Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019


) көшеден тыс аумақ: қызыл сызықтан асқан құрылыс шегіне дейінгі аумақ



бет4/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

21) көшеден тыс аумақ: қызыл сызықтан асқан құрылыс шегіне дейінгі аумақ.


22) күрежол жанындағы территория - жалпы қалалық күрежолдарға жақын, оларды қала орталығымен байланыстыратын қала көшелерінің қызыл сызығынан 50 м-ден артық емес күрежол жанындағы нысандардың жер телімдерінің жалпақтығы мен тереңдігіне сәйкес территория.
23) қабатаралық аудандар қосындысы - ғимараттың жер үстіндегі бүкіл тұрғынджайлары аудандарының қосындысы.
24) қабысу территориясы: көшенің құрылыс аймағы мен қызметтік мақсаттағы басқа да территорияларды (тұрғын, қоғамдық, рекреациялық), өндіріс аймағын бөліп тұрған территория.

25) қала құрылысы қызметтік аймағы - белгілі шекарасы бар, қала құрылысының регламентін, өмір сүрудің әлеуметтік-кепілділік жағдайларын қамтамасыз ететін нормалар мен құқықтарды сақтаған, бүтін жобалық құрылымы бар қала территориясының бір бөлігі.


26) қала құрылысын кешенді қайта жаңғырту - елдімкеннің барлық территориясында ондағы өмір сүру салты мен құрылымдық-жоспарлы элементтерін жақсартуға бағытталған функциональды және сәулет-жобалық келбетін түбегейлі жаңғыртуға алып келетін өзгерісі.

27) қонақтар тұрағы - тұрғынжай құрылысына келген қонақтардың жеңіл автокөлітеріне арналған тұрақ.


28) құрылыс салу коэффиценті - құрылыс салынып жатқан территорияның сыртқы қабырғаларының сол жер тілімінің ауданына қатынасы.
29) құрылыс тығыздылығы - территория бірлігі (мың.м2/га) мен ондағы көше-жол жүйелерінің ұзындығына(п.км/га) қатысты ғимараттың жер үстіндегі құрылыс қабаттары мен сыртқы қабырға габариттерінің қосындысы.
30) қызметтік аймақ - мақсатты функциональды пайдалану мен перспективалы дамыту жағдайларына қатысты елдімекен территориясы бөліктерінің жиынтығы.
31) морфотиптер - қаланың эволюциялық дамуындағы әртүрлі кезеңдерде салынған құрылыстар типтері.
32) орталық бөлік - елдімекеннің оның орталық бөлігінде орналасқан жері.
33) өмір сүрудің әлеуметтік-кепілдік шарттары - қазіргі заманғы әлеуметтік, гигиеналық, қала құрылысы талаптарына сәйкес қалалық ортаның жағдайы. Бұл шарттарға қала құрылыс нормаларының нысандарын жоспарлау параметрлерін сақтау арқылы қол жеткізеді
34) рампалық өткелдер - көп қабатты тұрақ жағдайындағы автокөліктер өтуге арналған арнайы еңкейтілген құрылыс.
35) сервитут - міндеткерлік-бөтен біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы (мысалы біреуге тиесілі жер телімі арқылы жүріп өту немесе көлікпен өту құқығы) немесе біреудің меншік құқықтарын шектеу (мысалы көрші телімге көлеңке түсіруі мүмкін құрылыстарды салуға тыйым салу; әкімшілік сервитут жеке меншіктегі жер телімдерінде инфрақұрылымдық желілерді тартуға мемлекеттің құқығы болып табылады).
36) сыртқы (визуальды) жарнама - жылжитын және жылжымайтын нысандарда орналастырылған, сонымен қатар автокөлік жолдардың жиегінде, елдімекендердегі ғимараттардан тыс жерлерге орнатылған жарнама.
37) тарихи аудан - елдімекен территориясында сақталған тарихи-мәдени құндылығы бар жылжымайтын мүлік немесе оның бір бөлігі, үзігі, жоспарлы құрылымы, табиғат ландшафтының бөлшегі.
38) территорияларды пайдалану жиілігі (құрылыс салу жиілігі) - территориялардың нормативті өлшемдері, құрылыс салу коэффиценттері, құрылыс тығыздылығы көрсеткіштері көрсетілген қаланың бас жоспарында бекітілген қала құрылысын салудың мақсаттылығына сәйкес табиғи ландшафт пен ғимараттар мен құрылыстардың жалпы өлшемдері.
39) транспорттық инфрақұрылым - қала ішіне, сыртына, қала маңына бағытталған, оларды байланыстыратын, жолаушылар және жүк тасымалдайтын транспорттарға арналған ғимараттар мен коммуникациялар жүйесінің жиынтығы.
40) тұрғынжай құрылысының тығыздылығы - тұрғын үйдің жер үстіндегі қабаттары ауданы мен сыртқы қабырғалары габариттеріндегі тұрғын үй территориясына(мың м2/га) сәйкес аралас құрылысы бар тұрғынжайға жатпайтын құрылыстардың қосындындысы.
41) усадьбалық (иелік) құрылыс - бір немесе екі пәтерлі аз қабатты шаруашылық мақсатындағы қосымша құрылыстары, бау-бақшалық жері бар, қажетті жағдайда құс, мал өсіруге рұқсат етілген территория.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет