Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019


) аз қабатты үй: жабдықталған және қолданыстағы аз қабатты тұрғын үй ғимараты



бет3/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

6) аз қабатты үй: жабдықталған және қолданыстағы аз қабатты тұрғын үй ғимараты.


7) аралық аймақ - елдімекеннің орталық белдеуі мен оның шекарасы аралығындағы аймақ.
8) арнай қорғалатын табиғат территорияларының табиғи кешендері - арнайы қорғауға жататын биологиялық түрлер мен өлі табиғат нысандарының жиынтығы.
9) әкімшілік-жоспарлау ауданы - қаланың әкмшілік-территориялық бөлінісі- өзара қызметтік байланысы және ортақ жобалау құрылымы бар қала территориясының бір бөлігі.

10) гараждық кешендер - автосервиспен немесе автомобильдердің қосалқы бөлшектерін сатумен байланысты, техникалық және басқа да түрлі қызметтер көрсететін, автомобильдерді қоятын немесе сақтайтын ғимараттар не ғимараттар тобы. Гараждық кешендерде шағын көлемді май құю бекеттері орналасуы мүмкін. Сонымен қатар гараждық кешен басқа да қызметтік мақсаттағы нысандармен(білім беру, емдеу, балалар мекемелерінен басқа) толықтырылады.


11) елдімекеннің жоспарлы каркасы - урбанизацияланған және табиғи сызықтар арқылы қалыптасқан негізгі коммуникациялық және жоспарлық құрылымын жүзеге асыратын, материалдық ортаның жоспарлы элементтерін байланыстыруша басты жүйесі.
12) елдімекеннің жоспарлы құрылымы - елдімекен мен қала маңы аймағы тұрғындарының негізгі өмір сүру қызметтерінің жүзеге асуын анықтайтын жоспарлы лементтердің ішкі өзара байланысы және құрылысы.
13) ерекше қорғалатын табиғат территориясы - арнайы қорғау режимі орнатылған мемлекеттік нысанның табиғи-қорықтық қоры мен табиғат кешендеріндегі жер телімдері, су нысандары, әуе кеңістігі.
14) жалпықалалық сәулет-жоспарлық сызықтар аймағы - негізгі қоғамдық орталықтарды, қызметтік және аймақ дамуының негізгі бағыттарын анықтайтын аумақтарды байланыстыратын елдімекен территориясының қала құрылысына арналған құрылымдық бөлігі.
15) жекелеген құрылыс салу - кейбір типологиялық сипаттамаларға сәйкес осы категорияға жатқызылатын нысандар (жекелеген азаматтар мен құрылыс мекемелерінің қаражатына коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсатта салған ғимараттар, құрылыстар немесе инженерлік қызметті қамтамасыз ететін жүйелер). Бұған төмендегі категориялар жатады:
жекелеген, бөлекше тұрған, қоршалған тұрғын үйлер;
үй иелерінің жекелеген қызмет түрімен айналысуына байланысты жеке тұрғын үйлеріне қосып салған қоғамдық мақсаттағы жайлар*;
жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру мақсатындағы инженерлік қамтамасыз ететін элементтері бар өндіріс нысандары.
* Қоғамдық немесе басқа да мақсаттағы иесінің жекелеген қызмет түріне қатысты оның тұрғынжайына қосылып салынған нысандарға дүкендер, кафелер, видеозалдар, би барлары, мұражай немесе көрме залдары, жеке кітапханалар, ақпараттық орталықтар, шығармашылық студиялары мен шеберханалары, жергілікті ұсталардың шеберханалары, тренажер залдары, кіші спорт залдар, кіші бассейндер, сауналар мен массаж жасайтын орындар кометалогиялық, дәрігерлік кабинеттер, шаштараздар және тағы да басқа өртке қарсы қауіпсіздік шаралары, санитарлық, экологиялық т.б. талаптарды бұзбайтын, заңға қайшы әрекет етпейтін, тұрғынжайлар мен олардың территорияларында болуына тыйым салынбаған орындар жатады.
16) инженерлік инфрақұрылым - тұрғындардың өмір сүруіне қажетті барлық ресурстарды қамтамасыз ететін инженерлік коммуникациялар (жүйелер, нысандар мен құрылыстар) мен қоршаған ортаның экологиялық сипатын жақсартатын жүйелер жиынтығы.
17) квартал - көше-жол жүйелерінің қызыл сызығы арқылы шектелген көшеаралық территория.
18) кластер - жеке өндірістік немесе қызмет көрсету фирмаларының, технологиялар мен ноу-хау құрастырушылардың, нарық институттары мен тұтынушаларды байланыстыратын, бағаны қоюда бірлесе жұмыс жасайтын ерікті бірлестіктер жүйесі.
19) коттедж құрылыстары - белсенді ауылшаруашылығы қызметімен айналысуға арналмаған, жекеше тұрған, бір пәтерлі 1,2,3 қабатты, 800 метр2-ден артық жер көлемі бар бөлекше тұрған тұрғынжайлар аймағы.
20) көгалдандырылған территориялар жүйесі - жоспарлауды ұйымдастыру мен қызметтік өзара байланысы бар, арнайы мақсаттағы, шектеулі қолданыстағы немесе жалпы қолдныстағы көгалдандырылған территория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет