Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)


(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)



Pdf көрінісі
бет33/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 
 
 
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ТҰҢҒЫШ ПЕДАГОГ 
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Зато-
бол ауданында туған. Ыбырай Алтынсариннің өз әкесі ерте қай-
тыс болғандықтан, ол ұлы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде 
өседі.
Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 жылы Орынбор 
шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне 
оқуға береді. Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде 


52 
орысша білім алуын жақтаған, өз кезінде прогресшіл адам бол-
ған.
Ыбырай Алтынсарин мектеп білімімен қанағаттанып қал-
май, дүниежүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өз беті-
мен оқып, одан үлгі нәр алады. Сабақ берген шығыс зерттеушісі 
В.Григорьевтің үйінде жиі болып, оның кітапханасынан көркем 
әдебиет, тарих, философия кітаптарын үнемі оқып, білімін те-
реңдетеді.
Оқуын үздік бітіргеннен кейін, Ыбырайға Орынбор бекіні-
сінде қазақ балалары үшін мектеп ашуды тапсырады, сол мек-
тепте оны орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан бастап 
Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі баста-
лады.
Шалғай түкпірде мектеп ашу, оны ұйымдастыру өте қиын 
еді, қаражат жоқ, мектеп үйі жоқ, оқытушылар аз, оқулықтар 
жоқ. Алтынсарин осы да, басқа да қиындықтарды жеңді.
1879 жылы Алтынсариннің әйгілі «Қазақ хрестоматиясы» 
және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты 
екі кітабы шықты.
Алтынсарин жазушылық қызмет те атқарған, оның «Бай мен 
жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», 
«Надандық» т.б. шығармалары халыққа белгілі. Сондай-ақ «Кел, 
балалар, оқылық», «Жаз» т.б. өлеңдері де белгілі. Ұлы педагог-
тің «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын өлеңі жастарды 
өлеңі жастарды өнер, білімге шақырған ұран ретінде оқулық-
тардан әлі орын алып келеді. Ыбырай Алтынсарин аудармашы-
лық талантымен де ерекше танылған.
Алтынсарин туралы көркем шығармалар, ғылыми-зерттеу-
лер көп жазылды. Қостанайда ескерткіш қойылды. Республика-
дағы ғылыми мекемелердің бірі – Ұлттық білім академиясы 
Алтынсарин атымен атылады. Алтынсаринді халық «Ұстаздар-
дың ұстазы» деп біледі.
(Оралбай Н., Құрманәлиев К. Қазақ тілі. –
Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. – 330-331 бб.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет