24
жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін
пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өз-
ара байланысты жиыны, пайдаланушылардың
сұрауы бойынша
ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мә-
ліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігінде – мәліметтерді
сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір
жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема,
ақпараттық база және ақпараттық процессор.
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Бағдарламаларды өңдеу, олардың таралуы,
компьютердің бар-
лық құрылғыларының дұрыс пайдалануы – өте күрделі процесс.
Сондықтан компьютерлер операциялық жүйе деп аталатын бағ-
дарламалық қамтамасыз ету деңгейінде жабдықталған. Операция-
лық жүйелер жай интерфейс пайдаланылған бағдарламаларды қам-
тамасыз етеді. Және барлық құрылғыларды басқару жұмысын ат-
қарады. Операциялық жүйелер компьютердің аппаратты жабдық-
тарымен қолданылатындар арасындағы интерфейс есебінде сипат-
талуы мүмкін. Сонда операциялық жүйе дегеніміз – компьютер құ-
рылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі
командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұ-
мысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар.
Операциялық жүйе – адам мен компьютер арасындағы байланыс-
ты жүзеге асыратын ең басты және ең алғаш программа болып са-
налады. Ол басқа бір программалар жіберетін сигналдарды қабыл-
дап, оны машина тіліне – түсінікті тілге «аударады».
ЭВМ-нің операциялық жүйесі:
– қандай да бір бағдарламалау тілдерімен байланыссыз авто-
номды ортаны бейнелейді;
– нақты аппараттық
платформада жұмыс істейді, мысалы,
ІВМ РС (бір платформа үшін бірнеше операциялық жүйелер бар
болуы мүмкін);
– қосымшалар деп аталатын нақты қолданбалы бағдарла-
малардың жұмысын басқарады.
25
Операциялық жүйе файлдары жүйелік дискіде сақталып,
компьютерді іске қосқанда оперативті жадқа дискіден автомат-
ты түрде жүктеледі.
Оның негізгі қызметі – программаларлардың
бірі-бірімен
және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдас-
тыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істуі кезінде
қате жіберілу
сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс іс-
теуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режим-
дерін орнату, пайдалушының
программасын іске қосып, оны
орындау т.б. Яғни операциялық жүйе – машина жұмысын бас-
қаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иіл-
гіш не қатты дискіде сақталып қойылады. Сондықтан операция-
лық жүйені дискілік операциялық жүйе (DOS) деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: