Педагогикалық техника - жеке оқушыға, ұжымға тәжірибеде нәтижелі ықпал жасау үшін мұғалімге қажетті БІД жиынтығы. (пед. энциклопедия).
Педагогикалық техникаға мұғалімнің сыртқы мәдениеті де жатады: киінуі, жүріс-тұрысы, мимика, пантомимика т. б..
Педагогикалық іс-әрекеттің табысты балуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық, ақкөңілдік, ұстамдылық, басқаларға сене білу, түсіне білу қабілеті, басқаларға құрметпен қарай білу, намысына тимеу, әдептілік, толеранттылық, адалдық, әзілдесе білу сияқты сапалардың міндетті болуы шарт. Сонымен қатар, шешендік қабілеттер, артистік мінез ерекше атап көрсетіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни, оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды. Зерттеушілер тарапынан педагогикалық әдепке үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті және оның педагогикалық іс-әрекетінің жоғары кәсіпқойлығы байқалады. Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалары кәсіби сапалардан ажыратылмайды.
Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талаптардың ішінде мұғалімнің толерантты болуы - маңызды мәселе. Өйткені, оқушымен қарым-қатынас жасауда шыдамдылық, әдептілік, оқушыны сыйлай білу, кешіре білу оның мұғаліммен қарым- қатынас жасауына қолайлы жағдай тудырады.
Педагогикалық толеранттылық - мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі құзырлы-лығын, төзімділігін, адамгершілігін, әдебін, шыдамдылығын жатқызуға болады. Әдеп - әртүрлі жағдайда өзін ұстай білуі, шамадан тыс кетпеуі. Қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық шыдамдылық» ұғы-мына әр алуан түсінік берілген. Зерттеушілердің кейбіреулері педагогикалық шыдамдылықты мұғалімнің білім субъектілерімен диалогиялық қатынас қалыптастырудағы кәсіби қабілеттілігі ретінде көрсетсе, басқалары педагог шыдамдылығын мойындау, қабылдау, түсіну арқылы өзгеден дәл басқаны көру қабілеттілігі деп қарастырады.
Л.М. Митинанын пікірі бойынша, педагогикалық шыдамдылықтың аспек-тісі эмоционалды орнықтылық, педагогикалық қиындықтардың әр алуан түрле-ріне қарсы келу, психологиялық бейімділікті сақтау болып табылады. Оның не-гізінде шынайы жағдаяттарды теңбе-тең бағалайтын қабілеттілік, екінші жақ-тан, бір жағдайдан келесі жағдайға өтуді алдын ала болжау мүмкіндігі жатыр,-деп жазады Л.М.Митина.
А.А. Реан педагогикалық шыдамдылықты диспозициялық шыдамдылық-тан шығарады. Диспозициялық шыдамдылықтың соңында тұлғаның белгілі құ-рылымы, оның болмысқа, басқа адамдарға, олардың тәртібіне, өзіне, басқа адамның өзіне ықпал етуі, жалпы өмірге қатынасының жүйесі тұр. Диспози-циялық шыдамдылық, бейнелеп айтқанда, шыдамдылық - бағдар (ұстаным), шыдамдылық – құрылым, шыдамдылық – дүниетаным. Шыдамдылықтың бе-рілген түрінде мұғалім сезімталдық пен эмпатиялық қабілеттілігін сақтайды. Диспозициялық шыдамдылықтан толық мөлшерде өмірге деген қатынас пайда болады, өмірге деген дұрыс көзқарасын айқындайды, болмысты позитивті түрде елестетеді. Диспозициялық шыдамдылық әлеуметтік төзімділік болып табы-лады. Ол - әлеуметтік төзімділіктің бір бөлшегі. Нақты осындай төзімділікті болашақ педагогтың жоғары оқу орнында оқыған сәтінде құру және дамыту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |