Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет3/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

Көлік және коммуникация
– жол қатынасы бүгінгі таңда 
ең жақсы дамыған қатынас. Кез келген автокөлік магистральда-
рының жөнделуі, жасалуы, төселуі, оның үстімен қандай көлік-
тер жүруге тиіс, қаншалықты жүк тасымалы жүріп өтуі тиіс – 
барлығы дерлік көлік қатынасы немесе көлік техникасы маман-
дықтары арқылы жүзеге асады.
Бұлардан бөлек радиотехника, радиоэлектроника, ақпарат-
тық жүйе, астролог, металлургия
сынды мамандықтарға да фи-
зика пәнін таңдайды. Ер-азаматтар үшін физика пәнін таңдаған 
тиімді. Техника дамыған бұл заманда физиканың заңдылықта-
рын жақсы меңгерсеңіз, далада қалмайсыз.
(massaget.kz) 
 
 
ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКА 
ХХ ғасыр ғылыми-техникалық революция ғасыры деп ата-
лады. Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне 
тән екі ерекшелігі бар. Біріншіден, ғылым мен техника үлкен 
қарқынмен дамып келеді. Екіншіден, ашылған ғылыми жаңа-
лықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен 
тұрмысқа енгізіліп отыр. 
Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі ора-
сан зор. Сондықтан да техниканың негізі физика деген пікір бе-
рік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылуын 
көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың 
қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан 
электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техни-
калар бар. 
ХХ ғасырдың ғылым мен техника саласындағы көптеген ай-
тулы жетістіктері физикаға тікелей байланысты. Тарихтан белгілі 
«Әлемнің жеті кереметіне» парапар, ХХ ғасырдың физика мен 
техникаға байланысты төрт ғажайып жетістігін атауға болады. 
Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты. Жер 
қойнауындағы жағылатын отындар (көмір, мұнай, газ, шымтезек,



ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондықтан 
атом энергиясының көзін табу
адамзат үшін айтарлықтай оқиға 
болды. 
ХХ ғасырда адамзат физика мен техника жетістіктерінің ар-
қасында ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің 
еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. 
Адамзаттың тұңғыш ғарышкері, орыс азаматы Ю.А. Гагарин 
1961 жылы Байқоңырдан ұшты. Ғарышқа сапар шеккен біздің 
отандастарымыз – Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтар да аса күр-
делі ғарыштық техниканы басқаруда ерлік пен біліктілік үлгісін 
көрсетті. 
Ғарыштың адамзатқа берері мол. Сондықтан Жер бетін
де, ғарыш кеңістігін де ұқыпты пайдаланып, үнемі қорғап отыру 
– біздің әрқайсымызға жүктелген үлкен міндет, жауапты бо- 
рыш. 
ХХ ғасыр ғажайыптарының бірі – лазердің өмірге келуі. 1960 
жылдардың басында осындай айтулы жаңалықты ашып бергені 
үшін Ресейдің физик-ғалымдары Н.Г. Басов пен A.M. Прохоровқа 
және АҚШ-тың физигі Ч. Таунске Нобель сыйлықтары берілді. 
Қазір лазерлік техника мен технология ғылымда да, өмірде де кең 
қолданыс табуда.
Адамзат ақыл-ойының ХХ ғасыр қол жеткен ең ірі табыста-
рының бірі – кибернетика және оған байланысты электрондық 
есептеуіш техникасы

Кибернетика ғылымының табыстарын өмірге жаппай ен- 
гізу жағынан біздің еліміздің алдында зор міндеттер түр. Әлем-
дік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық (информация- 
лық) технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақты- 
рады. 
Мысалы, «жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қа-
зіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі 
үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, ХХ ғасыр-
дың ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптары осындай. 
Бұлардың барлығының да ғылыми негізі физикалық білім болып 
табылады. ХХ ғасырдың үлесіне тиетін басқа да тамаша физи-
калық-техникалық жаңалықтар толып жатыр. Олардың қата-
рында алып мұхит кемелері мен сүңгуір қайықтарын, ұшақтар-



ды, өндірістік және ауыл шаруашылық техникаларын т.б. атауға 
болады.
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет