Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019


Қалалық және ауылдық елдімекеннің жоспарлы құрылыман төмендегі мәселелерді ескере отырып қалыптастыру қажет



бет8/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

37. Қалалық және ауылдық елдімекеннің жоспарлы құрылыман төмендегі мәселелерді ескере отырып қалыптастыру қажет:


қала құрылысының функционалдық аймақтарын олардың өзіндік құнын ескере отырып, өзара байланыста, ықшамдап орналастыру;
территорияларды қоғамдық орталықтар мен инженерлік инфрақұрылымдар жүйесімен байланыста аймақтарға бөлу және құрылымдық бөлшектеу (тиімді аудандарға бөлу);
жер телімдерінің көлемі, құрылыстардың рұқсат етілген тығыздылығы мен қала құрылысын салудың бағалылығына қарай территорияларды пайдалану;
архитектура-қала құрылысын салу дәстүрлерін кешенді есепке алу, жергіліктір жерлердің табиғи-климаттық, ландшафтық, ұлттық-тұрмыстық, тарихи-мәдени, этнографиялық және басқа да ерекшеліктерін ескеру;
өмір сүру жүйесінің тиімді қызмет етуі мен дамуы мен жылу-энергетикалық және су ресурстарынүнемді пайдалану;
қоршаған орта мен мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау;
табиғат ресурстары мен жер асты байлықтарын сақтау және тиімді пайдалану.
Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймқтарда қалалардың жоспарлық құрылымын бөлуде басты назарды өрт қауіпсіздігі мен жарылыс мүмкіндіктерін болдырмайға аудару қажет.
Тарихи, мәдени немесе ландшафтық нысандары бар елдімекендерде олардың тарихи жоспарлы құрылымдары мен өзіндік архитектуралық келбетін, масштабын, тарихи аймақтарды реконструкциялау мен регенрациялаудың кешенді бағдарламалары мен жобаларына және 15 бөлімдегі талаптарға сәйкес сақтау қажет.
Ауылдық елдімекен территориясын ұйымдаструда ауылдық-әкімшілік территориялық бірліктердің функционалдық және жоспарлық ұйымдасуын ескеру қажет.
Қалалық және ауылдық елдімкендерде құрылыс салуды жоспарлау мен жүргізу кезінде мүгедектер мен басқа да тұрғындардың аз жұмылдырылған топтарына әлеуметтік нифрақұрылымға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес, кедергісіз бара алу жағдайларын жасау қажет.

38. Аса ірі және ірі қалаларда жер асты кеңістігін кешенді пайдалану мақсатында оларда өзара байланыстағы қалалық транспорт құрылыстарын, өндірістер мен сауда, қоғамдық тамақтану мен коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету, ойын-сауық және спорт орындары мен көмекші мекендер, әкімшілік, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары мен инженерлік құралдар жүйесі нысандары, түрлі мақсаттағы өнеркәсіптік және қоймалық нысандарды тиімді орналастыру керек.


Барлық қала құрылысының функционалды аймақтарындағы жер асты кеңістіктерінде мұндай нысандарды орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген осындай нысандарға қойылатын санитарлы-эпидемеологиялық, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауміндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет