Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет34/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 


53 
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ –
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ 
 
Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиеті-
нің негізін қалаушы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 
жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі 
Құнанбай аға сұлтан болған, өз елінің беделді адамы. Шешесі 
Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі 
Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып
халықтың ауыз әдебиетімен таныстырып отырған.
Молдадан 3-4 жыл оқығанда, зеректігі байқалып, әкесі оны 
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді. Медреседе ол 
4 жыл оқығанда, араб, иран, Орта Азия классиктерінің шығарма-
ларымен танысқан. Әкесі Абайды ел басқару ісіне бейімдеу 
үшін оқудан қайтарып алады. Семейде жүргенде Абай орыс ті-
лін үйрену үшін 3 ай орыс мектебінде оқиды.
Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршы, 
әнші-күйшілерімен жиі кездесетін, өз халқының рухани мәде-
ниетімен танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге жат-
тығады.
Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен, бірыңғай өлең 
жазуды 40 жасында бастайды. Абай Пушкиннің, Лермонтовтың, 
Крыловтың шығармаларын аударған. Абай өзі аударған Пуш-
киннің «Татьянаның әні» және «Қараңғы түнде тау қалғып» 
деген өлеңдеріне ән де шығарған. Абайдың «Айттым сәлем, Қа-
ламқас», «Көзімнің қарасы» – қазір де халықтың сүйіп айтатын 
әндері. Демек, Абай композитор да болған.
Абай – дүниежүзіне таныс классик ақын, өлең, шығарма-
лары орыс тіліне, шетел тілдеріне көп аударылған.
Абайдың қара сөздері философиялық тұжырымдарға толы. 
Оның осы ақыл-ой толғаулары – қазір де өте мәнді, мазмұнды 
шығармалар.
Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының 
кітап болып басылғанын көре алмады. 1909 жылы Петербургте 
«Қазақтың ақыны Ыбырайым Құнанбайұлының өлеңдері» деген 
атпен кітап болып шықты. 


54 
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» 
эпопеясын Абай өміріне арнады. Бұл роман да көптеген шетел 
тілдеріне аударылған, ол Абайды дүниежүзі халықтарына та-
ныстырды.
(Оралбай Н., Құрманәлиев К. Қазақ тілі. –
Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. – 221-222 -бб.) 


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет