Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері
Педагогикалық мәдениет
Педагогтық толеранттылық
Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру
Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз – жүйелі үрдіс, педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізетін жол. Ол жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Кәсіптік позицияны қалыптастырады.
«Біз мұғалімдерге былай істе, не болмаса былай істе, - деуден аулақпыз, бірақ басқаларды басқару үшін, оларға ықпал жасау үшін сол мәселеге қатысты психикалық құбылыстарды зерттеу заңдылықтарын білуі керек», - деген К.Д. Ушинский.
Көрнекті совет педагогы А. С. Макаренко өз шеберлігін жетілдірудегі тәжі- рибесіне сүйене отырып, былай деп жазғаны тегін емес: «Менің педагогикалық талантым болған емес және де педагогикаға ешбір әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім... Бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуға тырыс- тым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс». Көрнекті педагог бұл сөзінде өзін тым сыпайы етіп көрсеткен болар. Бірақ, бір нәрсе айқын: педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыруға болады.
Өз дамуында педагогикалық шеберлік үш деңгейден өтеді. Біріншісі – кәсібилік. Ол жоғары мектепті аяқтап отырған, педагогикалық іс-әрекетке даяр түлектерге тән.
Оқытушы енді оқу орнында өз бетінше жұмысқа кіріседі, онда кәсіби өсуі интенсивті және мақсатты түрде кемелдене түседі. Оның жылдамдығы мен эффективтілігі өзін жетілдіруге және өзін тәрбиелеуге деген нұсқаудың болуына да байланысты. Сонымен қатар, жас маман тәжірибелі педагогтерден үйрене алады, өзінің әріптестерінің жұмысын талдап, қорытынды шығара алады, семинарларға, курстарға, ғылыми конференцияларға қатысу арқылы кәсіби шеберлігін шыңдайды.
Біртіндеп оқытушының психологиялық-педагогикалық мәдениеті жоғары- лайды. Репродуктивті іс-әрекетпен қоса педагог, оқыту-тәрбие процесінің жаңа элементтерімен оны жетілдірумен, модельдеумен айналысады. Бұл жаңа деңгей - педагогикалық шеберлікте – үнемі шығармашылыққа ұмтылуды көрсетеді. Мұнымен қатар, педагогикалық қабілеттер дамиды, әдістемелік арсенал жеті- леді. Бірақ педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттерінің дамуы бірдей өтпейді, олардың біреулерінің өнімділігі жоғарырақ болуы мүмкін.
Үшінші деңгей - педагогикалық жаңашылдық. Жаңашылдық оқытушы оқу-тәрбие ісіне жаңа идеялар енгізеді, әдістемелік жүйелер өңдеп, жаңа педагогикалық технологиялар қалыптастырады. Нәтижесінде студенттердің кәсіби дайындығының өнімділі ғана жоғарылап қоймайды, оның сапасы да өзге- реді. Жаңашыл педагог болу үшін теориялық және практикалық дайын-дықтың жоғары деңгейі, интеллектуалды қабілеттер, шығармашылық ойлау қажет.
К.Ю.Бабанский бойынша педагогикалық шеберліктің даму кезеңдері төмендегідей:
- кәсіптің негіздерін меңгеру, ғылымда, тәжірибеде белгілі тәсілдерді тиімді пайдалана білу (кәсіби мұғалім );
- мұғалім жаңа бір идеялардың нәтижелігін бағалап, басқа мұғалімдер арасында тарата білуі (зерттеуші - мұғалім );
- өзінің қызметінде, тәжірибеде белгілі әдістерді қолданумен қатар, жаңа бір шешімдерді тауып енгізу (жаңашыл мұғалім ).
Шеберлікке жеткен алдыңғы қатарлы тәрбие үлгісіне зейін қойғанда, бұрынғы Семей облысы «Көкпекті» балалар үйінің бір кездегі директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің директоры Архимед Мыңбайұлының қызметтері – нағыз шеберліктің үлгісі. Сондай-ақ, ынтымақтас- тық педагогикасын дамытушылардың (И.Ф. Шаталов, И.Е. Ильина, Ш.А. Амонашвили, Т.И. Гончаров, С.Н. Лысенкова т.б.) жаңашылдық іс-әрекеттері- нен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерін жаңаша жандандыра түсу педагогикалық шеберліктің басты сипаты болып табылады.
Болашақ ұстаз педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап ұйымдасты- руы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас.
Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық, кәсіби білгірлік, педагогтық іс-әрекетке бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Мұғалімнің шеберлігінің жетілу жолдары төмендегідей:
Адамдарға деген қатынасы
|
мейірімділік, ақ көңілділік;
көмек көрсетуге бейімділік;
біреуді тындай алу, пікірлерімен санаса білу;
көре алмаушылықтан аулақ тұру;
басқалардан мәлімет алуға ұялмау;
түсіндіруден бас тартпау;
|
Өзіне деген қатынасы
|
кездесетін проблемаларды шешуде өзін күшті және сенімді сезінеді, жауапкершілігі мол, өзіне-өзі сын көзбен қарай алады;
|
Жұмысқа деген қатынасы
|
еңбекқор, жинақы, бәріне уақыт таба алады;
мәселенің шешілу жолдарын іздестіре біледі;
өзіне жүктелген жұмысқа ғана емес, жұмыстың барлық саласына жауапкершілікпен қарайды;
|
Креативтік,
икемділік
|
қандай жағдайда күресу, тоқтау керектігін біледі;
өзі жұмыс қарқынын белгілейді; уақытты рационалды түрде пайдалана біледі;
жаңалықты іздеуде қателесуден қорықпайды;
білімін жетілдірумен айналысады.
|
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Педагогикалық іс-әрекетте гуманистік бағыттылық не үшін керек?
2. Кәсіби білімнің қандай түрлерін білесіз?
3. Кәсіби және дара маңызды қасиеттерге нелерді жатқызамыз?
4. Педагогикалық мәдениет деген не? Педагогикалық мәдениеттің
компоненттерін атаңыз.
5. Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттерін атаңыз.
6. Педагогикалық шеберліктің жетілу жолдары қандай?
7. Педагогикалық шеберлік неше деңгейде өтеді?
Достарыңызбен бөлісу: |