тапсырма. Көп нүктенің орнына сөйлемге байланысты тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыз.
Міндеті: Зат есімдерді дұрыс қолдануға дағдыландыру
Байлық – қолға ұстаған ... (мұз)
Бақыт – ұзатылған ... (қыз)
Бала – артта қалған ... (із)
тапсырма. Мақалды жалғастырыңыз.
Міндеті: Сөздерді сөйлемде дұрыс қолдануға үйрету Ер қанаты – ... (ат) Түйе – ... (байлық)
Жылқы – ... (сәндік) Ілім – ... (бұлақ) Білім – ... (шырақ)
тапсырма. «Оның досын табыңыз».
Елдің досы кім? (ер) Жердің досы кім? (диқан) Суретшінің досы не? (бояу) Жауынгердің досы не? (қару) Атбегінің досы не? (тұлпар) Оқушының досы не? (кітап).
тапсырма. Түсі ақ, сары, қоңыр, ала хайуанаттарды атаңыз.
Мәселен: Түсі ақ: ақтиін, ақкіс, қасқыр т.т.
тапсырма. Сөздердің сәйкесетін жұптарын тауып, жазыңыз.
Өзен, жылқы, бұйда, тау, сексеуіл, тазы, асық, арба
Керекті сөздер: Арқар, шоқ, сақа, ер-тоқым, аңшы, балық, түйе, дөңгелек
Үлгі: өзен – балық, бұйда – түйе, арба – дөңгелек
тапсырма. «Отан», «Достық», «Көктем», «Табиғат» тақырыбына қатысты сөздерді жинақтап жазыңыз.
Үлгі: «Отан – ата-ана», «Отан – туған жер», «Отан – ел, астана»,
«Отан – жасыл орман, шалқар көл, асқар тау», «Отан – алып киіз үй».
тапсырма. Қандай жалқы есімді білесіңіз, жалқы есімнің емлесі бойынша кестедегі көп нүктені толтырыңыз.
Түрлері
|
Мысалдар
|
Кісі аттары
|
|
Атақты күйшілер
|
Құрманғазы, Дина....
|
Батырлар
|
Сырым, Махамбет, Мәншүк ...
|
Ақындар
|
Махамбет, Қадыр ......
|
Атақты әншілер
|
Мұхит, Ғарифолла, .....
|
Жер-су аттары
|
|
Өзен атаулары
|
Қараөзен, ....
|
Құм атаулары
|
Аққұм, ....
|
Көл атаулары
|
Егіндікөл, .....
|
тапсырма. Өлеңді оқып, екі өлеңді салыстырыңыз. Авторлардың айтпақ ойын өз сөзіңмен жеткізуге тырысыңыз және дәптерге жазыңыз.
Шаршы топта сөз бастау қиын
Көш бастау қиын емес, қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес, шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешімін таппас дау бар. (Бұқар жырау)
Бәрінен де сөз бастау қиын
Қол бастау қиын емес, көк найзалы ерің болса. Жол бастау қиын емес, соңыңа ерген елің болса. Бәрінен де сөз бастау қиын:
Тауып айтсаң, мереке қылады,
Таппай айтсаң, келеке қылады. (Досбол шешен)
тапсырма. Жәнібек ханға Жиренше шешеннің кайтарған сөзін мәнерлеп оқып, асты сызылған сөзді түсіндіріп көріңіз. «Бұл дүниеде не өлмейді?» деген сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?
Бұл дүниеде не өлмейді?
Асқар таудың өлгені – Басынан бұлттың асқаны. Ай мен күннің өлгені – Еңкейіп барып батқаны. Аққан судың өлгені – Аязда мұз боп қатканы.
Қара жердің өлгені – Қар астында жатқаны. Ажал деген – аткан оқ,
Одан ешкім құтылмайды, Бір алланың қақпаны.
Бұл дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.
тапсырма. Сюжеттік әңгіме құрастыруға үйрету.
Мысалы, сен итке, атқа айналып кеткенде:
тапсырма. Сиқыршы. Суреттерді мысалы, үтік, шайнек, көше, дүкен, мектеп, дос, кино т.б. тақтаға ілу арқылы «Мен үтікпін», «Мен мектеппін» ойынын ойнатуға болады.
Үйге келместен бұрын мен қайда болдым;
үйге қалай келдім;
мен не істей аламын;
мен кімді жақсы көремін, мені кім жақсы көреді;
менімен қандай қызықты нәрселер болды.
Достарыңызбен бөлісу: |