Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019


-тарау. Тұрғынүй және қоғамдық-іскерлік аймақтарды ұйымдастыру талаптары



бет11/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

6-тарау. Тұрғынүй және қоғамдық-іскерлік аймақтарды ұйымдастыру талаптары


1-параграф. Тұрғын үй аймағы


59. Тұрғынжай аймақтарын тұрғындарға ыңғайлы, салауатты, қауіпсіз тіршілік ортасына айналдыратын жағдайлар жасау мақсатында бөлу керек. Тұрғынжай аумақтарында осы норманың талаптарына сай емес қызметтермен айналысатын нысандар салуға рұқсат етілмейді.

60. Тұрғынжай аймақтарын жоспарлауды елдімекеннің қала құрылысын салу жіне табиғи ерекшеліктеріне орай басқа да қызметтік аймақтарының құрылымдарымен байланыста ұйымдастыру қажет. Мұнда тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар, құрылыстар, жол-көшелік желілер, желпы қолданыстағы көгалдандырылған аймақтар және тағы басқа нысандарды тұрғынжай территориясына орналастыруда санитарлы-эпидемеологиялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары ескеріледі.

61. Тұрғынжай аймақтарын жоспарлы ұйымдастыру ондағы салынатын ғимараттардың қабаттары, тығыздылығы, тарихи-мәдени, табиғи-климаттық және т.б. жергілікті ерекшеліктерін ескеріп, дифференциалды құрылыс типтеріне байланысты жүзеге асады. Тұрғынжай құрылысының типі мен қабаты тұрғынжай аймағын қалыптастыратын әлеуметтік-демографиялық, ұлттық-тұрмыстық, сәулет-композициялық, санитарлы-эпидемеологиялық талаптарға сәйкес және инженерлік инфрақұрылымды дамыту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қарай анықталады.

62. Тұрғынүй құрылыс көлемі мен типінің есептік көрсеткіштері тұрғындардың болжалды әлеуметтік-демографиялық жағдайлары мен табыстарына қарай жасалуы керек. Егер қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, тұрғын үйлердің, пәтерлердің ауданы мен саны, типтері мен әртүрлі жайлылық дәрежесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін көп пәтерлі тұрғын ғимараттар бойынша мемлекеттік норматив талаптарына нормаларына сәйкес іске асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет