Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



бет25/32
Дата19.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#147920
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

13

Бастауыш сыныптардағы грамматиканы оқыту жөнінде пікір таластар нэтижесінде қазіргі кезде грамматика емлеге, фонетикаға қатысты болып оқытылып келе жатыр. Бүл балардың сөздік өорын молайтпай, қайт тек белгілі бір аз мөшердігі сөздерді жаттатып, жаттықтыруға экелді. Осындай пікірді Г.И.Белоусова "Вопросы развитя речи в методических книгах 20-х годлв", - деген кандидаттық дисерттациясында атап өтеді.

"В последующие десятилия, особенно в конце 40-х начале 50-х годов, наптроив, на урогах русского языка на столько сильно увеклисьграмматикой, что забывали осамом языке, боготмо, живом и ранообразном. Грамматические правила превращались в самоцель и не имели никакого практического приложение к навыкам а устной и письменной речи. Такая практика работы по языку не могла способствовать развитию речи учащихся, и речывая культура родолжала оставаться бедной".

Қазақ тілін оқыту эдістемесінде (бастауыш мектепте оқыту) грамматиканы оқыту жөнінде зерттеу ісіне А.Байтүрсынов, С.Жиенбаев, С.Х.Сарыбаев, Х.Бозжанаова, Ә.Сэдуақасова, Г.Уайсова, Ы.Маманов, Р.Әміров, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов т.б. үлес қосқан жэне қосуда.

А.Байтұрсыновтың "Тіл қүрал" (1914), "Тіл - құрал" (1925), "Тіл -құрал" (1915), "Тіл - қүрал" (1925), "Методика мэселелері" (1922),"Оқу құралдары" (1912), "Әліп-би" (1928), "Сауат ашқыш" (1926). т.б. қазақ тілінің эдістемесіне арналған еңбектері мен мақалаларының қазіргі кезеңге дейін өз қү_нын жоймағандығын айта аламыз.

А.Байтүрсыновтың оқулықтарында грамматикаын оқыту мэселесі туралы айтылған пікірлері кездеседі. Ол: "қазақ тілінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: 1. Сөздің түлғасын өзгертсе де ішкі мағынасын өзгертпейді. 2. Сөздің түлғысын да мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастан тысқары (яғни жалғау — Е.М.), соңғысы ішкері жалғау (жұрнақ Е.М.), деп аталады. "Қүлақ" деген сөзге (тың) деген жалғау қоссақ, қүлақтың болады. Түлғасы өзгерілді мағынасы өзгершген жоқ. "Қүлақтың" деген де бастын мүшесінің атын көрсетеді. Егер "Қүлақ деген сөзге" "шын " деген жалғау (жүрнақ Е.М) қоссақ "Құлақшын" болады. Мүнда тұлғасы да мағынасы да өзгерілді. " Қүлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "Қүлақшын " болған соң басқан киетін киімнің атын көрсетіп түр", - деп түбір мен қосымшаларды оқыту жайында сөз етеді.

А.Байтүрсынов сөз таптарын үлкен екі топқа бөледі: 1-атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік), 2-шылау сөздер (үстеу, демеу, жалғаулық, одағай). 1925 жылы шыққан "Тіл - қүрал ' еңбегінде гармматиканы сөз тұлғасына қарай 5-ке бөледі:

а) Түбір сөз

э) Туынды сөз (туғын сөз)

14

б) Қос сөз- \

в) Қосалқы сөз

г) Қосымшалар

Сөз мағынасына қара тоғыз топқа бөледі.


  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Етістік

Есімдеуіш атау сөздер


  1. Үстеу (үстеуіш)

  2. Демеу (демеуіш)

  3. Жалғау (жалғауыш)

  4. Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)

Шылау сөздер

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1946), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1957), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1939), тағы басқа секілді қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан еңбектері мен мақалалары бар.

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1949) жылы шыққан атты еңбегін үлкен-үлкен екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауы - "Грамматика оқыту методикасы" деп аталса, екіншісі - "Кітап оқыту методикасы" - деп аталады. С.Жиенбаев сөздің мағынасын жеке түлғада емес, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда ғана өз мағынасын береді, - деген пікір айтады. "Сөздің мағынасын сөйлем ішінде түрғанда ғана байқалады. Жеке түрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем ішінде басқа мағына беретін тілде көп ұшырасады", - дейді.

Ғ.Бегалиев "Әріп, дыбыс, буын" (1935), "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мэселелері" (1950) т.б. еңбектері арқылы қазақ тілін оқыту эдістемесіне өзіндік үлес қосқан бірегей ғалым.

Ғ.Бегалиев "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мэселелері" (1950) атты еңбегінде грамматиканы оқытуға ерекше тоқатлған. Кітап алты тараудан түрады:


  1. Оқу-жазуға үйрету методтары;

  2. Жазуға жэне көркем жазуға үйрету;

3. Оқу сабағына қойылатын міндеттер мен оқыту методтары
туралы;

  1. Грамматика мен емле программасы материалының мазмүны;

  2. Дүрыс жазуға үйрету;

  3. Тіл дамыту.

15

Ғ.Бегалиев "Оқушы қаншалықты пысық тиянақты болмасын - өз ойындағысын ауызша айтып беретіндігідей етіп жазбаша білдіре алмайды, ауызша тиянақты түрде мазмұндай алғанын жазуға келгенде, ауыз екі айтқандағысыдай еркін мазмүндай! алмайды", - деп түбір сөзге жалғанып оған қосымша мән беретін жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жүрнақтарды білдіретін 2-3 сөз келтіру керек", - дейді.

Х.Арғынов - бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мэселесіне өзіндік қүнды үлес қосқан ғалым. Оның "2-класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1970), "Қазақ тілі методикасы" (1974), "Қазақ тілінен 2-классқа арналған дидактикалық материалдар" (1980) т.б. еңбектері бар.

Х.Арғынов, бастауыш сынып оқушылары грамматикасыз ешқандай білімді игере алмайды, тілдің басқа салаларын түсіне алмайды,- дейді. Бастауыш класс оқушылары, оның ішінде 3-ші класс оқушылары, сөздің түбіріне саналы түсінбесе, сөз құрамының басқа салаларын да меңгере алмайды".

Ш.Сарыбаев - қазақ тілінің методикасын қалаған ғалымдардың бірі.

Ш.Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мэселелері" (1959), атты еңбегінде "Бір тақырыпты не бір тақырыпшаны оқыту үшін сол пэннің өзін жақсы білу керек. Оқытантын пэнді көңілдегідей білмей түрып, оны оқытудың методикасына жармасу бос еңбек" - мүғалімнің білімді болуы, көп ізденуі қажет екендегі атап көрсетті.

Аталған еңбегіндле ғалым зат есім, сын есмі, сан есім, үстеу етістік, шылау секілді сөз таптапына тоқталып, өзінің оқыту эдістемесін үсынады.

И.Қ.¥йықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" (1962) атты еңбегінде сөз таптарын оқытудыңқажеттілігіне баса назар аударады. Балалардың сөз байлығын молайтуға, тілін жаттықтыруға грамматиканың • орыны ерекше екендігін көрсетеді. "балалардың сөз байлығын көбейтіп тілін жаттықтыру үшін бірнеше сөз беріп, олардан жүрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөз жасатып, сол сөздердің кейбіреулерін келтіре, сөйлемдер қүрату керек, сонда оқушылар жүрнақ пен жалғаудың мэнін іс жүзінде анық байқайды."

у - сызу ушы - сызушы сыз ^^^^ - сызылу сызықша сызғыш

М.Балақаев — қазақ тілі білімінде алатын орын ерекше ғалым. М.Балақаевтың қазақ тілін оқыту мэселесені арналған "Бастауыш

16

мектептің екінші сыныбына арналған "Қазақ тілі" байқау оқулығына методикалық нұсқау", "Тіл эдебиеті жэне қазақ тілін оқыту" т.б. М.Балақаев грамматикалық жаттығуларды іріктеуде мынадай талаптар қояды.



  1. Біріншіден, жаттығу материалдары мазмүнды болуға тиіс.
    Материалдағы жеке дыбыстар, эріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз
    тіркесі, сөйлем ішінде алынып талданыладьі.

  2. Екіншіден, эрбэр мысал, эңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль)
    жағынан мүлтіксіз эдеби норманы ұстануы тиіс. Ол үшін оқушылар
    дұрыс қүралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, эдеби тілдің
    жақсы үлгілері бойывнша эдеби тілге тэн басқа да мысалдар бойынша
    тәрбиеленеді.

  3. Үшіншіден, алынған жаттығу тағы да басқа матераилдар
    құрамынан, керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар,
    сөйлемдер жиі кездесетін болсын

М.Балақаев гармматикалық жаттығулар, бытыраңқы, шашыраңқы болады дей келе "оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты сөдер тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жүмыстары жүргізілуі тиіс" - деп грамматиканы оқыту арқылы "баянды білімнің белсенді "ойшылы" етіп тэрбиелейтіндігін атап көрсетеді".

Бүлардан бөлек бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мэселесіне арналған: Х.Арғынов пен Ғ. Сүлейменов "2 - сыныпта каритна бойынша тіл дамытуға арналған көрнекті қүралдарға қосымша ңұсқау" (1965), Х.Арғынов "қазақ тілі программасы мен оқулығын жетілдіру жайында" (1965), Х.Арғынов "Қазақ тілінен 3 - сыныпқа раналған табилицаларға нұсқау" (1967), Ш.Сарыбаев "Қазақ тілі методикасының кейбір мэселелері" (1959), Р.Әміров "1 класта қазақ тілін оқыту" (1962), Р.Әміров, А.Асқарова "2-3 класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1983), Ш.Сарыбаев "3 класта "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқаулар" (1955), Р.Әміров "1 класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жүмыстар" (1957), Ә.Садуақасов "Қазақ тілінен методикалық құрал" (1964), Бозжанова К, Әміро Р "бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту" (1964), С.Рахметова "Қазақ тілін оқыту методикасы" (1992), М.Балақаев "Бастауыш мектептік 2 класына арналған "Қазақ тілі" методикалық нүсқау" (1969), Байқуатова "Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту (1997), "Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы" тағы басқа еңбектер жарық көрді.

Мүның барлығы бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мэселесіне үлес қосқан еңбектер.

17

W. .

меңгерудің психологиялық кезеңдері

Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі эдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Әсіресе, оқушылардың грамматикалық үғымдарды меңгеруі, көбінесе, төмендегідей тізбектен өтетіні анықталған нэрсе:



Грамматика-лык ү-ғымдар-дың жеке белгілерін

байқау


Ол белгі -лердің көп сөздерге ортақ екенін аңғарып, жинақтау

Грамматик -алық үғым туралы мағлүматты қабылдау

Бүл мағлүмат
ты жеке

белгілерді ажыратқанда пайдалану





Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бүдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық үғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату жэне бір-бірімен салықтыру арықлы эліг белігелерді жинақтауға үмтылады. Ал грамматикалық үғымды тиісті дэрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлүматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бүл кластарда грамматикалық үғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық үғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін қүолданудағы үқсас белгелірін дерексіз түрде тануды үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау операцияларын меңегреді. Мысалы, бастауыш класс оқушылары қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен II кластағы «Сөз» тарауынна бастап таныса бастайды. Ең алғашқы тақырып - «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер». Бүл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық мағыналарын

18


түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тануы қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақта нақтылы заттар туралы эңгіме (сүрақ-жауап) эдісімен бастайды.

  • Балалар мынау не?

  • Өшіргіш.

Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын ала дайындап экелген жазуды көрсетеді.

- Ал, мынау не?

Балалар бу_л сұраққа тағы да «өшіргіш» немесе «өшіргіштің жазуы» деп жауап беруі мүмкін. Мүғалім олардың жауаптырың түзетеді:


  • Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.

  • Мынау не?

  • Кітап.

  • Ал, мынау не?

  • Кітаптын атын білдіретін сөз.

  • Бү_л сөзге қандай сұрақ қоямыз?

  • He? деген сұрақ қоямыз.

Осылайша мүғалім кім? не? деген сұраққа дауап беретін сөздер тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде тануға үйретеді.

Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген үғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бүл кезеңде ойлау процесінің салыстыру жэне жинақтау сияқты операцйяларын меңгереді. Мысалы. 2- кластағы «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында оқушыларға бірте - бірте адамға қатыста атауларға кім? не? деген сүрақ, жансыз заттар мен құбылыстардың, жан-жануар мен аңдардың атауларына не? деген сүрақ қойылатыны ұғындылады. Содан кейін бү атауларды көпше түрінде кімдер? нелер? деген сүрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөздерге жалғаулар (жіктік, септік, тэуелдік) жалғауы ретінде танылады, т.б.

Бү_л түста аталған тақырыпты меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге тиіс: 2-класта оқушылар «Кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөздерді» 10 сағат оқиды. Берілуге тиіс мағлүматтар мен дағдылардың көлемі де біршама. Сондықтан мүғалім мағлүматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық үғымның эр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған- материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет.

Үшінші кезең - грамматикалық үғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мэні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. «Кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөздер»



19

тақырыбын оқыту барысында «адамға қатысты сөздерге кім? не? сүрақтары қойылады.» деген анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бүл сүрақ кісі аттарына қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген үғымды кеңейтіп түсіндіру қажет: кісі аты жөнінде, мамандықты немесе кәсіпті білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге, адамға қатысты басқа да атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың таным мен сөздік қорын дамытады, эрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық үғымды жақсы меңгеруге эсер тигізеді.

Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық үғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығуларорындау арқылы іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық үғымдар арасындағы байланысты меңгерту.

Бүл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық үғымды пысықтау жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі тақырыптарды өту кезінде орындалады. Мысалға, «Кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында түсіндірілген грамматикалық үғымдар эр түрлі жаттығулар орындату арқылы пысықталады. Оқушылар сөздерге кім? не? нелер? кімдер? деген сүрақтарды қойып үйренеді. Ал жинақтау мен қайталау сабақтары барысында берілген сөздерді қай сұраққа жауап беретініне байланысты топтап, немесе берілген сүрақтарға сай сөз ойлап жаттығады. Жалғауларды дүрыс, қатесіз қосып жазуға дағдыланады. Сөйлем ішінен атауды білдіретінсөздерді табады. Кейін «He істеді? неғылды? қайтті? сүрақтарына жауап беретін сөздер» немесе «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқушылар атау сөздер мен қимылды білдіретін сөздерді тіркестіріп, сөйлемді дүрыс қүрауды, сөйтіп, өз ойларын дүрыс айтуды салалы түрде меңгере бастайды. \

Белгілі бір грамматикалық үғымды оқытудың өз кезеңдері әр класта қайталанып отырады. Себебі бастауыш класта оқытылатын грамматикалық үғымдар кластан класқа өткен сайын бірте - бірте күрделендіріліп, сабақтастыра берілген.

Тілдің ойлау және қарым - қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егенр ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеніінің бэрі босқа қалар еді. Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дүрыс байланыстырып, сөйлем ішінде эрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:



  1. сөз қүрамы;

  2. сөздердің жасалу жолдары;

20

  1. жалғаулардың жалғаны тэртібі;

  2. сөз таптары жэне олардың қызметі;

  1. эрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену жэне өзгеруі,
    т.б.

Оқушылардың қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі кластарда (6-7 кластар) тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бү_л жүйеден қарапайым мағлүматты жоқ бала басьтауыш кластарда меңгеруге тиіс сөйлеу мен жазу дағдыларын мүлде игере алмас еді. Сөзге қосылатын тиісті қосымшаны дү_рыс қоса алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ?! Немесе заттың атын бідіретін сөз бен сол заттың сынын, қимылын білдіретін сөздердің бір-бірімен байланысу тэртібінен хабарсыз бала қалайша дүрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында тежелу болатыны психолог ғалымдар айтып, жазып жүргені де белгілі. Демек, бастауыш кластарда тілдік морфологиялық жүйесінен мағлүмат беру ісі тек жеке пэндік түрғыдан ғана маңызы емес, бүл — осы кластардағы оқыту процесін-ің табысты болуының кепілі. Сондықтан «бастауыш кластарда оқушының ана тілінің морфологиялық жүйесін міндетті түрде оқыту керек пе?» деген сүрақтың жауабы біреу ғана: - «Иэ, міндетті түрде оқыту қажет. Бірақ қай кластан бастап жэне қандай дэрежеде мағлүмат беру керек? Міне, бү_л күрделі мэселе...»

Бастауыш кластарда берілетін морфологиялық білім мазмүнын дэл анықтаудың күрделілігі мынада:



  • егер оқушының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін
    ескермей, берілетін теориялық үғымдардың көлемін көбейтіп
    жіберсек, оқытудың ісін ауырлатып алар едік. Әрі бүл таза
    теориялық мағлүматтарды меңгертуге айналып, басты мақат
    балалардың дүрыс сөйлеу жэне жазу дағдысын қалыптастыру
    мақсаты кейінге ығыстырылар еді.

  • керісінще, оқушылардың іс жүзілік дағдысын қалыптастыруға
    көп көңіл бөліп, берілетін теориялық білімнің көлемін
    ықшамдайға тырыссақ, онда балалардың сөйлеу жэне жазу
    дағдысының дамуына нүқсан келер еді. Себебі тілдегі
    заңдылықтарды меңгермей тұрып, дүрыс сөйлей немесе жаза
    білу мүмкін емес.

Демек, бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесінен берілетін теориялық мағлүматтар мен іс жүзілік дағдыларын үйлесімді дэл табу қажет. Әрі бүл үйлесімнің эр кластағы морфологиялық ұғымдардан кейін оқылған «Сөйлем» тарауындағы тақырыптарға да сай келіп отыруы талап етілуге тиіс.

21

III. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту және оны басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту маңызы .

Бастауыш мектепте негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, шылау оқытылады. Оқушылар сөз таптары олардың лексикалық мағыналары мен сұрақтары жэне грамматикалық тұлғалары (жалғау - жүрнақтары) арқылы танитын болады. Сөз таптарын танытуға даярлық І-сыныптан басталады. Бүл сыныпта кім? не? кімдер? нелер? не істеді? не қылды? қайтты? қандай? қай? қанша? неше? нешінші? т.б. сүрақтарға жауап беретін сөздермен танысады.

Мүндай сүрақтарға жауап беретін сөздер заттын атын, қимылы, сынын, санын білдіретінін меңгереді. Сөз таптары, негізінен алғанда күрделірек көлемде 3-4 сыныптарда оқытылады. 3 сыныпта «Сөз таптары» деген тақырыпта өтіледі. Аталған сыныптарда сөз таптарынан берелітен мағлүматтар жеңілден ауырға қарай сатылап, бірін-бірі толықтыра береді. 3 сыныпта зат есім (жалқы есім мен жалпы есім, негізгі және туынды зат есімдер, зат есімнің жекеше жэне көпше түрлері, зат есімнің тэуелденген түрі) сын есім (негізгі жэне туынды сын есімдер), сан есім (есептік пен реттік сан есімдер), етістік (негізгі жэне туынды етістіктер, болымсыз етістіктер) өтіледі. Оқушылар сөздердің бас эріппен не кіші эріппен жазылуын жете меңгереді, жұрнақ, жалғану арқылы жаңа сөз жасалуын, жалғаулар арқылы сөздердің түрленуін жэне өзара бір-бірімен байланысатын біледі, аталған білім негіздері ауызша және жазбаша тіл үзартуға пайдаланатын болады. Бүларға қоса оқушылар сөз формалары, олардың өзгеру, түрлену жолдары жөніндегі білімдерін ІІ-ІІІ сыныптарда сөз таптарын оқумен байланысты тереңдете түседі. Мысалы: II сыныпта зат есімді өтуге орай көпше зат есім жасайтын көптік жалғауларды үйренсе, сын есімді оқығанда зат есім мен етістік туынды сен есім жасайтын жүрнақтармен толысады, ал сан есімді өткенде реттік сан есім жасайтын жүрнақтарды меңгереді. Үшінші сыныпта сан есумді өткенде оқушылардың сөз қүрамы, сөз бөлшектері (морфеемалары) жөніндегі білімдері элдеқайда үлғаяды. Олар тэуелдік, септік, жіктік жалғауларымен сондай-ақ эр сөз табынан туынды сөз тудыратын сөздерді байланыстыру сөйлем мүшесін жасау жолындағы эр алуан синтаксистік қызметінен аздап болса да, ғылыми мағлүмат алады. Бастауыш сыныптарда сөз таптарынан біршама білім беріледі. Балалар сөз таптарын төмендегі 5 түрлі белгісі бойынша таниды:

Сөздің мэнін, заттың аты, сыны, қимылы туралы жэне

басқа да мағыналарын үғынады.

Сөздің қандай сүраққа жауап беретінін айырады

Сөздің қалайша өзгеретінін, қандай-қандай категориясы

бар екенін таниды.

22

Сөздің өзіне тэн қандай жалғаулары болатынын, олардың көбіне - көп қалай жасалатынын үғынады.

Сынып жоғарлаған сайын сөз таптарын оқыту тереңдей түседі. Бірінші сынып оқушылары сөз таптарынсұраққа сүйеніп, сүрақ қоя жолымен таныса, екінші сыныпта оқушы эр сөз табының өзіне тэн лексикалық, грамматикалық жжалпы белгілерімен танысады, яғни сөздер белгілерін, сөйлемдегі қызметін біршама меңгереді. Үшінші сыныпта эр сөз табынің морфологиялық-синтаксистік сипатын түсінеді, демек зат есім немесе сын есімнің септелетіні, етістіктің жақпен өзгеретіні т.б. туралы ұғым алады. Сөздердің дұрыс жазу дағдысына төселеді. Бастауыш сыныптарда сөз таптары бірізділікпен оқытылып үйретіледі, оның өзі тіл кұбылыстарының қандай да болса, өзара үқсастық байланыстыра қарай қарастырылады. Сөз таптарының ішінде есімдер тобына жататын түрлерінің арасындағы үқсастықтар олардың мағыналары мен формалдық белгілерінен танылды. Мысалы: зат есім болса белгілі бір заттың, нэрсенің атауын білдіреді де, сын есім мен сан есім сол заттың өзіне тэн айырым белгілерін жэне сан мөлшерін көрсету үшін зат есімге байланысты пайда болып, қолданылады.

Сөз таптарын бір-біренен ажырату олардың айырмашылық белгілерін салыстыру тэсілі арқылы танытылады. Сонда етістік те зат еісмге байланысты қолданылғанымен, ол заттық белгілері емес, заттардың қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы екендігі танытылды. Соған орай етісітіктің өзіне меншікті морфологиялық белгісі жіктік жалғауы екендігі оның жақпен жіктеліп өзгеретіндігі түсіндіріледі. Мектеп бағдарламасы етістіктің болымды - болымсыз түрі жөнінде ұғымдар беруды енді-енлі ғана қолға алды. Алайда балалар ауызша, жазбаша сөйлеу қызметтерінде күнделікті өмірде болымсыз етістікті үнемі қолданып отырады. Сол себепті етістіктің болымды - болымсыз түрі туралы мэліметтер беру аса маңызды. Бастауыш мектепте оқытылатын қазақ тілі бағдарламасында сөз таптары мен дүрыс жазу таруы - ең күрделі бөлім, сондықтан оғын көп сағат берілген. Өйткені сөздердің эр алуан формалық қүбылысы сөз таптарын оқып үйренуге байланысты айқын таныла түседі.

Кім? кімдер? не? нелер? Сүраққа жауап беретін сөздерді оқыту.

1 - сыныпта берілген бастапқьі мағұламатты пысықтап,


толықтырамыз, оқушылардың сөздік қорына "сөз таптары" деген жаңа
термин енгізіледі.

2 — сыныпта зат есімге қатысты алғашқы сабақ заттын атын


білдіретін сөздерді түсіндіруден басталады. Аталған заттар балаларға
бұрыннан таныс, эрі нақты болу керек.

Мүғалім: - балалар айналаға қараңдаршы, сыныптағы сөздеріңді көріп отырған заттарының эр қайсысының өз аты бар. Соларды атаңдаршы, - дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет