Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019


Тұрғынжай аймақтары ауылшаруашылығы машиналарының қозғалысына арналған І,ІІ,ІІІ категориядағы жолдармен шектеспеуі керек



бет12/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

63. Тұрғынжай аймақтары ауылшаруашылығы машиналарының қозғалысына арналған І,ІІ,ІІІ категориядағы жолдармен шектеспеуі керек.

64. Жалпы бөлшектік меншіктегі серіктестік-көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй иелерінің (кондоминимум) баспанасы орналасқан жер телімдерінің шекаралары мен өлшемі, қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес қала құрылысын салу құжаттарында көрсетіледі.

65. Тұрғынжай кварталдарын (мөлтек аудандар) тұрғынжай аудандары құрамындағы автономды аудан ретінде-қала құрылысын салудың қалалық желілерінен 1,5 км қашықтықта орналастыру қажет. Егер бұл көрсеткіш көтерілетін болса, онда жобалау тапсырмасына орай қосымша қызмет көрсету түрлері қарастырылады.


Кварталдар (мөлтек аудан) территорияларын жалпы қалалық және аудандық мақсаттағы күрежолдармен бөлуге тыйым салынады.

66. Мектепке дейінгі мекемелерге қажеттілік жоба алдындағы зерттеулер көрсеткішіне сәйкес нақты демографиялық жағдайларға байланысты анықталады. Мектепке дейінгі мекемелерді жобалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін мектепке дейінгі білім беру объектілері бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес жүзеге асады.

67. Тұрғын үйлердің жертөлелерінде немесе оған жалғанып салынған құрылыстарда мектепке дейінгі балаларды уақытша тәрбиелеу орындарын жобалау жоспарға берілген тапсырма негізінде жасалады.

68. Жалпы білім беретін мекемелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін жалпы білім беру мекемелері, интернаттық ұйымдардың ғимараттары бойынша мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес оқшауланған территориларда жоспарлау керек. Жалпы білім беру мекемелеріне деген қажеттілік демографиялық жағдай мен әр түрлі жастағы балалардың сол мекемелерге деген қажеттілік көрсеткіштерімен анықталады.

69. Кварталдарда (шағынаудандарда) көшелер мен жолдарды орналастыру 11 бөлімге сәйкес жүргізіледі.

70. Көп қабатты автомобиль тұрақтарын орналастыруда 11 бөлімдегі кестелер талаптары басшылыққа алынады..

71. Квартал (шағынаудан) территорисының бір бөлігі ретіндегі жекелеген жер территорияларын жоспарлау құжаттарын дайындауда орналастырылатын нысандар онымен шектесетін құрылыс нысандарымен сәйкес болып, тұрғындарға әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету деңгейінде болуы қажет.

72. Тұрғынжай аймағының кварталдарында (шағынаудандарда) жалпы қалалық мақсаттағы нысандар орналастырылмайды.

73. Ортақ кеңістік (аула) арқылы біріктірілген тұрғын үйлер тобы территориясында транзитті өткелдер құрылымына тыйым салынады..

74. Функционалды-жоспарлық тұрғынжайлар усадьбалық құрылыстардан тұруы мүмкін.

Аулалық құрылыстарды:


ауылдық елдімекендерде;
қала аумағынан тыс жерлерде-бос территорияларды, басқа типтегі құрылыстарды салуға ыңғайсыз территорияларды, қалалық сипатты сақтайтын жерлерде;
қала маңы аймақтарында-жасыл белдеу территориясынан тыс қала көлеміне кіретін резервті территориялар;
қаладан транспортпен қатынағанда жерлердегі жаңа дамып келе жатқан елдімекендер.
75. Ауылдық елдімекендердегі тұрғынжай аймағын жоспарлау өндірістік нысандармен байланыста, санитарлық-эпидемеологиялық және экологиялық талаптарға сай анықталады.
76. Ауылдық елдімекендерде бір-екі пәтерлі усадьбалық типтегі тұрғын үйлер мен көп пәтерлі, аз қабатты , жер телімдері бар тұрғын үйлерді (пәтерлерді) қарастыру керек.
77. Негіздемеге сәйкес орта дәрежелі қабаты бар көп пәтерлі үйлер салуға болады.
78. Аулалық құрылыс салуды қаланың болашағы бар көп қабатты үйлерін орналастыруға жоспарланған аудандарында, жалып қалалық архитектуралы-жоспарлық остер шеңберінде орналастыруға болмайды.

79. Елдімекендерді жоспарлау мен оларда құрылыс салуда оның аумағынан тыс жерлердегі бақшалық, саяжайлық серіктестіктер территориясы реконструкциялауға жататын аз қабатты құрылыс ауданы ретінде қарастырылады.

80. Аулалық құрылыс аудандарын көгалдандыру, абаттандыру, территорияларды инженерлік құралдармен қамтамасыз ету, оларға күнделікті қызмет көрсету мекемелері мен өндірістерін орналастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін жеке тұрғын құрылыс салу аудандарын жоспарлау және құрылысын салу бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сай жүйелі қызмет көрсететін негіздемелерге сәйкес жүзеге асады.

81. Аула жаны мен пәтерлер маңындағы жер телімдерін анықтауда тұрғындардың демографиялық құамын, әртүрлі көлемдегі елдімекендердің жағдайлары мен қала құрылысын салу ерекшеліктерін, тұрғынжай құрылысының сиаптын, онда тұрғындарды орналастыру шарттарын Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жүзеге асады.


Аула жаны және пәтер маңындағы, жеке құрылыстағы, жеке шаруашылықтағы жер телімдерінің көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін жеке тұрғын құрылыс салу аудандарын жоспарлау және құрылысын салу бойынша мемлекеттік норматив пен жоғарыда көрсетілген құқықтық-нормативтік актілер негізге алынады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет