Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)


©  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017



Pdf көрінісі
бет2/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

© 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017 



ТҮСІНІП ОҚЫП, МАЗМҰНДАУҒА БЕРІЛГЕН
МӘТІНДЕР
 
 
ФИЗИКА ПӘНІН ТАҢДАҒАНДАРҒА
МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ 
Мектеп бітіруші түлектер арасында ең көп таңдауға ие пән – 
физика
. Қоғамның өзі ақпарат пен технологияның көмегіне зәру 
және мұқтаж. Әлемнің өзі роботтарды қолданысқа шығарып жа-
тыр. Барлық тасымал жүйесі, қызмет көрсету құрылғылары, зауыт-
тар мен фабрикалардағы техникалық құралдар – бәрі-бәрі техни-
калық мамандықтарды игеру арқылы жүзеге асады. Алайда оның 
барлығын шығарып, қолданысқа енгізіп, басқаратын – адам. Мек-
теп қабырғасында физикаға әуестігіңіз болса, техниканы жаны-
ңыз сүйсе, сізге таңдау көп.
Инженер-технолог
– мамандықтың бұл түрі сәулет өнері үл-
гісінің материалдық ақпараттандыру жабдығының жасаушысы. 
Оның атқарым құрамын, жүйелік бақылауы мен бағдарлама-
лауын, құрылыс материалының технологиялық дайындамасын, 
жөндеу әдісі мен құрал-сайман сынамасын, және жұмыстың қалай 
өріс алуын бақылап, тексеріс жүргізіп отырады. Әрбір инженер 
өзінің кәсіби деңгейіне қарамастан техника жұмысымен, техни-
калық нысанмен және технологиялық үдерістермен жұмыс істей 
алу керек. Сол себептен техникаға деген сүйіспеншіліктің болуы 
шарт. Техникалық икемділік, ойлау, аңғарғыштық, көз мөлшері 
негізгі орындарды алады. Бұл жұмыстың жауапкершілік деңгейі 
өте жоғары, себебі жұмыс нысаны адам өмірімен тікелей бай-
ланысты. Инженердің өзі ішінен бірнеше салаға жіктеледі. Ин-
женер-конструктор, инженер-микроэлектроншы, құжат бойын-
ша инженер, еңбекті қорғау инженері, өрт қауіпсіздігі бойынша 
инженер, телебайланыс инженері, инженер-технолог, қауіпсіздік 
бойынша инженер, инженер-жобалаушы, байланыс инженері
смена инженері, инженер-эколог т.б.
Авиация сaласы
– экономиканың дағдарысы ықпал етпейтін 
бірден-бір сала. Қазақстанда ғана емес, пилоттар Еуропада да 
тапшы. Бұл салада ұшқыш болудан өзге, ұшақты басқару немесе 



автоматтандару сынды мамандықтарды да игеріп шығуға бо- 
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет