Азаматтық қорғау туралы



бет11/11
Дата14.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#136117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

               құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алу
      Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
6-бөлім. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де
жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және
әлеуметтік қорғалуы 17-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де
жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және
әлеуметтік қорғалуы
      106-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері
               мен өзге де жұмыскерлерінің мәртебесі
      1. Азаматтық қорғау органдары азаматтық қорғаныс басқармалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілерінен, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерінен, құтқарушылардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де жұмыскерлерінен жасақталады.
      2. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою, азаматтық қорғауды ұйымдастыру және жүргізу, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы функцияны жүзеге асырады.
      Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдеріндегі әскери лауазымдардың және оларға сәйкес әскери атақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      3. Уәкілетті органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызметтен өтетін адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебені иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
      4. Арнаулы атақтар берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында әскери қызметтен өтетін адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебені иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызметке жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерді иеленуге құқық беретін мемлекеттік өртке қарсы қызметтің лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерімен жүзеге асырылады.
      6. Азаматтық қорғау органдарының өзге жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленеді.
      7. Әскери қызметшілер және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері әскери және арнайы атақтарына сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім-кешек киеді.
      8. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге жұмыскерлері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, әскери техникамен сабақтарда, арнайы міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган белгілеген арнайы киімді киеді.
      9. Азаматтық қызметшілер және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын азаматтық қорғау органдары жүйесінің мемлекеттік мекемелері жұмыскелері еңбегінің реттелу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.
      10. Осы Заңда белгіленген негізгі міндеттерден туындайтын азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің нақты міндеттері типтік біліктілік талаптары негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік органдар мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітетін лауазымдық нұсқаулықтарда (функционалдық міндеттерінде) көрсетіледі.
      107-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерi
               мен өзге де жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу,
               оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру
      1. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерi мен өзге де жұмыскерлері үшін еңбекақы төлеу, зейнетақымен және өзге қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс өтіліне қарай ай сайын лауазымдық еңбекақысына пайыз есебімен еңбек сіңірген жылдары:
      1) үш жылдан асқанда - он бес пайыз;
      2) бес жылдан асқанда - жиырма пайыз;
      3) он жылдан асқанда - отыз пайыз;
      4) он бес жылдан асқанда - қырық пайыз;
      5) жиырма жылдан асқанда - елу пайыз мөлшерінде үстемеақы төленеді.
      Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы төлеу үшін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен есептеледі.
      3. Әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және азаматтық қорғау органдарының авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген үлгілер мен нормаларға сәйкес нысанды киім және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.
      108-бап. Өмір мен денсаулықты қорғау.
               Медициналық қамтамасыз ету
      1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері уәкілетті органның медициналық бөлімшелері мен медициналық ұйымдарында уәкілетті органға көзделген бюджеттік қаражат есебінен медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Азаматтық қорғау органының қызметкері қызмет ететiн (жұмыс істейтін) немесе тұратын жерiнде уәкілетті органның медициналық ұйымдары жоқ болса, не оларда тиiстi бөлiмшелер не медициналық көрсеткiштер бойынша арнаулы жабдықтар жоқ болса, ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық ұйымдарда және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдарда тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетiледi.
      Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері отбасы мүшелерінің (әйелдері, күйеулері, 18 жасқа дейінгі балалары) және өзге де жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдардың уәкілетті органның медициналық ұйымдарында тегін медициналық көмекке құқығы бар.
      Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері уәкілетті органға көзделген бюджеттік қаражат есебінен және шегінде медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасындағы санаторий-курорттық емделуге және оңалтуға жіберіледі.
      Осы бапта көрсетілген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен жеңілдіктері жасына, денсаулығына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты әскери қызметтен босатылған, қызмет өткеруiнiң жалпы ұзақтығы 20 және одан да көп жыл болған азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерiне де қолданылады.
      Азаматтық қорғаныстың әскерге шақыруы бойынша әскери қызметшілері, уәкілетті органның оқу орындары курсанттары оларда медициналық көрсеткіштері болса, уәкілетті органның медициналық бөлімшелері мен медициналық ұйымдарында уәкілетті органға көзделген бюджеттік қаражат есебінен және шегінде медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқылы.
      Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің балаларында олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетілу құқығы сақталады.
      2. Азаматтық қорғау саласындағы органдарда бекітілген контингентті және қызметке (жұмысқа) орналасатын адамдарды медициналық және психофизиологиялық куәландыру жүргізу үшін әскери-дәрігерлік комиссиялар құрылады.
      Азаматтық қорғау саласындағы органдарға қызметке (жұмысқа) қабылданатын азаматтар қызметке (жұмысқа) жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық куәландырудан өтеді.
      Азаматтық қорғау органы қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздығы, емделуде үздiксiз болу кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген аурулар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиiс. Қызметкер емделуде үздiксiз болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, ол өзiнiң одан әрi қызметке (жұмысқа) жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссиядан медициналық куәландырудан өтуге тиiс.
      Қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қызметкерлердің емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландыруға емделiп болған соң немесе ауруының нәтижесi анықталған кезде жiберiледi.
      Азаматтық қорғау органдарының жиi және ұзақ ауыратын қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің, егер еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны он екі айда сол бiр ауру бойынша үзiлiссiз төрт айға дейiнгі немесе жыл iшiнде әртүрлi аурулар бойынша бес айға дейiнгi уақытты құрайтын болса, қызметтi (жұмысты) одан әрi атқаруға жарамдылығын анықтау үшiн азаматтық қорғау органдарының кадр бөлімшелері уәкілетті органның медициналық ұйымдарының ұсыныстары бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.
      109-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң
               әлеуметтiк кепiлдiктерi
      1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.
      3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (өлген) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда асырауындағы адамдарға оның соңғы атқарған қызметi бойынша бiр жылдық жалақысының кемiнде он есе мөлшерiндегі бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
      4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде алынған жарақат (зақымдану, жаралану, контузия), ауру салдарынан мүгедектiк белгiлеу кезiнде оған:
      1) I және II топтардағы мүгедекке – бiр жылдық жалақысының бес еселенген мөлшерiнде;
      2) III топтағы мүгедекке – бiр жылдық жалақысының екi еселенген мөлшерінде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
      5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiгі белгiленбей, еңбек қабiлетiн тұрақты жоғалтқан ауыр жарақат алған (зақымдану, жаралану, контузия), ауырған жағдайда оған бiр жылдық жалақысынан кем емес мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
      6. Егер құтқарушының қаза табуы (өлімi), жарақаттануы, жаралануы (жарақаттануы), ауруы қызметтiк мiндетiн атқарумен байланысты емес мән-жайларға қатысты болғандығы белгiленген тәртiппен дәлелденсе, осы Заңның 3, 4, 5-тармақтарында белгiленген бiр жолғы жәрдемақы төленбейдi.
      7. Қайтыс болған немесе қаза тапқан авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушысын жерлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін мөлшерде жәрдемақы беріледі.
      8. Осы баптың 3, 4, 5, 7-тармақтары бойынша жәрдемақы авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарын қамитын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді және осы ұйымдардың шығындары кейіннен залал келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі.
      9. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша құтқарушылардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметiнің құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдар жұмыскелері үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. Олардың жалақысының мөлшері олар қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілерінің тиісті санаттардағы жұмыскерлерінің жалақысының мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
      11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға қолданылады.
7-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер 18-тарау. Қорытынды ережелер
      110-бап. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру
      Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру:
      1) бюджет қаражаттары;
      2) ұйым қаражаттары;
      3) азаматтардың, қорлардың, діни және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.
      111-бап. Азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы
               бұзғаны үшін жауапкершілік
      1. Белгіленген нормативтерді, техникалық регламенттерді және қағидаларды орындамауына немесе жауапсыз орындауына, авариялардың, зілзалалар мен апаттардың пайда болуына жағдайлар мен алғышарттар жасаған, халықты, қоршаған ортаны және объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан және азаматтық қорғаныс саласындағы құқыққа қарсы басқа іс-қимылдардан қорғау жөніндегі шараларды қабылдамаған кінәлі лауазымды адамдар мен азаматтар тәртіптік, әкімшілік, мүліктік және қылмыстық жауапкершілікке, ал ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мүліктік жауапкершілікке тартылады.
      2. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізген кезде азаматтардың денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіргені, қоршаған ортаға, материалдық және мәдени құндылықтарға шығын келтіргені, еңбек шартында оларға жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін кінәлі жұмыс басшылары мен авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының құтқарушылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      112-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық
               құндылықтарымен жүргізілетін операциялар
               бойынша жауапкершілік
      1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
      2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операцияларға қатысушылар арасындағы шартта мүлiктiк жауапкершiлiктiң қосымша шаралары көзделуi мүмкiн.
      113-бап. Азаматтық қорғау саласындағы дауларды шешу
      Азаматтық қорғау саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте соттар шешеді.
      114-бап. Азаматтық қорғау саласындағы
               халықаралық ынтымақтастық
      Уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың:
      1) шет елдердің ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен бірлесе тұрақты негізде төтенше жағдайлар мониторингін және болжамын жасау;
      2) халықаралық ұйымдардың төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл қызметін құру мен қамтамасыз етуге және азаматтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;
      3) шет елдерге гуманитарлық көмек көрсету;
      4) шет елдерде қазақстандық мамандарды оқыту;
      5) Қазақстан Республикасында шетел мамандарын оқыту;
      6) Қазақстанда және шет елдерде семинарлар, конференциялар, оқулар мен тренингтер өткізу;
      7) төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаудың түрлі аспектілері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру бағыттарына қатысады.
      115-бап. Қазақстан Республикасы аумағында
               халықаралық және шетелдік ұйымдар
               мен азаматтардың халықты азаматтық
               қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
      Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде ноталармен алмасу және «джентельмендік келісімдерді» қоса алғанда, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда регламенттелетін болса, Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік ұйымдар мен азаматтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынның алдын алу және оларды жою жөніндегі қызметіне рұқсат етіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі шет елдер жеткізетін сұратылған гуманитарлық көмектің көлемін, халықты қорғау және өзінің аумағында төтенше жағдайларды жою үшін көмек көрсету туралы өтініш білдіргісі келетін елдер мен халықаралық ұйымдар шеңберін айқындайды.
      Уәкілетті орган төтенше жағдайлар және шетелдік ұйымдар мен азаматтарды шақыру қажеттілігі туындаған жағдайда, мынадай іс-қимылдарды жүргізеді:
      1) төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және халықты азаматтық қорғауда көмек көрсетуге елдерге жәрдемдесетін ұйымдар және азаматтармен үнемі кәсіби байланыс жасап тұру;
      2) зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жүктерін, төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарды кедендік ресімдеудің тәртібін басым қамтамасыз етуге көмек көрсету;
      3) шетел мемлекеттерінің көмек көрсету бойынша топтарына Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтарының келу және кетуі үшін белгіленген рәсімдерден топ мүшелерінің өтуіне, олардың ұйымдарын орналастыруына, тіркеуге және төтенше жағдайлар ауданына шығаруға, төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша жұмыс ауқымын айқындауда көмек көрсету;
      4) төтенше жағдайлар аймағына гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін жүктерді алып жүруді және қорғауды қамтамасыз ету;
      5) гуманитарлық акциялар жүргізуді ұйымдастыру.
      Әкелуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмекті әкелу кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей және әкелуге шек қойылмай жүзеге асырылады.
19-тарау. Өтпелі ережелер
      116-бап. Өтпелі ережелер
      2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі немесе ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры арнайы атақтары берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мынадай шектік:
      1) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі елу жасқа;
      2) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.
      117-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат);
      2) «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат);
      3) «Авариялық-құтқару қызметі мен құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат);
      4) «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат);
      5) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 97-құжат);
      6) «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат).
      Қазақстан Республикасының
      Президенті
«Азаматтық қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының
Заңына қосымша    
Табиғи және техногендік сипаттағы төтеншем жағдайлардың
туындауына әкеп соқтырған авариялар, зілзалалар, апаттар
себептерін тергеу актісі
      1. Облыс (қала) атауы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жерлер (бұдан әрі – ТЖ), ұйымның атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, меншік нысаны және мекенжайы:
      _______________________________________________________________
      2. Комиссия құрамы:
      Комиссия төрағасы:_____________________________________________
                                 (тегі, аты-жөні, лауазымы)
      Комиссия мүшелері: ____________________________________________
      3. Ұйымның, объектінің, учаскенің, аумақтың, ТЖ орындарының
сипаттамасы (қысқаша) _______________________________________________
      Бұл бөлімде басқа мәліметтермен қатар: ТЖ-ға дейінгі
объектінің, жабдықтардың жұмыс режимін (бекітілген, нақты, жобалық),
авария алдындағы объект жағдайы туралы қорытынды беру, техникалық
пайдалану ережелерін сақтау; осы объектіде осыдан бұрын ұқсас ТЖ
болған-болмағанын көрсету, олардың алдын алу жөнінде іс-шаралар
әзірленді ме (қашан, кім, қандай, олар қалай орындалды).
      4. Қызмет көрсетуші персонал біліктілігі (техника қауіпсіздігі
бойынша оқуды және нұсқауды, біліктілік комиссиясында білімін
тексеруден қайда және қашан өтті).
      5. ТЖ жағдайлары (Осы бөлімнің соңында ТЖ сипаттамасын көрсету).
      6. ТЖ ұйымдастыру және техникалық себептері. (Әр себептен кейін
қандай заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының
орындалмағанын немесе бұзылғанын көрсету).
      7. ТЖ себептерін жою жөніндегі іс-шаралар (орындалу мерзімін
көрсете отырып, ТЖ салдарын жою және олардың қайталануының алдын алу
жөніндегі іс-шараларды баяндау).
      8. ТЖ-ға жол берген жауапты заңды және жеке тұлғалар туралы
қорытындылар және оларды жазалауға ұсынылған шаралар. (олардың
заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының қайсысын
орындамағанын немесе бұзғанын көрсету, ТЖкезінде жергілікті атқару
органдарының, жедел қызмет көрсету персоналдары іс-қимылдарына баға
беру).
      9. ТЖ-дан келтірілген шығынның қорытынды көлемі, барлығы _____ МЫҢ ТЕҢГЕ
      10. Өзге ақпарат (қажет болған жағдайда).
      Тергеу жүргізілді және акт жасалды: ___________________________
                                             (жылы, күні, айы)
      Қосымша: тергеу материалдары ____ парақ.
      Комиссия төрағасы:
      Комиссия мүшелері:


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет