46
да, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары.
Шаһардың
өнеркәсіп өндірісі, негізінен, құрылыс заттарын, азық-
түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғыр-
ландырылған. Астана Қазақстанда құрылыс металл бұйымда-
рын, пайдалануға дайын бетон және бетоннан жасалған құры-
лыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.
Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында Целиноград вагон жөн-
деу зауытын, «Цесна-Астық» концернін, «Тұлпар-Тальго» ЖШС
жолаушылар
вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Казах-
стан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға
болады.
Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана
мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын
үй салынды. Астана құрылысына жүздеген отандық және шет-
елдік құрылыс компаниялары қатысты. Астананың сәулеткерлік
тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың
елордада Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлері үйлесім тап-
қан ерекше еуразиялық стиль
қалыптастыру идеясы негізге
алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәу-
леткері Кисе Курокава болды.
«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның
өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғи-
мараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фос-
тердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбіт-
шілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі
ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден
алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, «Астана
опера» мемлекеттік опера және балет театрын, Орталық Азия-
дағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешітін, «Қазақстан» орталық
концерт залын, «Қазақ Елі» монументін, Қазіргі заманғы өнер му-
зейі мен Президенттік мәдени орталық
ғимараттарын атауға бо-
лады.
Жаңа спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге
арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемде
үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» біре-
гей велотрегі бар. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жо-
47
ғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау»
мұз ай-
дыны.
Қазақстанның елордасы елдің барлық өңірлеріндегі талап-
керлер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық бі-
лім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л. Гу-
милев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық
өнер университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехника-
лық университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекет-
тік университетінің филиалы,
Астана медициналық универси-
теті орналасқан.
Астана ХХ ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді.
Астанамыздың өсіп-өнгені жақсы, қай ел болмасын, бірінші әсер
оның астанасын көргенге байланысты болады.
(Оралбай Н., Құрманәлиев К. Қазақ тілі. –
Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. – 166-167 бб.)
Достарыңызбен бөлісу: