жанданды, сондықтан тілдің стильдік табиғатын жан-жақты тану тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стильдің басты қасиеттерін былайша саралауға болады: – əдеби тілдің бір түрі, демек, сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар; – стиль – тарихи категория; – стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады; – тілдік құралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған «белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық тəсілдердің қолдану принциптері» деген анықтамалар мақсаты кеңейгенін анықтайды. Қазіргі стиль мəселесіне терең үңіліп, əртүрлі қасиетін танудан туған анықтама деп айтуға болады. Біріншіден, стиль – тарихи категория. Тарихы көне дəуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп, мемлекеттік мəртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің əр дəуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дəлелдейді. Екіншіден, стиль əдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ əдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Қазақ тіл ғылымында қазірге дейін əдеби тілге толық анықтама бекімей келеді. Қазақ тілі стилистикасының авторы М. Балақаевтың «əдеби тіл – жазба тіл», Ғ. Мүсіреповтің «əдеби тіл жазуға сүйенеді, жазу стилінсіз əдеби тіл жоқ» деген сөздері қазақ əдеби тіл тарихы туралы пікірлер тоғысында кездесіп отырады. Стиль жазба əдеби тілдің толыққанды орнығу үдерісінде бірге жасасып, өзінің ғылыми мəніне толық ие бола алады. Əдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе, ол стилистиканың негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша жəне жазбаша əдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нəтижесінде стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық, ғылыми стильдердің де, көркем əдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетеді. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да тəуелді екендігіне байланыстылығына əкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистикалық ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлардың да қажетті екендігімен əлеумет назарына ілікті. Ол – кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға қызмет ету құзыреті, т.б. Мысалы, тоқырау жылдарында қазақ əдеби тілінің өркендеуіне (ХХ ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықпал етті. Екіншіден, ол ортаға қоғамдық сананың толық орнығуына əсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы əдеби тілдің қатарынан орын алып, халықтың қолданысына ие болатын сөздер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік құралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Мəселен, белгілі ғалым Р. Сыздық «Тілдік норманы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің өз ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық «ауыспалы тіркестер» жүріп жатады», – дейді. Мысалы, публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем əдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі. Стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тəн лингвистикалық белгілерін толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет