Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет31/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ 
Әбу Насыр әл-Фараби – дүниежүзіне әйгілі ұлы ғалым. Арис-
тотельден кейінгі екінші ұстаз, «Шығыстың Аристотелі» атанған.
Әбу Насыр әл-Фараби орта ғасырда қазақтың ежелгі қаласы 
Отырарда дүниеге келген. Отырарды арабтар Фараб деп атаған, 
осыдан ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр 
атанған. Бұл қаланың орны – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы 
Отырар ауданында. Отырар өз кезінде ірі мәдени-сауда орталығы 
болған. Ал Отырардағы кітапхана ХІ-ХІІ ғасырларда өзінің 
кітап қоры жағынан дүниежүзіне әйгілі кітапханалар қатарында 
болған.
Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы Арыс, Сырдария 
бойында өткен. Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай 
кітапханадағы қолжазбаларды оқып меңгерді. Әбу Насыр әл-
Фараби білімін тереңдету үшін сол кездегі білім орталықтары 
саналатын Бағдад, Дамаскі (Шам), Каирде болған. Мұнда ол бі-
лімін әбден толықтырып, өзінің ақылының, алғырлығы мен ас-
қан байсалдылығы арасында көп ұзамай ірі ғалымдардың ара-
сында үлкен абырой-беделге ие болған.
Әбу Насыр әл-Фараби 150-200-ден астам ғылыми еңбек жаз-
ған. Оның ішінде «Музыканың ұлы кітабы», «Ғалымдардың шы-
ғуы», «Әлеуметтік-этникалық трактаттары», «Философиялық 
трактаттары» т.б. еңбектері әлемге әйгілі, ғылымның дамуына 
жол ашты.


50 
Ғалым 950 жылы 80 жасында Дамаскіде дүние салған. Фара-
бидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап 
кеткен және ол жерлерде сақтаулы тұр.
Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті Әбу Насыр әл-Фа-
раби есімімен аталады. Университет алдында оған орнатылған 
ескерткіш бар. Алматыдағы әсем көшелердің бірі де ғұлама ға-
лым есімімен аталған.
(Оралбай Н., Құрманәлиев К. Қазақ тілі. –
Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. – 201-202 бб.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет