Қазақ тілін оқыту әдістері


Грамматикалық ойындар әдісі



бет7/14
Дата21.09.2023
өлшемі2.73 Mb.
#478181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
1Әдистер дәстүрлі-ЖАҢА 52 -слайд

Сөзжасамдық, стилистикалық т.б. талдаулар бар.

Грамматикалық ойындар әдісі


Жүргізілетін ойын алдын ала белгілі мақсатқа құрылуы қажет. Балаларға мазмұны түсінікті, оның жас, білім деңгейіне сәйкес құрылуы керек. Алдын ала мақсат көзделіп, дұрыс ұйымдастырылған ойын баланы сөйлеуге жетелейді. Себебі дидактикалық ойындарды ойнау арқылы оның тілді игеруге деген ішкі жандүниелік қажеттілігі туындайды.
Ойнау арқылы оған толық беріледі, толқиды, қуанады, ренжиді, жауапкершілікті сезінеді, ұжымға бағынады. Әдетте, жиі кездесетін қорқу, үрку секілді немесе тілдік, психологиялық кедергілер ойын барысында ұмытылады. Мұның өзі тілді меңгеруде үлкен жетістік, жеңіс болып есептеледі. Сонымен, дидактикалық ойын оқушыны жинақтылыққа үйретеді, мінез-құлқын қалыптастыруға көмектеседі, қиындықты жеңуге деген баланың ерік күш- жігерін арттырады, жолдастық, достық сезімін күшейтеді. Ойын барысында оқушы селқос, немқұрайды болмайды, себебі оның ойлау қабілеті белсенді жұмыс атқарады.
Дидактикалық ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Ойын оқушылардың сөйлеу әрекетін белсендіреді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің психологиялық, дидактикалық талаптарын мұғалім естен шығармауы керек. Осы тұрғыда ойынның оқушылардың жас ерекшелігі мен шама лайықтығына сай болуы, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс.

Интербелсенді немесе инновациялық оқыту әдістерінің негізгі қағидасы:

«Айтып берсең – ұмытып қаламын,

Көрсетсең – есте сақтаймын,

Өзіме жасатсаң – үйренемін!»

(Конфуций)

Оқу пирамидасы


Оқушының іздену-зерттеушілік, өзбетіндік шығармашылық, теориялық сыни ойлау қабілетін арттыруға негіз болатын ерекше ынта-ықылас, серпінмен, қызығушылықпен, жасампаздықпен, құлшыныспен, жігермен орындалатын, негізінен, жұптың, топтың, ұжымның бірлескен мақсатты оқу әрекетін тудыратын әдістер жиынтығы интербелсенді әдістер деп аталады.
Белсенді әдістер білімді меңгеруде ақыл-ой операцияларының (салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, т.б.) жылдам, шапшаң, ерекше екпінмен, қызығушылық пен ширақтылықпен, ынта-жігермен нәтижелі ұйымдастырылуымен сипатталады. Белсенділік – ақыл-ойға интелектуалдық күш салу, ынта-жігер, сергектік, ширақтық, ұшқырлық, ой шапшаңдығы, тұлғаның ойлау дербестігі, әрекет қарқындылығы, оқу үдерісі компоненттерінің үйлесімділігі, икемділігі, ең бастысы, тұлғалардың бірлескен ішкі уәж негізіндегі нәтижелі әрекеті.
Оқытудың белсенді әдістерінің мақсаты – адамның технологиялық әрекеті негізінде адам факторының алға шығуына байланысты оқуда танымдық уәжді, қызығушылықты, серпінділікті, қарқындылықты қамтамасыз ету, оқыту үдерісін тұлғаның белсенді, шығармашылық, өзіндік оқу әрекетіне құру, кері байланыстың үздіксіз жүруі, сондай-ақ оқу нәтижелеріне жету, оқыту үдерісінің негізгі құрылымдық компоненттерінің өзара тығыз байланыста жүзеге асуы, оқушының оқу әрекетінің субъектісі болуы, оқушы мен мұғалімнің арасындағы педагогикалық ынтымақтастығы, өзіндік, өзара бақылау, бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет