4-тарау. Мақсаты мен қызметтік талаптары
1-параграф. Мақсаты нормативтік талаптар
8. Осы құрылыс нормаларының мақсаты – қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен құрылысына арналған негізделген міндетті жалпы талаптарды орындауға тіршілік әрекет жағдайын қамтамасыз ету, техногенді факторлардың әсерінен халықтың денсаулығын сақтау мен қоршаған табиғи ортаны қорғау, сондай ақ Қазақстан Республикасы заңдарымен орнатылған жағдайды жасау, халықтың кіші мобильді топтарын қоса азаматтарды әлеуметтік кепілдендіру, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін ғимараттармен қамтамасыз ету, абаттанған инженерлік және транспорттық инфраструктура болып табылады.
2-параграф. Функционалдық талаптары
Гигиена талаптары, адам өмірін қорғау, қоршаған ортаны сақтау охраны окружающей среды
9. Елді мекендерді жоспарлау мен салу кезінде өмір тіршілік қауіпсіздігі шараларын сақтау қажет. Қауіпсіздік факторлары халықаралық құжаттар арқылы реттеліп, оған экономикалық, демографиялық, экологиялық қауіпсіздіктер критерийлерін, төтенше жағдайларды болғызбау және сол елдімекендерде лайықты, қауіпсіз өмір сүру шаралары кіреді.
10. Қалалық және ауылдық елдімекендерді көшіру, жобалау, құрылыс жұмыстарын жүргізу, оларды пайдалану табиғат-климаттық, санитарлы-гигиеналық талаптарды сақтау, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы мен гигиенасын сақтау, өрт қауіпсіздігін болдырмау және елдімекендер мен олардың аралығындағы жерлердің тұрақты дамуын бұзбай жүзеге асуы тиіс.
11. Тұрғылықты ортаны қалыптастыру кешенді түрде жүзеге асып, адамның баспана мен оны қоршаған ортаны абаттандыруға деген әртүрлі қажеттіліктерін өтеп, қалалық және ауылдық елдімекендердің санитарлы-техникалық деңгейін көтеру қажет.
12. Тұрғындардың жұмысқа, мәдени-әлеуметтік нысандарға, демалыс орындарына транспорттық құралдар арқылы бара алу мүмкіндігі ескеріліп, территория қауіпсіздігі, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды мейлінше болдырмайтындай жағдай жасап, жеке және қоғамдық транспортты пайдалану кезінде ыңғайлы жағдай жасалуы керек.
13. Елдімекен территориясы адамға және оның территориясындағы табиғат кешендеріне инфрақұрылымның зиянды әсері (транспорт, өндіріс, жылуэнергетикасы, коммуналдық шаруашылық) тиетін аймақ ретінде қаралуы тиіс.
Елдімекен территориясы мен оны қоршаған табиғат аймағын тиімді пайдалануға қойылатын қала құрылысын салу талаптары мен жекелеген объектілердің элементтерін құрылымдық жоспарлауда төмендегідей мәселелер ескерілуі тиіс:
Қоршаған ортаға әсер ету деңгейі;
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі талаптарына сәйкес жоспарланған қызметтер сәйкестігі;
Қоршаған ортаны қорғау шараларына қатысты қала құрылысы жобаларының негізділігі мен қолжетімділігі.
14. Қала құрылысын салу жобасындағы жоспарланған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) және тұрғындарды оның зиянды әсерінен қорғау шаралары Қазақстан Республикасының табиғатты қорғауға арналған заң намалары негізінде жүзеге асуы керек.
15. Ғимарттардың энерготиімділігін жоғарылататын, ішкі микроклиматтың сапасын арттыратын және инновациялық дизайндағы құрлыстың халықаралық «жасыл стандарттарын» енгізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |