Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті



Pdf көрінісі
бет27/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
(ҚарМТУ) – Қазақстандағы жоғары білікті мамандарды дайын-
дайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 
1953 жылы құрылған, алғашында Қарағанды тау-кен инсти-
туты, 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты болды. 
1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне 
айналды. Оқу процесі 12 факультетте 57 мамандық бойынша 
жүргізіледі, оның 30-ы мемлекеттік тілде. 
Университет Қазақстан өнеркәсібі үшін мамандарды жоғары 
сапада даярлағаны үшін өнеркәсіпке көмек беру қоғамдастығы 
атынан Алтын белгімен (Франция, Париж қ., 2003 ж.) және іс-
керлік тәжірибесінінің жоғары сапалығы үшін халықаралық қор 
атынан Алтын белгімен (Швейцария, Женева қ., 2005 ж.) ма-
рапатталды. 
2003 жылы ҚарМТУ СМЖ-н жасау және енгізуге кірісті және 
де ҚР жоғары оқу орындарының арасынан бірінші рет 32 дамы-
ған елдерде танымал IQ NET (халықаралық куәландыру желісі) 
және «Русский регистр» куәландырулар жүйесінің ИСО 9001:2000 
халықаралық стандарты талаптарының сапа менеджменті жүйе-
сіне сайлығы негізінде куәландыратын тыңдаудан табысты етті. 
ҚарМТУ ішінде дәрісханалар, арнаулы жұмыс бөлмелері мен 
зертханалар, INTERNET жүйесіне қосылған 45 компьютер сы-
ныбы бар, қазіргі заманға сай бағдарламалар, құрылғылармен 
қамтамасыз етілген ақпараттық есептеу орталығы жалпы көлемі 
72,2 мың шаршы метрді құрайтын 7 оқу ғимаратында орын теп-
кен. Жақсы жабдықталған жатақханасы мен асханасы бар. 


43 
ҚарМТУ-да 1,6 млн дана кітап қоры бар. Республикадағы ең үл-
кен кітапханалардың біріне ие. 
Университеттің әскери кафедрасы – Қарағандағы 4 әскери 
мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындайтын бірден-
бір кафедра. Түлектер офицер атағын алғаннан кейін ҰҚК, ІІМ 
органдарында, кеден қызметі бөлімшелерінде, төтенше жағдай-
лар жөніндегі министірлікте және т.б. жерлерде жұмыс істеуге 
мүмкіндік алады. 
Университеттің спорт кешені – Қарағанды қаласындағы ең 
үлкен кешендердің бірі. 7 арнаулы зал мен шағын стадионнан 
құралған. Қарқаралы қаласындағы ұлттық паркте оқытушылар
қызметкерлер және студенттер үшін демалыс орындары, со-
нымен бірге тау-кен, геология, экология және геофизика маман-
дықтарын үйренуші студенттердің тәжірибе базасы орналасқан. 
ҚарМТУ жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясы-
ның ұжымдық мүшесі (ХҒА, ЖМ) автоматтандырылған анализ 
саласында инженер-аналитиктер халықаралық Ассоциациясы-
ның NAF EMS Ұлыбритания), Геотехникалық ассоциация мү-
шесі болып саналады. ҚарМТУ Қазақстан жоғары оқу орында-
рының Ассоциациясын Орта Азия, Орал мен Сібірдің техника-
лық оқу орындарының ұйымдастырушысы болып табылады. 
Оның құрамына 15 техникалық жоғары оқу орны кіреді. 
Қазақстандағы ANSYS (АҚШ) және CADFEM (Германия) 
автоматтандырылған анализ құралын өңдейтін мамандандырыл-
ған фирмалардың ресми өкілі болып табылады. 
Жоғары оқу орнында білім беру 9 басты факультетте (тау-
кен, электромеханика, геоэкологиялық, машина жасау, инженер-
лік-құрылыс, ақпараттық технология, кәсіпкерлік және басқару, 
экономика және менеджмент, жол-көлік) жүргізіледі. 
Жоғары оқу орнынан кейін актуальды білім беру және бі-
ліктілікті көтеру факультеттерінде жоғары білімді мамандарды 
даярлау және қайта даярлауды қамтиды. 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет