Педагогикалық жағдаятты шығарып, өзіңіздің этикаңызды бағалаңыз: дұрыс жауап 60 балл, одан төмен 50,40, 30, 20, дұрыс емес жауап 0 балл.
№1.
Математика пәнінен бақылау жұмысы жүріп жатқанда мұғалім бір оқушының «ұрлық қағазын» алып қойды. Ол ызасы келіп бақылау жұмысын мүлде жазбауға бел буды. Оның көршісі мұғалімге шағым жасады. « Тоқтар ештеңе істемей , қарап отыр», - деді. Мұғалім реакциясы қандай болуы мүмкін?
«Отырсын , ол екі алуға бел буған ғой» ,- дейді.
«Маған өкпелегенше жақсылап дайындалмайсыңба?» , дейді.
«Бұл тақырып бойынша маған келесі күні есеп бересің» дейді.
«Бәрібір екі алдың , балалардың көңілін бөлмей , бар деп кластан шығарып жібереді.
«Ол ойланып отырған шығар. Ойламаса есеп шыға ма ?» дейді.
Тапсырманы өзгертіп береді.
№2.
Қанат мұғалімнің тапсырманы орындамай келді.(жасап кел деген көрнекілікті) Мұғалім оған дауысын көтеріп ұрысты. Мұғалімге оқушы: «Маған айқайламауыңызды сұраймын» дейді. Мұғалім не деп жауап береді?
1. « Менің не істеу керек екендігін айтатын жасқа сен әлі жеткен жоқсың» , дейді.
2. «Өкінішті , келесі жолы істеп кел» дейді.
3. «Жақсы саған дауыс көтермей-ақ қояйын, бірақ мен бекер дауыс көтеріп тұрмағанымды сен түсін» дейді.
4. «Сонда сенің орындамағанын дұрыс деуім керек пе ?» дейді
5. «Әйтеуір мектепке келуді ұмытпағаныңа шүкір», - деп кекетіпті.
6. «Балалар, сонда қанатқа не деуім керек?», деп кластан кеңес сұрайды.
№3.
Математика пәнінің мұғалімі үй тапсырмасын тексеріп отыр. Қиын есеп болғандықтан үй тапсырмасын бірде бір оқушы орындамаған. Мұндай есепті қалай шығаруға болатынын олар мұғалімнен сұрады. Мұғалім олар үй тапсырмасын әдейі орындамады деп ойлайды. Тақтаға шыққан оқушыларға шетінен екілік баға қойды. Оқушылар ренжиді. Екі оқушыға кластан шық деді. Олар құлақ аспады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?
1. Мұғалім оқу ісінің меңгерушісіне бала жұмсайды.
2. Ата-аналарына шағым жасайды.
3. Оқушылар өтінішін орындап , есепті тақтаға өзі шығарады.
4. Сол тақырыпты оқытып , балаларға қайтадан материалды түсіндірді.
5. Есептің басын бастап шығарады да , әрі қарай қалай шығаруға болады, деп, материалды түсінуге көмектесетін бірнеше сұрақтар қояды.
6. «Бір де біреуін шығара алмауларын мүмкін емес» деп ұрсып , сабақтан кейін қалдырып шығартамын дейді.
№4. 7 класта бір тоқсанда класс жетекшісі ауысты (балалармен тіл табыса алмағандықтан) Директор география пәнінің мұғалімін шақырып алып сол класқа класс жетекші болуды ұсынды.
Мұғалім келісімді бермей,қашқақтап бағып еді - ол әрекетінен ештеңе шықпады. Класқа келіп , - «Мен сендердің класс жетекшілерін болам» деді. Кенет біреуінің: «Балалар жарыдық» деген сөзін естіп қалды.Екінші бір оқушы (Нұрлан) : «Ештеңе емес! Көрерміз! Алғашқысы да , ақырғысы да бұл болмас» ,- деді. Класс жым-жырт бола қалды. Не дер екен дегендей бәрінің көзі мұғалімде. Не істеу керек?
1. Кластан шығып кеткен дұрыс.
2. Ештеңе естімегендей тұра беру.
3.Басқаларын тәртіпке келтіру үшін Нұрланды кластан шығарып жіберу керек.
4. «Мен білем , сіздер мені өздеріңізге класс жетекші болғанымды қаламайсыздар. Сенсеңіздер , менің өзімнің де құлқым жоқ . Менің орным да сіздер болсаңыздар қайтер едіңіздер?Мүмкін біз үйренісе алармыз , егер солай болса мен класс жетекшіліктен бас тартамын.
5. « Көрерміз. Мен сендерді тәртіпке келтіремін , мектепте бірінші жыл істеп отырған жоқпын.» дейді.
6. Директорға барып айтып , бас тартады.