Жаттығу№1. «Бізді Сізбен біріктіретін ...» Мақсаты: топты жұмыс үшін «қыздыру», келісу, бірдейлік даласын қалыптастыру. Жүргізушінің қолындағы допты әрбір қатысушыға мына сөздермен лақтыру керек: «Бізді Сізбен біріктіретін ...» (одан әрі мінез бітістері, бет-әлпетінің бөлшектері және киімнің немесе тәртіптің айырмашылықтары қосылады). Допты алған топ қатысушысы: «Мен келісемін», егер де ол келіспейтін болса: «Мен келіспеймін» немесе егер де ол күмәнді болса: «Мен ойланайын» деп жауап береді.
Рефлексия. Әрбір істелінген жаттығудан кейін болып жатқан іс-әрекеттерге рефлексия жасалынады. Сонда әрбір қатысушы міндетті:
• жаттығуды орындау барысында өзінің сезімдері жайында айту;
• жұмыс барысында пайда болған ойлаулар жөнінде хабарлау;
Немесе
• жүргізуші ұсынған сұрақтарға жауап беру керек.
«Толерантты мұғалім» топтық жұмыс. Мақсаты: Педагогтарға бір адамның да 100%-ға толерантты болуына мүмкін еместігіне толеранттылықтың пайда болуына мүмкіндік туғызатын және мұндай мүмкіндікті төмендететін факторлары бар екендігін жете түсіндіру:
• мұғалімді толерантты тұлға екендігін сипаттайтын қасиеттерді шеңбер бойынша қатысушылар айтады немесе жүргізуші бұларды қалың қағазға не тақтаға жазып алады.
• Әрбір қатысушы 0%-дан 100%-ға дейінгі шкалада өзін қаншалықты толерантты мұғалім екендігін есептейтінін белгілейді.
• Әрбір қатысушы педагогикалық әрекетте толеранттылыққа мүмкіндік туғызатын және мұғалімге толерантты болуға не кедергі болатыны жайында өз пікірін айтады. Жүргізуші пікірлермен алмасу үшін ынталандырушы сияқты келесі сұрақтарды енгізуі мүмкін:
• Егер әр мұғалімге 25-35 оқушыдан келсе, «Толеранттылық педагогикасы» іске асады ма?
• Мына сөздерді қалай түсінеді? Адамның бағалануы мен оның әрекетінің бағалануы бір ме?
• Бір адамды екінші адаммен салыстыратын болсақ, ол интолераттылыққа әкеліп соқтырмай ма?
• Мектептегі баға жүйесі толерантты сананы қалыптасуына әсер ете ме?
Достарыңызбен бөлісу: |