51
корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын
басып озып, Шоқан тез жетілді…
Оған талайлар-ақ назар ау-
дарды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып
ақ сурет сала білетін», – дейді.
«Жоңғария очерктері», «Қазақтың халық поэзиясының түр-
лері туралы», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа
қаласы» т.б. еңбектерін жазды. Табиғатты және ел тұрмысын
Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны
орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы»
деп атаған. Тарих, география саласындағы даңқы Петербург ға-
лымдарына да
жетіп, 20-дан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс
География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының
тарихы мен мәдениетін зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса
көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық
мұра қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар
туралы жазба-
лар», «Ыстықкөл күнделіктері», «Үлкен орда қырғыз-қайсақта-
ры туралы» т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның қа-
зақтардың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмірінен салған
150-ден астам суреттері сақталған. Ол
қазақтардың алғашқы
кәсіби суретшілерінің бірі.
Ш. Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Жазушылар
Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазған. «Мәдени
мұра» бағдарламасы бойынша 2010 жылы «Ш.Уәлиханов» көп
томдық шығармалар жинағының 6 томдығы жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: