«ҚАЗақстан-2050» стратегиясы



жүктеу 1.67 Mb.
бет2/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Үшінші индустриялық революция бізден қандай әзірлікті талап етеді?

Қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси бағытын айқындайтын “Қазақстан-2050” Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адамзат өркениетін ХХІ ғасырда күтіп тұрған он жаһандық сын-қатерді атап айтқан болатын. Әйтсе де, олардың бір-бірімен өте тығыз байланысты екеніне қарамастан, ерекше мән беруге сұранып тұрған үлкен сын-қатер Үшінші индустриялық революция екені күмән тудырмайды. Өйткені, адамзат өркениеті қазір әлгі революцияның табалдырығында тұр.

Тарихқа көз жіберсек, индустриялық революциялар тек қана энергия көздерінің алмасуымен байланысты екені байқалады. Мәселен, кейінгі 200 жыл ішінде адамзат алдымен көмір мен бу энергиясына иек артқан бірінші индустриялық революцияны, ал одан соң мұнай мен табиғи газға және ядролық отынға негіздел­ген екінші индустриялық революцияны бастан кешіріп отыр. Алайда, осы уақытқа дейін энергия көздері екі рет алмасса да өркениеттің қоршаған ортаны ластауы тоқтаған жоқ. Тіпті, көмір мен мұнайдан әлдеқайда таза, қауіпсіз әрі пайдалы әсер коэффициенті ұшан-теңіз деп жүрген атом энергиясының өзі де қоршаған ортаға қандай зиян келтіргенін Чернобыль мен Фукусима АЭС-терінде орын алған апаттар айқындап берді. Оның сыртында АЭС-терден тоқтаусыз шығатын радиациялық зиянды қалдықтардан құтылу тағы да мүмкін емес.

Ресми деректер бойынша, қазіргі кезде әлемде 442 атом реакторы электр энергиясын өндіреді. Олардың ішінде: АҚШ-та – 104, Францияда – 59, Жапонияда – 54, Ресейде – 31, Ұлыбританияда – 23, Германияда – 19, Оңтүстік Кореяда – 16, Канадада – 14, Украинада – 13, Швецияда 11 реактор жұмыс істеп тұр. Электр энергиясына сұранысының 50 пайыздан жоғары мөлшерін АЭС арқылы қамтамасыз ететін бес мемлекеттің қатарына Литва (80%), Франция (76%), Словакия (57%), Бельгия (55%) және Швеция (51%) жатады.

Энергияға сұранысының үштен бірін АЭС өндіретін елдердің қатарында Болгария, Венгрия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Словения және Украина тұр. Жуық арада АЭС санын күрт өсіретін елдер Қытай мен Үндістан болмақ. Демек, радиациялық қалдықтардың көлемі де еселеп өсетіні айқын көрінеді.

Алайда, ядролық технологиясы өте мықты дамыған Жапония мемлекетінің Фукусима апатының салдарын болдырмауға шамасының келмей қалуы АЭС салуға ынталы мемлекеттер мен осы саланың мамандарын қатты ойландырғаны сөзсіз. Демек, аталған апаттан сабақ алған мемлекеттер бұдан былай энергияның балама көздеріне көшуге бар күшін салатыны күмән тудырмаса керек. Содан да болар, енді, міне, үшінші индустриялық революцияның құлағы қылтиып тұр. Оның шет жағасы қазірдің өзінде-ақ айқын сезіле бастады. Сосын, қалай болғанда да алдыңғы екі индустриялық революцияның қай-қайсысы болсын жаңа технологиялар мен әлемдік экономиканың үлкен қарқынмен дамуына өлшеусіз серпін бергенін атап айтқан жөн. Мәселен, адамзат әлі күнге дейін кезінде экономиканың локомотиві болған, түтіндері аспанға будақтаған паровоздар мен пароходтарды немесе көмірдің күшімен электр қуатын өндіретін алып электр стансаларын ұмыта қойған жоқ. Әрине, келе-келе екінші индустриялық революция басталып, көмірді енді мұнай өнімдері мен табиғи газ, су немесе уран сияқты жаңа энергия көздері біртіндеп ауыстыра бастады. Бірақ бұл үдеріс әлі күнге дейін толық аяқталған жоқ.

Есесіне алдыңғы екі индустриялық революцияның қоршаған ортаға тигізген немесе тигізіп отырған зияны бұл күнде шектен шығып кетті. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірнеше айғақтар келтірейік. Мәселен, бүкіл ғұмырын теңіздер мен әлем мұхиттарын зерттеуге арнаған Англияның биолог ғалымы, Йорк университетінің профессоры Каллум Робертстің «Мұхит өмірі: біздің теңіздер қалай өзгеріп барады»(Callum Roberts. Ocean

Life: How our seas are changing) деген монографиясынан мынадай жанайқайын естуге болады: бүгінгі таңда мұхиттар бұрын-соңды болмаған

қауіп-қатерге ұшырап отыр. Адамзаттың теңіздер мен мұхиттардағы шектен тыс әрекеттерінің салдарынан теңіз жануарларының қаншалықты сарқылғанын ғана емес, бұл құбылыстың адам өміріне де соншалықты қауіп төндіріп отырғанын байқамау мүмкін емес. Оның үстіне планета бетіндегі тіршіліктің 95%-ы мұхит кеңістіктеріне тиесілі. Сосын әлемдегі оттегінің тең жартысын да теңіздер мен мұхиттардағы өсімдіктер береді.

Сонымен қатар, ауаға жайылған көмірқышқыл газының басым көпшілігі де теңіздер мен мұхиттарға сіңіп жатыр. Бұл құбылыс уақыт өткен сайын үдей түсуде. Адамзатқа ойланатын уақыт жетті. Олай болмаған жағдайда, жер бетіндегі тіршілікке үлкен қатер төнеді. Демек, планета келешегі адамзаттың өз қолында. Саналы көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортаға, атап айтқанда, мұхиттар мен теңіздерге төніп тұрған қатердің алдын алмаса, адамзат өз түбіне өзі жететін болады… Бүгінгі таңда Үнді мұхитындағы коралдардың 70-90%-ы құрып кеткен. Демек, әлгі коралдарда тіршілік еткен теңіз жануарлары да келмеске қоса кеткен. Алайда, адамзат мұхиттардың қасіретін әзірге толық сезінбей, назардан тыс қалдырып келеді.

Кезінде лорд Байрон былай деген екен: «Адамзаттың табиғатқа үстемдігі теңіз жағасында тоқтайды». Алайда, олай болмай шықты. Тіпті, Байрон заманының өзінде-ақ аққұтанмен туыстас кейбір құстар мен сұр киттер мүлде жойылып кетіпті. Ал соңғы екі ғасырда, яғни бірінші және екінші индустриялық революция дәуірінде технологиялар саласында қол жеткен жетістіктер мен адамзат әрекетінің салдарынан теңіз бен мұхит жануарлары бұрын-соңды болмаған қатерге ұшыраған. Соңғы 30 жылда теңіздер мен мұхиттар өз мегафаунасының 75%-ынан айырылып қалған. Олардың ішінде киттер, дельфиндер, акулалар, теңіз тасбақалары, скаттар мен арабалықтар бар. Себебі, теңіз жануарларын аулау мен аңшылық кәсіп планета бетін түгел шарпығандықтан, кейбір жануарлардың тұқымы 99%-ға дейін құрып кеткен. ХХ ғасырдың аяғында теңіз жағалауларынан үш километр қашықтықтағы су жануарлары тұтастай сарқылып қалған. Бүгінгі таңда озық технологиялармен жабдықталған балық аулайтын траулерлер мен сауда кемелерінің бармайтын жері, баспайтын тауы қалмады десе де болады. Олар, тіпті, поляр шеңберіндегі мұздарға дейін жеткен. Жоғарыда аталып өткендей, бүгінгі өркениет есігінен Үшінші индустриялық революция сығалап тұр. Сондықтан адамзат осы бір қолайлы сәтті қалт жібермей, табиғат пен қоршаған ортаны шексіз ластап отырған апатты энергия көздерінен тез арылып, баламалы да залалсыз жаңа энергия көздерін жете меңгеріп, оларды тез арада экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналдырмаса, өзі де, өркениет те күйреудің алдындағы қоршаған ортамен бірге құрып кететінін түсіне бастады.

Қазір жоғарыда аталған сын-қатерлерді айқын сезінген биік саналы ғалымдардың жаңа легі тарих сахнасына көтеріліп, жан түршіктіретін дабыл қаға бастады. Олардың қатарында жоғарыда сөз болған Каллум Робертс, Нобель сыйлығының лауреаттары – «Теңсіздіктің құны» («The Price of Inequality») атты өте маңызды монографияның авторы, экономист ғалым Джозеф Стиглец пен «Ыңғайсыз шындық» («An Inconvient Truth») және «Болашақ»(«The Future») атты заманауи туындыларды жарыққа шығарған АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор тұр. Бұл топқа Американың экономист ғалымы Джереми Риффкин мен сол елдің қаржы саласының білікті маманы Алан Гринспенді де жатқызуға болады.

Жоғарыда аталған ғалымдардың ішінен бүгінгі таңға дейін экономика саласы бойынша өте татымды 17 кітап жазған, оның ішінде, «Үшінші индустриялық революция» («The Third Industrial Revolution») атты туындының авторы Джереми Риффкинді ерекше атаған жөн. Ғалым бұл еңбегінде Үшінші индустриялық революцияның мәнін ашатын және оның іргетасы болып саналатын 5 факторды алға тартады:

1.Қайта орнына келетін баламалы энергия көздерін пайдалану.

2.Үйлер мен ғимараттарды электр қуатын өндіретін микро-стансаларға айналдыру.

3.Сутегі мен өзге де энергия сақтайтын технологияны қалыптастыру.

4.Электр энергиясының «ақылды» интернет жүйесін қалыптастыру.

5.Электр тогымен жүретін әрі электр энергиясын өндіретін гибрид автомобильдер мен көліктер жүйесін құру. Өз монографиясы туралы «Еуроньюс» телекомпаниясына берген сұхбатында Джереми Риффкин жоғарыда аталған 5 фактордың мәні мен сипатын тереңірек ашатын мынандай уәждерді алға тартады. Біріншіден, Еуропа одағы жоғарыда ғалым келтірген Үшінші индустриялық революцияға іргетас болатын 5 факторды толық мойындаған. Екіншіден, ғалым жасаған жобаның жұмыс жоспарын Еуропа одағы толық қабыл алып, енді оны Еурокомиссияның қарауына жіберген.

Бірінші фактор бойынша, Еуропа одағына мүше елдер 2020 жылға дейін экономикаға қажет энергияның 20 пайызын тек қана балама қуат көздерінен – күн сәулесінен, желден, теңіз толқындарынан, жердің термалдық қуат көздерінен және биомассадан алуға міндеттеме алып отыр.

Екінші фактор бойынша да нақты шаралар қолға алына бастаған. Мәселен, қажет энергияны тұрғын үйлер мен кеңсе ғимараттарының, сол сияқты, зауыт, фабрика ғимараттарының көмегімен өндіру көзделуде. Нақтырақ айтқанда, мәселе мынада. Дәл қазір Еуропа одағы елдеріндегі күллі ғимараттың саны 191 миллионды құрайды. Демек, ендігі мақсат әлгі ғимараттарды түгелдей электр қуатын өндіретін микроэлектрстансаларға айналдыру болып табылады. Бұл жоба толық іске асқан кезде үйлердің төбелері күн сәулесінен, қабырғалары желдің қуатынан, ал іргетастардан төменгі қабаттары жер жылуынан энергия өндіретін болады. Сосын екінші фактордың экономикаға тигізетін пайдалы әсері де күшті болмақ. Өйткені, миллиондаған жұмыс орындары құрылып, мыңдаған орта және ұсақ бизнестерге жол ашылатын болады. Нақтырақ айтқанда, таяудағы 40 жыл ішінде Еуропадағы миллиондаған ғимараттар мен тұрғын үйлер аталмыш жоба бойынша түгелдей қайта жабдықталып, миллиондаған микроэлектрстансаларға айналатын болады.

Үшінші фактор өндірілетін электр энергиясын сақтаумен тікелей байланысты. Себебі, күн сәулесі тек күндізгі уақытқа ғана тән. Жел болса, кейде тек түнгі мезгілде ғана соғуы мүмкін. Ал өндірілетін энергия көбінесе күндізгі уақытта қажет. Сондықтан әлгі энергияның артығын жинақтап, сақтауға мүмкіндік беретін технологиялар қажет. Әрине, ондай технологиялар ең алдымен, су және сутегімен байланысты болмақ. Өйткені, артылған электр тогы суға жіберілсе, одан сутегі бөлініп шығатыны белгілі. Оны жеке резервуарларға жинақтап, қажет болған кезде одан қайта электр энергиясын алуға болады. Мұндай технология бұрыннан бар. Тек енді оны өндірістік ауқымда кеңінен пайдалану қажет. Үшінші индустриялық революцияның төртінші факторы электр интернетін іске қосумен байланысты. Басқаша айтқанда, бұл – энергетикалық интернет жүйесі. Бұл инфрақұрылым іске қосылған кезде Еуропадағы миллиондаған ғимарат-микроэлектрстансаларда өндірілген энергияның басы артығы сутегінде жинақталып, қажет кезінде кәдімгі ақпарат толқыны секілді энергетикалық интернет арқылы сатылатын болады. Демек, бұл үдеріс те он-лайн әдісімен іске асатыны анық байқалып тұр.

Бесінші фактор – көлік. Қазірдің өзінде-ақ электромобильдер айналымға ене бастады. Ал 2015 жылдың аяғына дейін электр энергиясын өндіретін автомобильдер де іске қосылатын болады. Ондай көліктердің иелері кез келген ғимарат-стансалардан энергия сатып алу мүмкіндігіне ие болумен қатар, автотұраққа оралған кезде өз көлігі өндірген электр қуатының артығын қалыптасқан энергетикалық инфрақұрылым жүйесі арқылы сатып жіберуіне де мүмкіндік алатын болады.

Аталған бес фактордың бесеуі түгел іске қосылған кезде Үшінші индустриялық революция толық орындалатыны күмән тудырмайды. Ал әзірше бұл революция Еуропа одағы елдерінде, оның ішінде, әсіресе, Германияда үлкен қарқынмен іске асырылып жатыр. Соның арқасында болуы керек, 2011 жылы Жапонияның Фукусима АЭС-інде орын алған алапат апаттан соң Германия іле-шала өз АЭС-терінің жетеуін бірден жауып, қалғандарын 2022 жылы түгел тоқтататынын үлкен батылдықпен жария етті. Демек, Германия 2022 жылға дейін ескі әрі өте зиянды энергия көздерін қоршаған ортаға ешбір залалын тигізбейтін баламалы жаңа энергия көздерімен толық айырбастай алатынына 2011 жылдың өзінде-ақ сенімді болған. Германия үкіметінің бұл шешімінің құрғақ сөз еместігіне әлемнің көзі бүгін анық жетті деуге негіз бар. Бұл тұрғыдан келгенде, еліміздің Германиямен әріптестік орнатып, жасыл энергияға бет бұруы өте құптарлық. «Болашақ энергиясы» айдарымен Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесінің Астанада өтетінінің мәні де өте зор. Өйткені, бұл көрме Үшінші индустриялық революцияның басталғанын ғана емес, сонымен қатар, жер жүзінің жасыл энергияға бағытталған ең үздік технологиялық үлгілерін де паш ететін халықаралық үнқатысу алаңына айналатыны күмән тудырмайды.

//Егемен Қазақстан.-2013.-21 наурыз.-2б.



Қазақстандағы жоғары білім

Динара БІТІКОВА,
Алтыншы форумға да аз уақыт қалды

Оған дайындық жұмысы қалай?
Астанада «G-Global және Астана экономикалық форумы көкжиектерінің кеңеюі. VI Астана экономикалық форумының және Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы тұңғыш конференцияның жоспарлары мен болашағы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты болып өтті.

Баспасөз-мәслихатына Парламент Сенатының депутаты, «Ғалымдардың еуразиялық эко­номикалық клубы» қауымдастығы үйлестіру комитетінің тең төрағасы Серік Нөгербеков, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті Мұрат Кәрімсақов, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының ғылыми жетекшісі Арыстан Есентүгелов қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді, форумның маңыздылығы мен биылғы ерекшелігін әңгімеледі.

Биыл Астана экономикалық форумы алтыншы рет өткелі отыр. Әдеттегідей мамырдың 22-24 күндеріне жоспарланған аталмыш форумның дайындық жұмыстары бүгінде мәресіне жетуге таяу.

Қазіргі таңда жаһандық мәселелердің шешімін қарастыратын халықаралық алаңға айналған бұл форум БҰҰ-ның зор қолдауына ие. Форумның жыл сайын қатысушылары ғана емес, көтерілетін маңызды экономикалық мәселелері де кеңейіп келеді. Атап айтсақ, алғашқы форумға небәрі 40 мемлекеттен, 4 тақырыптық панельдік сессияға 500 қатысушы келген болса, бесінші Астана экономикалық форумына 100 елден 8 мыңнан аса адам қатысты. Биылғы 6-шы алқалы жиынға да күллі әлемнен көптеген ғалымдар келеді деп күтілуде.

Бүгінде ұйымдастырушылар шетелдіктерге 8 мыңнан аса шақырту жіберіпті. Жалпы саны 60 мемлекеттің мәртебелі тұлғалары, Нобель сыйлығының 10 лауреаты, 40-тан аса іскер корпорациялардың жетекшілері, 11 мемлекет және үкімет басшылары, 15 министр мен орталық банктердің басқарушылары, халықаралық ұйымдардың басшылары қатыспақ.

Алтыншы Астана экономикалық форум негізінен дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция ұйымдастырумен ерекшеленгелі отыр. Сондай-ақ, халықаралық рыноктағы бәсекелестік пен инновациялық технологияларды дамыту мәселелері де талқыланады. Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясы тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылып, БҰҰ үшін әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар жасауға негізделген. Себебі, бүгінде ел Президентінің «G-Global» жобасы әлем елдерінің ортақ мәселелерін бір арнаға тоғыстырып, көпшіліктің назарын аудартқан алып пікір алаңына айналды дей аламыз.

Форум аясында 60-қа жуық түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. VI АЭФ

11

тәжірибелік бағыты кеңейіп, жеке сегменттер мен экономиканың түрлі



бағыттарын қамтитын іс-шаралар 5 бағыт бойынша өрбімек. Сонымен қатар, форум барысындағы басқа да шаралар, мәселен, «ASTEX-2013» көрме-конференциясы, ІІ Дүниежүзілік жастар экономикалық форумы, Іскер әйелдердің ІІ ортаазиялық конгресі, VIII Инновациялық конгресс, «Astana Invest» форумы да жоспарлануда.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер тарапынан форумға бөлінетін қаражат жайында да сұрақтар туындаған еді. Ұйымдастырушылар бұл форумға шығындалған қаржының қайтарымы болатындығын алға тартты.

«Қаражатқа келсек, мемлекеттен бұл форумды ұйымдастырып өткізу үшін 2 млн. доллардан сәл артық қаржы қарастырылған. Бұл – үлкен халықаралық форум. Оны дүниежүзілік деңгейде өткізу оңай емес. Форумды өткізуге 2-3 ай емес, кем дегенде 9-10 ай қажет. 8 мың адам, оның ішінде шетелден 2 мыңнан астам адам шақырдық. Олардың жолына, жүріп-тұруына ақша бөлінбейді. Тек форум бағдарламасы бойынша біздің дағдарысқа қарсы конференцияға келетін жоғары мәртебелі сарапшылар, ғалымдар, спикерлер модераторларға ақша бөлінеді, деді «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті М.Кәрімсақов.

Оның айтуынша, форумды өткізуге бөлініп отырған 2 млн. доллар қомақты қаржы емес. «Мысалы, Ресейде өтетін Санкт-Петербург форумын алайық. Оны өткізу үшін тек мемлекеттен 30-35 млн. доллар бөлінеді. Ал біз бұл форумды 2-3 млн. қаржымен өткіземіз. Форумды ұйымдастыратын, жүргізетін 30-ға тарта қызметшілер бар. Есесіне, 5 форумның ішінде біз бизнес үшін қаншама инновация, экономикамызды дамытудың жолдарын ашып жатырмыз», деді «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті.

Сондай-ақ, ол Астана экономикалық форумы өткізіліп келе жатқан 5 жылдың ішінде Қазақстан шетел мемлекеттерімен 106-дан астам құжатқа қол қойып, 8 млрд. доллардан астам қаржы тартқанын да мысалға келтірді.
//Егемен Қазақстан.-2013.-16 наурыз.-1б.

12

Манат АЛТЫНСАРИЕВА, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу



институтының магистрі.

КҮРІШ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕЛИОРАТИВТІК РЕЖИМДІ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

Сыр өңірі күріш өсірумен аты шыққан аймақ. Жергілікті диқандар қаншама жылдан бері осы кәсіптің қыр-сырына қанығып келеді. Әрине, олар бұл салада талай мәрте табыстан тау тұрғызды. Қара жерден несібе терген қарапайым шаруалар осылайша күріш шаруашылығының қалыпты тіршілігінің қазанын қайнатып отыр. Дегенмен, агроөнеркәсіп саласында бірқатар проблемалар кездеседі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында облыста күріш егілетін жердің ауданы 80 мың гектардан асатын еді. Арада он жылдай өткенде 52,6 мың гектарға дейін кеміді. Бірақ та соңғы жылдары үкіметіміздің ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуіне байланысты егістік көлемі қайтадан артып келеді. Бір сөзбен айтқанда, аймақтың басты дақылы облыстың қазіргі кездегі егістік алқабының жартысына жуығын құрайды. Қызылорда гидрогеолого-мелиоративтік экспедициясының мәліметі бойынша күріштің өнімділігі аудандар бойынша гектарына 38,4 центнерден 54,2 центнерге өсті. Қалған дақылдардың өнімділігі төменділігімен сипатталады. Атап айтқанда, дәндік жүгері және картоптың өнімділігінің төмендеуі байқалады.

Біздің аймақтың жағдайында суармалы жердің өнімділігі және төмендігі, топырақ құнарлығы мен су тапшылығының өсуіне байланысты екені белгілі. Мысалы, облыстық гидрогеолого-мелиоративтік экспедициясының мәліметі бойынша, өңірдің суармалы жерлерінің барлығы (100%) тұзданған. Соған байланысты суармалы жерлерде мол мөлшерде күріш дақылы өндіріледі. Себебі күрішті сумен бастыру барысында, топырақ қабатынан тұздар шайылып, тамыр өсетін қабатта кері тұз тепе-теңдігі орын алады. Сондықтан облыстың суармалы жерлерінде ұзақ уақыт күріш дақылын, жақсы жұмыс істейтін кәріз-қашыртқы жүйесінде егу, олардың тамыр өсетін қабатындағы тұз мөлшерін 42-55% дейін, ал хлорион бойынша 80-85% дейін төмендетті.

Бірақ, Қазақстанда орын алған экономикалық реформаларға байланысты кейбір магистральды, шаруашылықаралық және ішкі су тасымалдайтын каналдардың, қашыртқы, кәріздердің меншік түрлерін өзгертулеріне байланысты, соңғы 10-15 жыл ішінде оларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеді. Соған орай жерасты суының деңгейі көтеріліп, топырақтың тұздану үдерісі жылдамдады. Соған байланысты суармалы жерлердің өнімділігінің төмендеу үдерісі кең орын алуда. Сондықтан қазіргі кезде, ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін тұзданбаған топырақ түрі, түгелімен тұзданған топырақ тобына көшті. Яғни, облыстың суармалы жерлерінде, жаппай тұздану үдерісінің орын алғанын айқындайды. Осы үдеріске байланысты орташа тұз­данған топырақ үлесі 33,6%, қатты тұзданған топырақ үлесі 27,2% болуы, аймақтың суармалы жерлері Сырдария өзенінің тұз жиналатын ағысы аймағына орналасқанын көрсетеді. Мұндай жағдайда күріш суландыру жүйелерінде тиімді

13

шаруашылық жүргізу, олардың техникалық жағдайына, суару технологиясына, кәріз жүйелерінің жұмыс істеу қабілетіне, суару суының сапасы мен мөлшеріне тікелей байланысты. Күріш суландыру жүйесінің техникалық жағдайын, мелиоративтік үдерістердің бағытын бағалау, су-жер ресурстарын тиімді басқару әдістерін жетілдіру үшін суармалы жерлердің тұздану дәрежесінің индексін пайдалану қажет. Бұл параметр суару жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын сипаттайды. Оның мәнінің төмендеуі, топырақтың тұздануын, ал өсуі тұзсыздануын көрсетеді. Индекстің мәні 1-ге тең болса, топырақ қабатында тұздың нөлдік тепе теңдігі орын алып, тұз режимінің тұрақталғанын дәлелдейді.



Күріш суландыру жүйелерінің конструктивтік ерекшеліктері мен күрішті сумен бастырып өсіру технологиясы, мелиоративтік үдерістерді басқарып, топырақ пен жерасты суының тұрақты тұзсыздануын қамтамасыз етеді. Осы үдерістерді тиімді басқару, күріш суландыру жүйелерінің кәріздену дәрежесіне, суару суының минералдылығына, суару жүйесінің техникалық жағдайына тікелей байланысты. Себебі, олар суару суын су көзінен суарылатын жерге дейін тасымалдау барысында орын алатын технологиялық шығындардың мөлшерін анықтайды. Ал суару каналдары мен гидротехникалық құрылымдарды инвентаризациялау, су тасымалдайтын жүйелердің тозуы 50%-дан асқанын, ал кәріздердің тозуы 100%-ға жетіп қалғанын көрсетті. Каналдар мен кәріздердің тозуы мен суару суы сапасының нашарлауы, мелиоративтік үдерістердің бағытын өзгертті. Сондықтан күріш суландыру жүйелеріндегі топырақ пен жерасты суының тұзсыздануының орнына оларда тұз жиналу үдерісі басым болды. Сол себепті, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі кеміп, олардың өнім бірлігіне керек су мөлшері артып, суармалы жердің тиімділігі кеміді. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайларының жедел нашарлауының басты себебі, жер мен гидротехникалық құрылымдарға меншік иелерінің өзгеруі болып отыр. Орын алған жағдайда, жер игерушілермен гидротехникалық құрылымдар егеле­рінің арасындағы қарым-қатынас, суды сату-сатып алу негізінде жүргізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарына және суару жүйелерін пайдалануға, баға қалыптасу тепе-теңдігінің бұзылуы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушінің, суару суын су көзінен алуға, суармалы жерге дейінгі тасымалдауға, су тасымалдайтын суару желілерін және кәріз жүйелерін жөндеуге керекті эксплуатациялық шығындарды өтеуге шамасы келмеді.

Қалыптасқан шаруашылықты жүргізу жүйесінде, суармалы егіншілікті тұрақтандыру, суландыру және қашыртқы-кәріз желілерінің техникалық жағдайларын жақсарту, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілу дәрежесін жоғарылату, күріш суландыру жүйелерін пайдалану мен техникалық қайта жарақтандырудағы мемлекеттің қатысуымен үлесін арттыру арқылы шешуге болады. Яғни, стратегиялық маңызы бар, суару суын су көзінен алатын бас құрылымдар, магистральды және шаруашылық аралық каналдар мен ірі қашыртқылар және кәріздер мемлекет меншігінде болулары қажет. Шаруашылық ішіндегі каналдар, кәріздер мен қашыртқылар коммуналдық немесе жеке меншікте болуы мүмкін. Бірақ та мемлекет оларды пайдалануға және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін субсидиялауға немесе жеңілдетілген кредиттеуге қаражат бөліп отыруы қажет. Күріш суландыру жүйелерін эксплуатациялау қызметін бұлай ұйымдастыру, суармалы егіншіліктің күрделі табиғи-шарушылық жағдайда тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

//Сыр бойы.-2013.-16 наурыз.-10б.

Білікті маман даярлау жайы қалай?
Сіз не дейсіз? Бүгінде өндірістің жаңа серпінмен дамуы инженер кадрларын даярлаудың сапалық деңгейін көтеруді талап етіп отырғаны мәлім. Экономиканы индустриялық-инновациялық жаңғырту міндеттерін іске асырудың салмақты жүгі техникалық оқу орындарының түлектері үлесіне тимек. Аталған саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешудің жолдары табылуы қалай?

«Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі Айқын Несіпбай Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті тау-кен институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Ибадолла Арыстанға: – Сіз бұған не дейсіз?

–Біздің университет тарапынан бұл бағыттағы іс-ізденістер айтуға тұрарлық деуге болады. Алдымен атағанда, кезінде шәкірттердің білімдерін өндіріспен тікелей ұштастырып, тереңдете алу мүмкіндігі толық қалпына келтірілді. Мұның үстіне ше­телдік оқу орындарының дуальді оқыту жүйесін енгізу болашақ инженерлер сапын сапалы толықтыруға жол кеңейте түсті. Соның талабына сәйкес, олар оқу уақытының үлкен бөлігін кәсіпорындарда өткізу арқылы теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауға қол жеткізіп жүр. Бұл үшін оқу орнымыз жанынан корпоративтік университет құрылды. Осыған байланысты басты мақсат өндірістік буындармен өзара тиімді қарым-қатынасты орнықтыру, яки оларға қажетті мамандарды бірлескен іс-қимылда, тиісті келісім-шарттар бойынша даярлау болатын. Бір тәуірі, ынташыл бастамамыз қолдау тапты. Басында 40 кәсіпорын қостаса, бүгінде қатары 80-ге жетіп отыр. Бұлардың ішінде «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы, «Қазақмыс» корпорациясы, Қарағанды машина жасау холдингі секілді алыптар бар. Осы ынтымақтастық мәнін түйіндеп түсіндіргенде, мәселен, университет өндіріс орындарында кафедралар филиалдарын құру арқылы түлектердің тікелей іс үстінде ысылуына жағдай туғызса, кәсіпорындар мамандар біліктілігін өздерінде сынап, инженерлері құрамын толықтыра алатын болады.– Бүгінде университетте аймақ экономикасының тау-кен ісі, машина жасау, құры­лыс сияқты басым салаларына жоғары білікті мамандар даярлауға арналған 4 ірі ғылыми-өндірістік орталық жұмыс істейді. Осы орайда франциялық «Tотал» мұнай компаниясымен бірлесіп құрылған дәнекерлеу ісі орталығын орынды мақтаныш тұтамыз. Мұнда машина жасау факультетінің шәкірттері 2-ші курстан бастап заманауи құрал-жабдықтарда шеберлік ұштайды. Түлектерге дәнекерлеу бойынша халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Соның арқасында аталған компанияның қандай да құрылымында жұмысқа орналаса алуларына мүмкіндік бар. Ал корпоротивтік университет жүйесі арқылы 66 кәсіпорынмен арада жасалған келісім-шарт бойынша 608 маман даярланды. Бәрі еңбекке тартылды. Қазір 2 мыңға тарта шәкірт өндірістерде құрылған арнаулы кафедралардың 55 филиалында осы жолдан өтуде. Алдағы уақытта оқыту үдерісі көлемінің кем дегенде 55 пайызын кәсіпорындар цехтарына ауыстыру көзделіп отыр.

//Егемен Қазақстан.-2013.-19 наурыз.-1б.

Ғалымжан Еділбаев, Алматы қалалық білім сапасын бақылау жөніндегі департаментінің сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет