«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені семей



бет10/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#124824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Атқару құжаттарының түсiнiгi мен түрлерi.

  2. Атқару құжаттарын орындауға беру мерзiмдерi.

  3. Атқару құжатын беру кезiндегi мерзiмнiң үзiлуi.

  4. Атқару құжатын орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру.

  5. Атқару құжаттарының көшiрмесi, оларды беру тәртiбi.

Ұсынылатын әдебиет

1. Завадская Л.Н. Реализация судебных решений: теоретические аспекты. - М., 1982.



  1. Заворотько П.П.Процессуальные гарантии исполнения судебного решения. - М., 1974.

  2. Изаксон Б.М., Левитанус М.Р. Исполнение судебных решений. - М.: Госюриздат, 1962.

  3. Исполнение судебных решений / Под ред. Балашова С.И. - М., 1979.

  4. Исполнение судебных решений / Под ред. Болдырева В.А. - М., 1959.

  5. Исполнение судебных решений затрудняется из-за пробелов в законодательстве // Российская юстиция ғ 2. 2002.


4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.



Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
4.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

  1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.

  2. Құқық саласы ретiнде азаматтық iс жүргiзу құқығының түсiнiгi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.

  3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының конституциялық, азаматтық, отбасылық, еңбек, әкiмшiлiк құқықпен, қылмыстық iстер жүргiзу құқығымен және құқықтың басқа салаларымен арақатынасы.

  4. Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi. Қазақстан Республикасының азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдары. Азаматтық iс жүргiзу нормалары, олардың құрылымы, уақытта және кеңiстiкте қолданылуы.

  5. Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң (процестiң) түсiнiгi және оның мiндеттерi. Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзудiң түрлерi. Азаматтық процестiң сатылары.

  6. Азаматтық iс жүргiзушiлiк нысанның мәнi, маңызы және негiзгi белгiлерi.

  7. Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының пәнi және жүйесi.

  8. Азаматтық iс жүргiзу құқығы қағидалартерiнiң түсiнiгi және маңызы. Қағидалартердi жiктеу.

  9. Заңдылық қағидаларi және оның азаматтық процесте iске асуы. Сотта қараудың ауызшалығы және тiкелейлiгi қағидалартерi.

  10. Сот төрелiгiн тек соттардың жүзеге асыруы, судьялардың ауыстырылмайтындығы және тағайындалатындығы (сайланбалығы), судьялардың тәуелсiздiгi және тек заңға бағынуы.

  11. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдiгi, сотта қараудың жариялығы, сот iсiн жүргiзу тiлi.

  12. Диспозитивтiк, жарыспалық және тараптардың iс жүргiзудегi тең құқықтылығы қағидалартерi.

  13. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың түсiнiгi, ерекшелiктерi, алғышарттары.

  14. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың мазмұны және объектiсi.

  15. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастың субъектiлерi және оларды жiктеу.

  16. Iске қатысушы тұлғалар (түсiнiгi, құрамы, құқықтары мен мiндеттерi).

  17. Азаматтық iс жүргiзудiң тараптары (түсiнiгi, белгiлерi, iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi). Тиiстi емес жауапкердiң түсiнiгi және оны ауыстырудың тәртiбi.

  18. Iс жүргiзу құқық мирасқорлығы (түсiнiгi, негiздерi және азаматтық құқықтағы құқық мирасқорлығынан айырмашылығы). Құқық мирасқорының процеске кiру (тартылу) тәртiбi және оның құқықтық жағдайы.

  19. Мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолданудың негiздерi. Мәжбүрлеу шаралары. Жауаптылықтың түрлерi. Мәжбүрлеу шараларын қолданудың тәртiбi.

  20. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түсiнiгi және маңызы. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түрлерi. Азаматтық iстердi әзiрлеу және қарау мерзiмдерi.

  21. Iс жүргiзу мерзiмдерiн есептеу. Iс жүргiзу мерзiмдерiн өткiзiп алудың салдарлары. Iс жүргiзу мерзiмдерiн тоқтата тұру. Өткiзiп алған iс жүргiзу мерзiмдерiн ұзарту және қалпына келтiру тәртiбi.

  22. Азаматтық iстердiң ведомствалық бағыныстылығының түсiнiгi және түрлерi.

  23. Азаматтық iстердiң сотқа ведомствалық бағыныстылығы. Сотқа ведомствалық бағыныстылықтың басымдығы.

  24. Дәлелдеу нысанасының түсiнiгi. Нақты азаматтық iстер бойынша дәлелдеу нысанасын анықтау. Дәлелдеуге жатпайтын фактiлер. Дәлелдемелiк фактiлер.

  25. Тараптардың дәлелдеу мiндетi. Дәлелдемелердi тапсыру. Iс үшiн маңызы бар мән-жайларды растауға байланысты дәлелдемелердi талап ету бойынша соттың ролi.

  26. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету.

  27. Сот тапсырмалары. Сот тапсырмасын берудiң және орындаудың iс жүргiзушiлiк тәртiбi.

  28. Дәлелдемелiк презумпциялар (түсiнiгi және маңызы).

  29. Дәлелдемелердiң қатыстылығы және жол берiлетiндiгi. Дәлелдеме ретiнде жол берiлмейтiн нақты деректер.

  30. Дәлделдемелердi жiктеу: алғашқы және туынды, тура және жанама, ауызша және жазбаша, жеке және заттай.

  31. Тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi және оларды бағалау.

  32. Куәлардың айғақтары( куәдан жауап алу тәртiбi, куәнiң құқықтары мен мiндеттерi, куәнiң айғақтарын бағалау ерекшелiктерi)

  33. Жазбаша дәлелдемелер. Олардың түрлерi (мазмұны және нысаны бойынша). Жазбаша дәлелдемелердi жинаудың тәртiбi.Жазбаша дәлелдемелердi олардың сақталып тұрған жерiнде қарау және зерттеу.

  34. Заттай дәлелдемелер. Олардың жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы. Заттай дәлелдемелердi тапсырудың және сақтаудың тәртiбi. Тұрған жерiнде қарау. Қарау хаттамасы. Заттай дәлелдемелерге билiк ету.

  35. Сараптама тағайындау. Сарапшының құқықтары мен мiндеттерi. Сараптама тағайындаудың тәртiбi. Сарапшының қортындысы, оның мазмұны.

  36. Қосымша және қайталама сараптама. Жеке, комиссиялық және кешендi сараптама.

  37. Маман консультациясының (түсiндiрмесiнiң) маңызы. Оның құқықтары мен мiндеттерi. Дәлелдеу барысындағы ғылыми-техникалық құралдар.

  38. Талап қою арқылы iс жүргiзудiң түсiнiгi және мәнi. Талап қою арқылы iс жүргiзу ережелерiнiң маңызы.

  39. Талап (түсiнiгi, түрлерi, элементтерi). Талаптардың ұқсастығы.

  40. Мемлекеттiк өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттiк қызметшiлердiң шешiмдерi мен әрекеттерiне (немесе әрекетсiздiктерiне) дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзу.

  41. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылыңына орай дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзу.

  42. Органдар мен лауазымды тұлғалардың актiлерi мен әрекеттерiн заңсыз деп тану туралы прокурордың жүгiнуi.

  43. Ерекше iс жүргiзудiң түсiнiгi және мәнi. Ерекше iс жүргiзудiң талап қою арқылы және ерекше талап қою арқылы iс жүргiзуден айырмашылығы.

  44. Соттың заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстердi қарауы.

  45. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектелген немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iстердi қарау.

4.3 Бірінші аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау сұрақтары

1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.

2.Құқық саласы ретiнде азаматтық iс жүргiзу құқығының түсiнiгi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.

3Азаматтық iс жүргiзу құқығының конституциялық, азаматтық, отбасылық, еңбек, әкiмшiлiк құқықпен, қылмыстық iстер жүргiзу құқығымен және құқықтың басқа салаларымен арақатынасы.



  1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi. Қазақстан Республикасының азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдары. Азаматтық iс жүргiзу нормалары, олардың құрылымы, уақытта және кеңiстiкте қолданылуы.

  2. Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң (процестiң) түсiнiгi және оның мiндеттерi. Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзудiң түрлерi. Азаматтық процестiң сатылары.

  3. Азаматтық iс жүргiзушiлiк нысанның мәнi, маңызы және негiзгi белгiлерi.

  4. Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының пәнi және жүйесi.

  5. Азаматтық iс жүргiзу құқығы қағидаларының түсiнiгi және маңызы. Қағидаларды жiктеу.

  6. Заңдылық қағидаларi және оның азаматтық процесте iске асуы. Сотта қараудың ауызшалығы және тiкелейлiгi қағидалары.

  7. Сот төрелiгiн тек соттардың жүзеге асыруы, судьялардың ауыстырылмайтындығы және тағайындалатындығы (сайланбалығы), судьялардың тәуелсiздiгi және тек заңға бағынуы.

  8. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдiгi, сотта қараудың жариялығы, сот iсiн жүргiзу тiлi.

  9. Диспозитивтiк, жарыспалық және тараптардың iс жүргiзудегi тең құқықтылығы қағидалары.

  10. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың түсiнiгi, ерекшелiктерi, алғышарттары.

  11. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың мазмұны және объектiсi.

  12. Iске қатысушы тұлғалар (түсiнiгi, құрамы, құқықтары мен мiндеттерi).

  13. Азаматтық iс жүргiзудiң тараптары (түсiнiгi, белгiлерi, iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi). Тиiстi емес жауапкердiң түсiнiгi және оны ауыстырудың тәртiбi.

  14. Iс жүргiзуге тең қатысу (түсiнiгi, мақсаттары, негiздерi, түрлерi). Тең қатысушылардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

  15. Азаматтық процестегi үшiншi тұлғалардың түсiнiгi. Олардың түрлерi.

  16. Даудың нысанасына дербес талабын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар. Олардың iске кiру негiздерi және тәртiбi. Дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi. Олардың тең талап қоюшылардан айырмашылығы.

  17. Даудың нысанасына дербес талабын мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалар. Олардың iске кiру немесе тартылу негiздерi және iс жүргiзушiлiк тәртiбi. Дербес талаптарын мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi. Олардың тең қатысушылардан (тең талап қоюшылар мен тең жауапкерлерден) айырмашылығы.

  18. Қоғам дамуының қазiргi кезеңiндегi азаматтық процестегi прокуратураның мiндеттерi. Прокурордың азаматтық процеске қатысуының негiздерi және нысандары. Оның iс жүргiзушiлiк жағдайы.

  19. Басқа тұлғалардың құқықтарын және мүдделерiн қорғау үшiн мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негiздерi және мақсаттары.

  20. Азаматтық iстi аталған тұлғалармен қорғаудың шарттары. Олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

  21. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының iс бойынша қорытынды беру үшiн процеске қатысуы. Олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

  22. Сотта өкiлдiк етудiң түсiнiгi. Сотта өкiлдiк етудiң негiздерi және түрлерi (заңды, шартты, жарғылық және қоғамдық немесе тапсырма бойынша және заңды өкiлдiк).

  23. Соттағы өкiлдiң өкiлеттiктерi (көлемi және рәсiмделуi).

  24. Сотта өкiл бола алмайтын тұлғалар.

  25. Сот шығындары (түсiнiгi, түрлерi, сот шығынын төлеуден босату, сот шығындарын бөлу)

  26. Мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолданудың негiздерi. Мәжбүрлеу шаралары. Жауаптылықтың түрлерi. Мәжбүрлеу шараларын қолданудың тәртiбi.

  27. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түсiнiгi және маңызы. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түрлерi. Азаматтық iстердi әзiрлеу және қарау мерзiмдерi.

  28. Iс жүргiзу мерзiмдерiн есептеу. Iс жүргiзу мерзiмдерiн өткiзiп алудың салдарлары. Iс жүргiзу мерзiмдерiн тоқтата тұру. Өткiзiп алған iс жүргiзу мерзiмдерiн ұзарту және қалпына келтiру тәртiбi.

  29. Азаматтық iстердiң ведомствалық бағыныстылығының түсiнiгi және түрлерi.

  30. Азаматтық iстердiң сотқа ведомствалық бағыныстылығы. Сотқа ведомствалық бағыныстылықтың басымдығы.

  31. Дәлелдеу нысанасының түсiнiгi. Нақты азаматтық iстер бойынша дәлелдеу нысанасын анықтау. Дәлелдеуге жатпайтын фактiлер. Дәлелдемелiк фактiлер.

  32. Тараптардың дәлелдеу мiндетi. Дәлелдемелердi тапсыру. Iс үшiн маңызы бар мән-жайларды растауға байланысты дәлелдемелердi талап ету бойынша соттың ролi.

  33. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету.

  34. Сот тапсырмалары. Сот тапсырмасын берудiң және орындаудың iс жүргiзушiлiк тәртiбi.

  35. Дәлелдемелiк презумпциялар (түсiнiгi және маңызы).

  36. Дәлелдемелердiң қатыстылығы және жол берiлетiндiгi. Дәлелдеме ретiнде жол берiлмейтiн нақты деректер.

  37. Дәлделдемелердi жiктеу: алғашқы және туынды, тура және жанама, ауызша және жазбаша, жеке және заттай.

  38. Тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi және оларды бағалау.

  39. Куәлардың айғақтары( куәдан жауап алу тәртiбi, куәнiң құқықтары мен мiндеттерi, куәнiң айғақтарын бағалау ерекшелiктерi)

  40. Жазбаша дәлелдемелер. Олардың түрлерi (мазмұны және нысаны бойынша). Жазбаша дәлелдемелердi жинаудың тәртiбi.Жазбаша дәлелдемелердi олардың сақталып тұрған жерiнде қарау және зерттеу.

  41. Заттай дәлелдемелер. Олардың жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы. Заттай дәлелдемелердi тапсырудың және сақтаудың тәртiбi. Тұрған жерiнде қарау. Қарау хаттамасы. Заттай дәлелдемелерге билiк ету.

  42. Сараптама тағайындау. Сарапшының құқықтары мен мiндеттерi. Сараптама тағайындаудың тәртiбi. Сарапшының қортындысы, оның мазмұны.

  43. Қосымша және қайталама сараптама. Жеке, комиссиялық және кешендi сараптама.

  44. Маман консультациясының (түсiндiрмесiнiң) маңызы. Оның құқықтары мен мiндеттерi. Дәлелдеу барысындағы ғылыми-техникалық құралдар.

  45. Талап қою арқылы iс жүргiзудiң түсiнiгi және мәнi. Талап қою арқылы iс жүргiзу ережелерiнiң маңызы.

  46. Талап (түсiнiгi, түрлерi, элементтерi). Талаптардың ұқсастығы.

  47. Талапқа құқық және талап қою құқығы.

  48. Талаптарды қосу және бөлу, олардың тәжiрибелiк мәнi.

  49. Талапты өзгерту. Талап қоюшының талаптан бас тартуы. Талапты тану. Бiтiмгершiлiк келiсiм.

  50. Талапты қамтамасыз етудiң және талапты қамтамасыз етудiң күшiн жоюдың тәртiбi.

  51. Жауапкердiң мүддесiн қорғау (талапқа қарсылық бiлдiру, қарсы талап).

  52. Талап қою тәртiбi. Талап арыз және оның реквизиттерi.

  53. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Талап арыздағы кемшiлiктердi түзетудiң тәртiбi.

  54. Талап арызды қайтару. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.

  55. Талап арызды қабылдау. Азаматтық iстi қозғаудың құқықтық салдары.

4.4 Екінші аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау сұрақтары

1. Iстi сотта қарауға әзiрлеу және оның маңызы.



  1. Судьяның iстi сотта қарауға әзiрлеу тәртiбiмен жасайтын iс жүргiзу әрекеттерi. Iстi қарауға тағайындау. Сот хабарлаулары мен шақырулары.

  2. Iстi сотта қарау және оның маңызы. Сот отырысында төрағалық етушiнiң ролi.

  3. Сот отырысының бөлiктерi.

  4. Iс бойынша iстi қарауды кейiнге қалдыру. Iс жүргiзудi тоқтата тұру.

  5. Iстi сот шешiмiн шығармай аяқтау: iс бойынша iс жүргiзудi қықарту; арызды қараусыз қалдыру.

  6. Сот отырысының хаттамасы, оның мазмұны және маңызы. Хаттамаға ескертпелер.

  7. Сот актiлерiнiң түсiнiгi және түрлерi.

  8. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы.

  9. Сот шешiмiне қойылатын талаптар.

  10. Сот шешiмiнiң кемшiлiктерiн оны шығарған соттың түзетуi: қосымша шешiм; шешiмдi түсiндiру; қате жазулар мен арифметикалық қателердi түзету.

  11. Шешiмнiң түрлерi және құрылымы.

  12. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi). Шешiмдi орындау мерзiмiн ұзарту және кейiнге қалдыру. Шешiмдi орындау тәсiлi мен тәртiбiн өзгерту.

  13. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Сот шешiмiнiң заңды күшiнiң объективтiк және субъективтiк шектерi.

  14. Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдары. Ұйғарымдардың түрлерi (мазмұны, нысаны және ұйғару тәртiбi бойынша).

  15. Сырттай iс жүргiзу (түсiнiгi, негiздерi және тәртiбi)

  16. Сырттай шешiмнiң күшiн жою туралы арызды қарау тәртiбi. Соттың өкiлеттiгi.

  17. Сырттай шешiмнiң күшiн жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту. Сырттай шешiмнiң заңды күшiне енуi.

  18. Сырттай шешiмнiң күшiн жою және iстi қайта қарау.

  19. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу.

  20. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзу.

  21. Мемлекеттiк өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттiк қызметшiлердiң шешiмдерi мен әрекеттерiне (немесе әрекетсiздiктерiне) дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзу.

  22. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылыңына орай дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзу.

  23. Органдар мен лауазымды тұлғалардың актiлерi мен әрекеттерiн заңсыз деп тану туралы прокурордың жүгiнуi.

  24. Ерекше iс жүргiзудiң түсiнiгi және мәнi. Ерекше iс жүргiзудiң талап қою арқылы және ерекше талап қою арқылы iс жүргiзуден айырмашылығы.

  25. Соттың заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстердi қарауы.

  26. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектелген немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iстердi қарау.

  27. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы iстер бойынша iс жүргiзу.

  28. Заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы iстердi қарау.

  29. Жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану және жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану туралы iстердi қарау.

  30. Бала асырап алу туралы арыздар бойынша iстердi қарау.

  31. Азаматтық хал-актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы істерді қарау.

  32. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар бойынша істерді қарау.

  33. Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істерді қарау (шақыртылып іс жүргізу).

  34. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.

  35. Сот бұйрығын шығару туралы арыз (нысаны мен мазмұны, тапсыру тәртібі, арызды қабылдаудан бас тартудың және қайтарудың негіздері, арыздағы кемшіліктерді жою).

  36. Сот бұйрығын шығару тәртібі және мерзімі.

  37. Сот бұйрығының мазмұны. Оның сот шешімінен айырмашылығы. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру.

  38. Сот бұйрығының күшін жою.

  39. Заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдарға апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру сатысының мәні және маңызы.

  40. Апелляциялық шағымның (наразылықтың) мазмұны. Апелляциялық шағымды (наразылықты) ұсыну тәртібі. Шағымға қосылу құқығы. Шағымға (наразылыққа) қарсылық.

  41. Шағымды (наразылықты) қозғалыссыз қалдыру. Апелляциялық шағымды (наразылықты) қайтару.

  42. Апелляциялық қараудың нысанасы. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың шектері.

  43. Апелляциялық іс жүргізу тәртібімен істі қараудың мерзімі.

  44. Апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істерді қараудың іс жүргізушілік тәртібі.

  45. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі.

  46. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не өзгертудің негіздемелері.

  47. Апелляциялық сатыдағы сот актілері. Олардың мәні мен мазмұны.

  48. Апелляциялық сатыдағы сот нұсқауларының міндеттілігі.

  49. Сот актілерін соттық қадағалау тәртібімен қайта қарау сатысының мәні мен маңызы.

  50. Қадағалау тәртібімен қайта қараудың және наразылық келтірудің негіздері.

  51. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасауға, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар.

  52. Қадағалау шағымы (қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінім) Наразылықтың мазмұны және оны келтіру тәртібі.

  53. Қадағалау шағымын (өтінімін), наразылығын қайтару.

  54. Қадағалау шағымын сотта алдын-ала қарау және оның іс жүргізушілік салдарлары.

  55. Қадағалау сатысындағы сотта істі қараудың шектері. Істі қадағалау тәртібімен қараудың іс жүргізушілік тәртібі және мерзімдері.

  56. Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттіктері.

  57. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын сот нұсқауларының міндеттілігі.

  58. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау азаматтық процестің сатысы ретінде.

  59. Соттың жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыздарды қарауы.

  60. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу.

  61. Атқарушылық іс жүргізудің тараптары, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

  62. Мәжбүрлеп орындауға жататын актілер (атқару негіздері). Атқару құжаттарының түрлері.

  63. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімдері. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту. Атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару).

  64. Сот шешімін кері орындау. Сот шешімін кері орындау туралы мәселені қарау. Сот шешімін кері орындау туралы мәселені апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттың шешуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет