39. Елдімекендерде сыртқа жарнамалар Сыртқы жарнамалар Ережелеріне сәйкес орналастырылады. 40. Тұрғын үйлердегі жекелеген спутниктік, эфирлік қабылдау құрылымдары құрылыс салудың жергілікті ережелеріне сәйкес орналастырылады.
1-параграф. Қала құрылысы ретінде елдімекен территорияларының кешенді реконструкциясы
Жоспарлы құрылымды қайта ұйымдастыру
41. Елдімекендердің жоспарлы құрылымын қайта құруды урбанизацияланған территориялардың: түрлі санаттыға көшелер, негізгі транспорттық күре жолдардың жиегіне орналасқан, көгалдандырылған белдеулер мен су акваторийлері, табиғи ландшафтары бар жоғарғы тығыздылықтағы тұрғын үй, өндірістік және қоғамдық құрылыстар жоспарлық каркас негізінде оптимальды сәйкестігі есебінен қалыптастыру қажет. 42. Елдімекендердің жоспарлы құрылымын қайта құруды төмендегідей жағдайлар негізінде жүзеге асыру керек:
елдімекендер шекарасы мен қала маңы аймағы территориясында функционалды аймақтың теңестірілген дамуы;
территориялық ресурстарды тиімді пайдалану есебінен елдімекендерді жобалауды рационалды ұйымдастыру;
тұрғындардың аз жұмылдырылған топтарының түрлі қажеттіліктеріне жауап беретін тіршілік қызметі ортасын жасау;
қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарды, территорияны төтенше жағдайлардан сақтау, бейбітшілік және соғыс жағдайында тарихи-мәдени құндылығы бар нысандарды қорғау іс-шараларын жасау.
43. Елдімекендердің жоспарлы құрылымын қайта құруды урбанизацияланған территориялардың: түрлі санаттыға көшелер, негізгі транспорттық күре жолдардың жиегіне, темір жол бойында, электртасымалдау линиялары мен көгалдандырылған белдеулер мен су акваторийлері, табиғи ландшафтары бар ландшафты-рекреациялық территорияларда орналасқан, жоғарғы тығыздылықтағы тұрғын үй, өндірістік және қоғамдық құрылыстар жоспарлық каркас негізінде оптимальды сәйкестігі есебінен қалыптастыру қажет.
44. Тарихи қалыптасақна елдімекендерде қала құрылысы мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтау мақсатында архитектуралық келбет пен жоспарлы құрылымды тарихи аймақтарды реконструкциялау мен регенрациялаудың кешенді бағдарламалары мен жобаларына және 15 бөлімдегі талаптарға сәйкес сақтау қажет.
45. Ірі және үлкен қалаларда олардың территорияларын жобаланған мерзімде теңестірілген әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында келесі жобалық аймақтарды бөліп көрсету қажет: қала мен қала маңы аумағындағы орталық, орта, шеткі аймақтар.
46. Жаңа құрылысқа территория таңдау кезінде елдімекендердің қалыптасқан құрылымдық-жоспарлық ұйымдастырылуын ескеріп, қазіргі таңда бар инженерлік, транспорттық және әлеуметтік нифрақұрылым мүмкіндіктері мен жылу-энергетикалық, су ресурстары бар екендігі, қоршаған орта жағдайы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері мен пада болу мүмкіндігі, өрт сөндіру бөлімдерінің орналасқан аймақтан қашықтығы назарда болуы тиіс. Елдімекеннің шағын жоспарлық құрылымын дамыту ең бірінші кезекте қала аймағының перспективалы шекарасында бар бос территориялармен қамтамасыз етілуі керек.
47. Қала маңы шекарасын әрбір нақтылы жағдайда елдімекеннің перспективалық дамуы, оған тұрғындарды орналастыруға байланысты анықталып, оның территориясының функционалды пайдаланылуы мен онымен шекаралас әкімшілік аудандардағы жер ресурстарының табиғи кешенінің жағдайы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сай жүзеге асады.
48. Ірі және үлкен қалалар маңы шекарасында қала шаруашылығының қызметін жүзеге асыратын тұрғын үй, өндірістік, қоғамдық құрылыстарға, көгалдандылыған жерлерге арналған территорияларды сақтап қою керек. 49. Қала маңы аймақтарын жоспарлау мен оларға құрылыс салуда:
бұрыннан бар елдімекендерді дамытуға арналған абаттандырылған қала құрылысы жағдайлары, ауыларалық транспорттық және инженерлік желілер мен құрылыстарды пайдалану, ауылдық, орман, су шаруашылықтарын тиімді ұйымдастыру, ландшафты-рекреациялы қолданыстағы нысандарды көшіру
елдімекен мен оның табиғи аумағын тұрақты дамыту мақсатында экологиялық тиімді жағдайлар жасау;
қаланың шаруашылық қызметінен оның айналасындағы аудандарға келетін зиянды мейлінше төмендету;
қала мен оның айналасындағы аудандардың тариғи және инженерлік ресурстарды бірлесе отырып тиімді пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |