Қазақ тілін оқыту әдістері


Кітаппен жұмыс әдісінің жүзеге асу тәсілдері



бет6/14
Дата21.09.2023
өлшемі2.73 Mb.
#478181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1Әдистер дәстүрлі-ЖАҢА 52 -слайд

Кітаппен жұмыс әдісінің жүзеге асу тәсілдері:
    • конспект жасау - оқыған материалының қысқа мазмұнын жазу;
    • мәтіннің жоспарын жасау - бөліктерге бөліп, оларға тақырып қойып, күрделі және жай жоспар жасалады;
    • тезис жасау - оқыған шығармасының негізгі идеясын қысқа мазмұндау;
    • цитаттар теру - мәтіннен үзінді келтіру;
    • аңдатпасын жазу, оқиғаны қысқаша мазмұндау;
    • пікір жазу- оқыған шығармасына қарай өз көзқарасын, ойын, пікірін білдіру;
    • ережелерді оқу, түсіну;
    • жаттығуларды орындау;
    • мәтіндерді оқу, әртүрлі жұмыс жүргізу;
    • сурет, кестелермен жұмыс, т.б.

Сөздікпен жұмыс жасау әдіс


Сөздіктер жалпы, 2 түрге бөлінеді:
Энциклопедиялық және Тілдік (лингвистикалық). Лингвистикалық сөздікке қазақ-орысша түсіндірме, синонимдер, омонимдер, антонимдер, фразеологиялық, сөзжасамдық, орфографиялық, орфоэпиялық т.б. жатады. Сөздіктермен жұмыс жасау нәтижесінде оқушылар қазақ тілінен алған білімін практикада қолдануға мүмкіндік алады, олардың практикалық сөйлеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Мәселен, “Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігімен” мынадай жұмыстар жасатуға болады: сөздікті пайдалана отырып, бас сөзінен жасалған туынды сөздерімен сөйлем құрау, бір жұрнақ арқылы жасалған 5-6 сөзді теріп жазу, жұрнақтар арқылы жасалған зат есім, сын есімдерді табу, туынды сөздер жасау т.б.

Грамматикалық талдау жасау әдісі


Грамматикалық талдау жұмысын үнемі жүйелі жүргізіп отыру оқушылардың алған теориялық, практикалық білімін жетілдірумен қоса, оны іс жүзінде жазбаша, ауызша, білімді сауатты қолдана білуге машықтандырады.
Сөзге фонетикалық талдау жасау түбірге қосымшалардың дыбыс және буын үндестігі бойынша жалғану тәртібін меңгеруі, сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу және жазылу емлесін неғұрлым жетік игеруге себін тигізеді.
Грамматикалық талдау морфологиялық және синтаксистік болып 2-ге бөлінеді. Морфологиялық талдау жасауда оқушы сөздің түбірін, қосымшалардың тобын білуге және сөз таптарын ажырата білуге үйренсе, сөйлем мүшелеріне талдау арқылы сол сөздің синтаксистік қызметін, сөйлемдегі орнын анықтауға, жіктелу ерекшелігін меңгеруге жаттығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет