Қазақ тілін оқыту әдістері



бет4/14
Дата21.09.2023
өлшемі2.73 Mb.
#478181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1Әдистер дәстүрлі-ЖАҢА 52 -слайд

ІІІ. Практикалық әдіс:
жаттығу;
тәжірибе жасау;
экскурсия;
  • апроксимация;
  • грамматикалық ойын, т.б.

ҮІ. Кітаппен жұмыс жасау әдісі:

Ауызша хабарлау немесе сөз әдісі


Материалды мұғалімнің ауызша хабарлау әдісінің бірі – түсіндіру. Түсіндіру әдісі – мұғалімнің оқушыға тиянақты түрде даярлаған баяндамасы.
Қазақ тілі сабақтарында лексикалық, грамматикалық материалды оқытуға байланысты қолданатын Т.Ә. өзінің нақтылығымен, қысқалығымен, түсініктілігімен, практикалық мақсатымен ерекшеленеді. Түсіндіру әдісін қолданғанда, мұғалім бірсыдырғы педагогикалық талаптардың орындалуын қамтамассыз етуі керек.
Олар: түсіндірілетін материалдың ғылымда әбден орныққан, қалыптасқан, даусыз болуы,
теориялық қателердің болмауы,
мысалдармен дәлелдеудің жеткілікті болуы,
теориялық қателердің болмауы,
алдын ала жоспар құрылып, мақсатқа жету міндеттердің айқындылығы,
оқу материалының сөйлеуге, оқушылардың танымдық қажеттігіне қарай өзекті элементтердің қамтылуы,
оқушы ұғымына жеңілдік жасайтын көрнекіліктердің болуы.
Ауызша баяндау әдісінің келесі түрі - әңгіме. Бұл - әдіс, негізінен, сұрақ-жауапқа құрылады. Әңгіме әдісі жаңа білімді хабарлау, алған ілімді бекіту білімді тексеру сияқты сабақтың барлық буындарында қолданылады. Жаңа білімді хабарлау кезіндегі әңгіме әдісі оқушылардың алдын алған біліміне сүйенуге болатын жағдайда ғана қолданылады. Әңгіме арқылы материалды игертудің 2 логикалық жолы бар: тіл фактілерін талдау арқылы ереже анықтамаларды баяндау және ереже, анықтамалардан тіл фактілерін талдауға көшу. Бұл оқушының жас ерекшелігі мен ойлау дәрежесіне, білім деңгейіне қарай таңдалып жүргізіліп отырады. Дегенмен, жаңа тілдік материалды түсіндіру әдісінің индуктивті жолмен орындалуы басым болғанда, тиімдірек екені тәжірибеде анықталады.
Әңгіме сыртқы түрі жағынан жеңіл көрінгенмен, ішкі мазмұны күрделі оқытудың әдісі. Бұған мұғалімнің мұқият даярлығы, материал мазмұнының оқушы ұғымы үшін лайықтылығы, қызықтылығы ескерілуі керек. Осы орайда теориялық материалды практикалық мақсатта түсіндіруде іріктелетін материалдың, сөйлесулердің, мәтіндердің оқушы танымын арттыратындай, ойына түрткі салатындай, сезіміне әсер ететіндей мазмұнда болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет