Қазақ тіліне



бет13/18
Дата27.12.2023
өлшемі0.67 Mb.
#488177
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
xasanova (1)

тапсырма. Оқиғаның себебін анықтауға үйрету. Бұл неліктен болды?

Барлық үйде жарық кенеттен өшіп қалды. Жағадағы су үйдің маңын басып кетті.





  1. тапсырма. Оқушылардың қиялын дамыту.




    • егер 3 метрге биік тұрсаң не істер едің;

    • онда сенің сүйікті ісің не болады;

    • саған не ұнамас еді;

    • қанша уақыттан кейін қалпына келер едің.




  1. тапсырма. Не болар еді, не істер едің, егерде.

Краннан шырын ақса; жаңбырдың орнына өрік жауса, әрқайсысынан 3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңыз.





  1. тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңыз.



Таудың басында қатты айқайлауға болмайды, себебі ... Құстар жылы жаққа ұшып кетті, себебі ...
Қар ери бастады, себебі...



  1. тапсырма. Бір ғана себебін таңдап, өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.

Марат сөзі бас әріппен жазылады, себебі...
... адам аттары бас әріппен жазылады
... қыздың аты
... солай жазылуға тиіс
... басқаша қате болар еді.



  1. тапсырма. Анықтауыш.

Етікші – жанды нәрсе, етік жасайтын адам, кітап – қалың, көп ақыл үйретеді.





  1. тапсырма. Бір дыбысын өзгертіңіз.

Мысалы, шөп-көп-көл. Тұз – құз мұз. Түз – күз. Біз – із.





  1. тапсырма. Төл қалай өсті?

Бұл ойында балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың мүшесі қошақан, сол топтың келесі баласы бағлан т.т., яғни балалар эстафета тәрізді рөлдерде болады. Қошақаннан бастап қой болғанға дейінгі аралықтағы атауларды көрсеткен балаларды қарсы топ білуі керек. Мәселен, қошақан, қозы, бағлан, марқа, тоқты, тұсақ, қой т.т. Қарсы топтың мүшелері басқа жануардың төлінің өсу кезіндегі аттарын жасырады. Мәселен, құлыншақ, құлын, құнаншығар, құнан, дөненшығар, дөнен, бесті т.т. Барлық атауларды тапқан топ ұпай саны бойынша жеңіске жетеді.





  1. тапсырма. Мінез түрлеріне қатысты мына ерке, шолжың, мейірімді, ертекшіл, тіл алғыш, турашыл, ақсақалды, сыйлас, таяқты, жарқын жүзді сөздермен ата, әже, ана, әке, аға, апа, қыз, іні, қарындас, көрші, қойшы сөздерді сәйкестендіріңіз.

Ерке – (қыз); шолжың – (қарындас); мейірімді – (ана); сыйлас – (көрші); қатаң – (әке); ақсақалды – (ата); ертекшіл – (әже); тіл алғыш – (іні); турашыл – (аға); таяқты – (қойшы); жарқын жүзді – (апа).





  1. тапсырма. Мамандық атауларын жазыңыз. Үлгі: Кәсіп+кер

Сиыр, арба, қой, жылқы, мал, қасап, дәрі, балық, құрылыс.





  1. тапсырма. Туыстарыңның аттарын жазыңыз.

Мәселен: Нұржан – ағам; Алуа – апам (әпкем); Балым – (сіңлім); Амантай – (інім); Сағынтай – (нағашым); Самат – (бөлем);


Шырын – (жиенім).



  1. тапсырма. Не қажет? сұрағына жауап жазыңыз.

Мысалы, Адамға не қажет: (ауа, өмір, денсаулық)


Өсімдікке не қажет: ................... (су, )
Жануарға не қажет: ........... ....... (азық, )

  1. тапсырма. Құстар қалай ұшады? Жазыңыз және есте сақтаңыз. Аққу суылдайды Бүркіт қалықтайды

Сұңқар самғайды Үйрек сусылдайды.



  1. тапсырма. Аңдар қалай жүреді және немен қоректенеді?

Қасқыр (бүкеңдейді). Тасбақа (жорғалайды). Елік (елеңдеп жүреді). Құндыз (жүзіп жүреді). Қасқыр (жануарларды), тасбақа (балық,


шаяндарды), Елік (шөпті), Құндыз (ағаш бұтақтарын) жейді.



  1. тапсырма. Мәтінде не туралы айтылған?

Еріктің ең жақсы көретіні – цирк. Ерік циркке жиі барады. Ол момақан жануарларға мәз болып, қол соғады. Ортаға күлдіргіш шыққанда, өзін-өзі ұмытып кетеді. а) Ерік б) цирк в) күлдіргіш





  1. тапсырма. «Туған жеріңнің несімен мақтана аласыз?» сұрағын қою арқылы жүргізіледі. Сөздерді атап жазыңыз және сөйлем құраңыз немесе мақал-мәтелдер келтіріңіз. Үлгі:



көл мұнай
туған жер
әнші дала
тарихи ескерткіштер





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет