Елдос Сенбай,
Жүз жоғары оқу орны қалады
Білім және ғылым министрі Үкімет үйінде лоббистердің өзіне қарсы жүргізіп жатқан шабуылына шағымданды. БҒМ басшысы бұған дейін де жекелердің ЖОО-ларын жабамын деп, «миллиардтаған қаржылар мүддесіне» қайшы келіп қалғандығын, нәтижесінде, сол миллиардтардың иелері өзіне өре тұра қарсы шыққандығын мәлімдегені есте. Бірақ бұл жолы олардың тізесі қатты батты ма, кім білсін, Бақытжан Жұмағұлов биік лауазымды лоббистердің аттарын нақ атауға шақ қалды. Әйткенмен бар күшін жиып, қоймай-қоймай тықақтаған журналистердің «арандатуына» бой бермей, тағы да «емексітіп» барып, аяғын жиды.
Министрлер кабинетінің кешегі отырысында Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов қазақстандық жоғары оқу орындарының саны алда тағы күрт қысқартылатындығын мәлімдеді. Сөз басында министр отандық ЖОО-лардың «академиялық еркіндігі» және «автономиялылығы» арттырылып жатқандығын хабарлады.
– Елбасының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарын оңтайландыру жүргізілуде, – деді Үкімет мүшелеріне БҒМ басшысы. – Бүгінде олардың саны 149-дан ендігі 136-ға дейін қысқартылды. Тәжірибе көрсеткеніндей, коммерциялық жоғары оқу орындарының көпшілігінің білім беру сапасы сын көтермейді. Сондықтан таяудағы 3 жыл ішінде олардың санын 66-дан 30-ға дейін қысқарту жоспарлануда. Министр Бақытжан Жұмағұлов Үкімет мүшелеріне бұл іске «ЖОО-ларға қойылатын жаңа талаптарға сүйене отырып, өте жауапты қарауға» уәде берді. Бұл ретте «ғылым ордаларының» үш басты өлшем-критерий бойынша бағаланатындығы айтылды, министрлік «материалдық база», «оқытушылық құрам» және «бітіруші түлектердің жұмыс берушілер арасында қаншалықты сұранысқа иелігіне» қатысты «өте егжей-тегжейлі талдау жүргізуде» екен.
Білім және ғылым министрі «біріккен жоғары оқу орындарының барлық студенттері оқуын жалғастыра беретіндігін» нықтады: «Бұл – міндетті талап!»
– Елбасы оқу орындарын өңірлердің қажеттілігіне қарай мамандандыру туралы тапсырма берген болатын. Сондықтан мемлекеттік жоғары оқу орындары да оңтайланатын болады! – деп мәлім етті министр. – Нәтижесінде, таяудағы 2 жылда елімізде жалпы саны шамамен 100 ғана ЖОО қалады. Бұл бізге дамыған елдерде қабылданған халық санына шағатын көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бақытжан Тұрсынұлының айтуынша, жоғарғы білім саласындағы барлық қысқартулар мен біріктірулер қорытындысында, «Қазақстанның көптеген облыстарында тек 1 мемлекеттік және 1 ірі жекеменшік жоғары оқу орны ғана қалатын болады!».Үкімет мүшелері мен әкімдерге осылардың бәрін айтып, жиыннан шыққан Білім және ғылым министрін журналистер қоршап алды. «ЖОО-лар саны ешбір ойластырусыз-ақ қысқартылуда» деген
өте үлкен сын айтылуда, – деді БАҚ өкілдеріне БҒМ басшысы
– Бұл – дұрыс емес. Барлығы ойластырылған, есептелген. Мәселе басқада! Әрбір жоғары оқу орнының артында Астанадағы әлдекім тұр. Соның мүдделерін «лоббилайды». Ондайлар депутаттық корпустың арасында да бар, ондайлар Үкіметте де бар. Олар тіпті барлық орталық органдарда жүр! Ол кісілер өздерінің ЖОО-ларын біздің қысқартпауымызды діттеуде. Бұл енді ешкімге де құпия емес!». «Құпия болмағандықтан», журналистер ірі мансапты лоббистердің атын атап, түсін түстеуді сұраған. «Сіздер газет оқып, радио тыңдайсыздар. Сонда «министрлік қалай болса, солай біріктіргелі жатыр» деп байбаламға салып жүргендердің фамилиясын айтып неғылайын? Өздеріңіз де жақсы білесіздер» деп тоқтады министр. БАҚ өкілдері «қысқартпауды сұрап, сізге тікелей шығып жатқандар бар ма?» деп сұрады. «Маған тікелей келіп, олар мына университетті жаппа деп айтпайды. Оны соған келтірудің басқа мың жолы бар. Бірақ соның бәріне біз шыдап келе жатырмыз! Оған жол бермейміз» деді Бақытжан Тұрсынұлы.
Бақытжан Жұмағұлов бұл жұмыстың оңайға соқпай тұрғандығын мойындады: «Бірақ біз бұл жұмысты жүргізудеміз. Әлемдік тәжірибе дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға шаққанда орташа есеппен 6 жоғары оқу орнынан келуі қажеттігін айтады. Яғни 17 миллионды 6-ға көбейтсек, шамамен 100 ЖОО шығады. Демек, Қазақстанда 100 жоғары оқу орны болуы керек!» Рас, министр де адам, ол бұл қатаң позициясында табандап тұра ала ма, әлде әлдебіреулердің тегеурініне төтеп бере алмай, табаны тайғанақтап кете ме, оны алда көре жатармыз. Оның үстіне «дау тудырмас» есепті (17х6=100 емес, 102!) алдан тартып, астаналық жоғары лауазымды лоббистер өз ЖОО-сына жеңілдік жеңіп алуға тырысары сөзсіз.
- Қалай болғанда, Білім министрлігі мен ЖОО қожайындары арасындағы қақтығыс жойқын болайын деп тұр. Себебі министр Қазақстандағы ЖОО-лар саны 100-ден де азайтылуы мүмкіндігін айтып қалды. Өйткені еліміздегі 13 ЖОО – қорғаныс және құқық қорғау қызметтерінің қанатының астындағы әскери ғылым ордалары болып табылады. «Олай болса, 100 болмай шығады! – деп өзін-өзі түзетті Б.Жұмағұлов, – 87 болады».
Министрліктің дерегінше, тек 200 студенті ғана бар ЖОО-лар «өмір сүруде» екен. «Бұл жоғары оқу орындары кезінде 30 мамандық бойынша лицензия алыпты! – дейді ол. – Сонда әрбір мамандық бойынша тек 5-6 адамнан ғана даярлайтын болғаны ғой? Бұған қалай жол беруге болады? Олардың оқытушыларының да сапасы төмен, кейбірінде студенттер сол жекеменшік университетті бітіре сала, сол жерге ұстаз болып қалады. Олардың өздерінің де білімінің сапасы төмен. Бұл ЖОО-лар стандартқа да, оқу сапасына да жауап бермейді. Материалдық базасы да нашар. Сол себепті біз қазір осындай әлсіз ЖОО-ларды біріктірудеміз. Сөйтіп, олар өзара күш біріктіре отырып, өңірлік ірі жеке ЖОО-ға айналады» деген ол өз министрлігінің алдына Мемлекет басшысы осындай міндет қойып
отырғандығын, яғни кері шегінбейтіндерін ескертті. «Бұл оңтайландырудан
халық қорықпауы керек. Бұл жастарға сапалы білім беру үшін жасалуда» деп қосқан министр оның барысында «ЖОО-ларды қысқартудан гөрі, көбінесе біріктіру жүргізілетіндігін» айтты.
«Қысқартылатын не біріктірілетін ЖОО-лардың «қара тізімі» қашан белгілі болады?» деп сұрады журналистер. Осы аптада-ақ басы ашылатынға ұқсайды: «Осы бейсенбіде біз Қазақстандағы барлық ЖОО ректорларын жинаймыз. Сонда қоғамдық комиссияның құрылғандығы жарияланады. Оның құрамына белгілі ғалымдар, депутаттар, атақты педагогтар кіреді. Сол жиында біз барлық позицияларымызды жайып саламыз. Жиын ашық өтеді, халық қай университеттің сапасыз білім беретіндігін білуі керек. Осының бәрін сол жерде айтамыз!»
– ЖОО-ларды бағалау кезіндегі басты өлшем – бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы болуға тиіс, – деп міндеттеді БҒМ басшысын Үкімет басшысы Серік Ахметов, – бұл – маңызды жайт. Сондықтан ол министрліктің ұдайы бақылауында болуы қажет.
//Айқын.-2013.-27наурыз.-1,2б.
Елбасы қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында А.Мұхамедиұлы мәдениет пен өнер саласында білікті кадрлар даярлау үшін ұлттық мектепті одан әрі дамыту жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы мәлімдеді.
Қазақстан Президенті зияткерлік ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндетті іске асыру аясында мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтіп, академиядағы оқу процесін жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіруді тапсырды.
//Егемен Қазақстан.-2013.-28 наурыз.-1б.
Гүлзина Бектасова
ЛОББИСТЕР МАЗАСЫН АЛҒАН МИНИСТР
елімізде 100 ЖОО ғана қалатынын айтты
Жуырда Үкімет үйінде өткен жиында «бас мұғалім», яғни Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өзіне қарсы жұмыс істеп жатқан лоббистерге өкпесі барын жеткізді. Лоббистердің қарсы шабуылға шығуының себебі, Білім және ғылым министрі жекеменшік жоғары оқу орындарын жабамын деген еді. Министрдің бұл әрекетінен кейін миллиардтаған қаржы тауып отырғандар өре түрегеліп, қарсы шыққанын да айтқан еді. Бұл жолғы жиында министр биік лауазымды лоббистердің есімдерін атаудың аз-ақ алдында қалды. Тілші қауымның білгісі келгенімен, министр мырза «атын атап, түсін түстей» қоймады.
Үкімет үйінде өткен жиында министр Б.Жұмағұлов мырза алдағы уақытта қазақстандық жоғары оқу орындарының саны тағы қысқаратынын жеткізді. Министр өз сөзінде: «Елбасының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарын оңтайландыру жүргізілуде. Бүгінде олардың саны 149-дан ендігі 136-ға дейін қысқартылды. Тәжірибе көрсеткеніндей, коммерциялық жоғары оқу орындарының көпшілігінің білім беру сапасы сын көтермейді. Сондықтан таяудағы 3 жыл ішінде олардың санын 66-дан 30-ға дейін қысқарту жоспарлануда», – дейді.
Министрдің сөзіне сүйенсек, келешекте ЖОО-ларға қойылатын талаптар да күшейетін сияқты. Бұдан былай білім ордалары басты-басты үш критерий бойынша бағаланатын болады. Яғни «материалдық база», «оқытушылық құрам» және «бітіруші түлектердің жұмыс берушілер арасында қаншалықты сұранысқа ие болатыны» ескерілмек. Осыған орай, министрлік егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізіп жатқан сияқты. Әрі жекелеген жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің де жағдайы ескерілетінін айтады министр.
Министр: «Елбасы оқу орындарын өңірлердің қажеттілігіне қарай мамандандыру туралы тапсырма берген болатын. Сондықтан мемлекеттік жоғары оқу орындары да оңтайланатын болады! Нәтижесінде, таяудағы 2 жылда елімізде жалпы саны шамамен 100 ғана ЖОО қалады. Бұл бізге дамыған елдерде қабылданған халық санына шағатын көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді», – дейді.
Министрдің айтуынша, жоғары білім саласындағы барлық қысқарулар мен біріктірулер қорытындысында еліміздің кейбір облыстарында бір ғана мемлекеттік және бір ғана жекеменшік жоғары оқу орны ғана қалатын болады. Жиыннан соң, министр журналистердің сауалдарына жауап берген еді. Журналистерді мазалаған сауал «лоббистер» екені белгілі. Жекелеген оқу орындарының соңында кім тұр? Әрі ол оқу орындарының жабылуына кім қарсы деген сауалдарға министр: «ЖОО-лар саны ешбір ойластырусыз-ақ қысқартылуда» деген өте үлкен сын айтылуда. Бұл – дұрыс емес. Барлығы ойластырылған, есептелген. Мәселе басқада! Әрбір жоғары оқу орнының артында Астанадағы әлдекім тұр. Соның мүдделерін «лоббилайды». Ондайлар депутаттық корпустың арасында да бар, ондайлар Үкіметте де бар. Олар тіпті барлық орталық органдарда жүр! Ол кісілер өздерінің ЖОО-ларын біздің қысқартпауымызды діттеуде. Бұл енді ешкімге де құпия емес!», – деді.
Жоғары оқу орындарының қысқартылғаны да дұрыс шығар. Бір жағынан, оқуға төлейтін қаржысы аз қарапайым халықтың ең алдымен таңдауы да жекелеген жоғары оқу орындарына түсері белгілі. Жекеменшік оқу орнын бітірген баланың «дипломы» қызметке орналасуына жарамай қалып жататындары да кездеседі. Бұл дегеніңіз төрт жыл бойы оқыған біліміңіз «зая» кетті деген сөз.
Ал министр әлемдік тәжірибе дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға шаққанда орташа есеппен 6 жоғары оқу орнынан келуі қажеттігін айтады. Яғни 17 миллионды 6-ға көбейтсек, шамамен 100 ЖОО шығады. Демек, Қазақстанда 100 жоғары оқу орны болуы керек!» дегенді айтады. Жоғары оқу орындарының қысқартылып, сапалы университеттердің қалғаны да дұрыс шығар. Өйткені жоғарыда өзіміз мысалға келтірген критерийлерге кез келген жекелеген жоғары оқу орындарының сай келе бермейтіні тағы бар.
Алайда, Білім министрлігі мен ЖОО қожайындары арасындағы қақтығыс оңай болмайтын сияқты. Өйткені 200 студенті ғана бар ЖОО өмір сүруде. «Бұл жоғары оқу орындары кезінде 30 мамандық бойынша лицензия алыпты! Сонда әрбір мамандық бойынша тек 5-6 адамнан ғана даярлайтын болғаны ғой? Бұған қалай жол беруге болады? Олардың оқытушыларының да сапасы төмен, кейбірінде студенттер сол жекеменшік университетті бітіре сала, сол жерге ұстаз болып қалады. Олардың өздерінің де білімінің сапасы төмен. Бұл ЖОО-лар стандартқа да, оқу сапасына да жауап бермейді. Материалдық базасы да нашар. Сол себепті біз қазір осындай әлсіз ЖОО-ларды біріктірудеміз. Сөйтіп, олар өзара күш біріктіре отырып, өңірлік ірі жеке ЖОО-ға айналады», – деген Бақытжан Жұмағұлов бұл қадамды Қазақстан Президенті де қолдайтынын, яғни кері шегінбейтіндерін ескертті. «Бұл оңтайландырудан халық қорықпауы керек. Бұл жастарға сапалы білім беру үшін жасалуда», – дейді министр. Қысқартылатын жоғары оқу орындарының тізімі жуық арада белгілі болмақ. Осыған орай, жақын күндері ЖОО ректорлары жиналатын сыңайлы. Қысқартуға байланысты арнайы қоғамдық комиссия құрылатын болады. Ол комиссияның құрамына белгілі ғалымдар, депутаттар, атақты педагогтар кірмек. «Ректорлар бас қосатын жиында біз барлық позицияларымызды жайып саламыз. Жиын ашық өтеді, халық қай университеттің сапасыз білім беретіндігін білуі керек. Осының бәрін сол жерде айтамыз!» – деді министр.
«Оңтайландыру» процессі жүргізілгені қажет-ақ. Дегенмен, бұл жерде зардап шегетін тағы да қарапайым халық сияқты. Қаржысы көп, қалтасы толы байлар балаларын қайда оқытамыз деп бас ауыртпайды. Өйткені кез келген шет елдік жоғары оқу орындарында баласын оқытуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының оқу ақысы қымбаттап кеткен. Қымбат бағаны кез келген шаруаның қалтасы көтере бермейтіні тағы бар. Сонда жүз жоғары оқу орындарында кімдер оқитын болады? Министрлік осы тұрғыдан келгенде, қарапайым шаруаның да қамын ойлағаны жөн шығар.
//Түркістан.-2013.-28 наурыз.-1б.
Рысты Алибекова
Повысить уровень и доступность образования
Один из главных критериев оценки вузов – трудоустройство выпускников.
Новая классификация вузов, механизм подушевого финансирования, электронное обучение и другие направления институциональной модернизации внедряются в стране в рамках Государственной программы развития образования. За два года реализации программы практически выполнены все намеченные целевые индикаторы. Достигнуты определенные результаты, но в то же время необходимо осуществлять постоянную общественную оценку нововведений и эффективности госпрограммы, подчеркнул Премьер-Министр Серик Ахметов на заседании Правительства, прошедшем в селекторном режиме. «Это особенно касается перехода с 2015 года к Национальному тестированию, внедрения системы подушевого финансирования», – сказал глава Правительства.
Докладывая об итогах двухлетней работы, министр образования и науки Бакытжан Жумагулов отметил, что в среднем образовании завершается подготовка к переходу на 12-летнее обучение, созданы принципиально новая система повышения квалификации педагогов, национальный контроль качества образования.
В системе дошкольного воспитания запущены механизмы государственно-частного партнерства. С 2010 года число дошкольных организаций увеличилось почти вдвое. Главная задача на предстоящий период – выполнение поручения Главы государства о достижении 100-процентного охвата. Министр выразил уверенность, что полный охват детей 3–6 лет будет обеспечен уже к 2017 году.
Второй важнейшей задачей является переход на новое качество дошкольного воспитания, а это раннее обучение, успешно используемое в странах ОЭСР с 2000 года.
В среднем образовании с 2015 года начнется полный перевод школ на 12-летний цикл. Ключевое значение будет иметь повышение квалификации учителей по новой трехмесячной системе, разработанной АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» совместно с Кембриджским университетом. За 2 года через новую систему прошло около 8 тыс. педагогов, и они уже получают серьезные надбавки к заработной плате.
Следующим принципиальным шагом станет внедрение подушевого финансирования. В разработанной министерством модели такой механизм позволит не только выровнять расходы на обучение по регионам, но и дать новый инструмент материального стимулирования педагогов. В связи с этим ведомство готовит принципиально новое предложение по дифференцированному повышению заработной платы педагогов.
Заданными темпами идет реализация проекта электронного обучения. Первые результаты уже показали 15-процентное повышение успеваемости, что соответствует мировой практике.
Крайне важной задачей, по словам руководителя МОН, является ликвидация аварийных, трехсменных школ и дефицита мест. Если в 2011 году для этого была введена только 21 школа, то в 2012-м – уже 56.
В техническом и профессиональном образовании самое главное, считает Б. Жумагулов, – это принципиальный прогресс во взаимодействии с работодателями. На базе объединений работодателей созданы три центра
подтверждения квалификации. Начато развитие дуальной системы обучения.
Среди злободневных вопросов министр также выделил кадровое обеспечение ТиПО квалифицированными мастерами производственного обучения. Сейчас их заработная плата в разы меньше, чем на производстве, и удержать специалистов в образовании очень трудно. Поэтому подготовлено предложение о выделении 1,6 млрд. тенге из республиканского бюджета для привлечения в ТиПО 1 620 специалистов производства.
Не осталась в стороне от нововведений и сфера высшего образования.
Во всех вузах внедрена кредитная технология, расширяется академическая свобода и автономия учебных заведений. По поручению Главы государства проводится оптимизация вузов. В результате укрупнения вузы существенно повышают свой потенциал, способны обеспечить конкурентоспособность выпускаемых специалистов. Причем все студенты объединяемых институтов должны продолжить свое обучение – это однозначное требование. В итоге в ближайшие 2 года общее число вузов страны станет около 100.
– Полный запуск всех этих механизмов даст качественные изменения во всей системе образования Казахстана, – уверен глава МОН.
В сфере науки удалось переломить тенденцию старения и сокращения кадрового потенциала, в науку пошла молодежь. Если при старой системе защиты в науке оставалось только 4% защищенных кандидатов и докторов, то теперь – 90% подготовленных по новой системе докторов PhD. Число публикаций в авторитетных международных журналах возросло более чем в 2 раза. Теперь главное – обеспечить реальный вклад науки в экономику Казахстана. О том, что преобразования в сфере образования приносят свои плоды в регионах, проинформировали акимы Костанайской области – Нуралы Садуакасов и Северо-Казахстанской – Самат Ескендиров.
На активной работе министерства по обеспечению доступности современного образования акцентировал внимание президент Ассоциации вузов РК Рахман Алшанов. По его словам, принимаются уникальные меры. Это и международная программа «Болашак», и студенческая мобильность, и приглашение зарубежных преподавателей, внедрение полиязычия, создающие необычные ситуации на рынке труда. Появляются специалисты совершенно новой формации. Более половины, или 270 тыс., студентов обучаются на государственном языке. Впервые в стране выделены средства на перевод на казахский язык учебников последнего поколения. Наряду с этим, по мнению Р. Алшанова, предприняты существенные усилия по изменению ситуации в вузах. Высшие учебные заведения меняются: среди них определились лидеры, середнячки и аутсайдеры. Более 20 вузов по стране находятся на стадии объединения. Позицию МОН, сформировавшего для этих целей Общественный совет, объявившего мораторий на контрольные проверки, он считает конструктивной. В целом, по его мнению, генеральный курс Главы государства на создание сильной системы образования и науки, опирающихся на растущие инновации, в настоящее время получает мощный импульс. Однако общественность волнует проблема востребованности молодых специалистов. В дополнение к озвученной в докладе главы Минобразования информации о корректировании госзаказа в соответствии с потребностями рынка труда и ФИИР президент Ассоциации вузов РК предложил создать национальную систему прогноза потребностей в кадрах в разрезе конкретных специальностей.
– В настоящее время в стране насчитывается более 120 отраслей производства с объемом выпуска более одного миллиарда тенге, еще больше – с меньшими объемами. Как показал анализ, более 97% видов продукции показывают рост за последние 5 лет. Многие стабилизировали выпуск, а по ряду наблюдается снижение производства. Вузы в этих условиях не могут самостоятельно определить постоянно колеблющуюся потребность в кадрах, в связи с чем необходима организация института либо центра, определяющего прогноз потребностей в специальностях, – считает он.
По мнению ученого, в настоящее время проблему во многом снимает внедрение производственной практики, благодаря чему студенты, да и вузы, стали лучше понимать нужды производства, корректировать учебные планы, а предприятия могут заранее приглядеться к своим будущим кадрам. Среди вопросов, требующих безотлагательного решения, утверждает глава ассоциации, трудоустройство выпускников, обучающихся по госзаказу. Сегодня выпускники-грантники не доезжают до места работы по причине отсутствия средств. Поэтому он считает необходимым возобновить прежнюю систему выплаты подъемных для того, чтобы молодые специалисты могли доехать до места работы и обустроиться. Того, что сейчас предпринимается, в основном на общественных началах по инициативе местных органов власти, недостаточно.
…В целом положительно оценив итоги двухлетней реализации госпрограммы, глава Правительства отметил важность системы мониторинга эффективности педагогического труда и психологической работы в школах. Особое внимание он обратил на совершенствование механизма участия в Государственной образовательной накопительной системе детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.
– Что касается высшего образования, считаю главным критерием при оценке вузов трудоустройство выпускников. Это очень важный аспект и он должен находиться на постоянном контроле министерства, – подчеркнул глава Правительства. Он также обратил внимание на важность факта оценки работодателей, в том числе при подготовке кадров в форме госзаказа.
Подводя итоги обсуждения, руководитель Кабмина поручил Минобразования совместно с Минэкономики, Минфином, Минрегионразвития, акиматами областей, Астаны и Алматы взять под контроль вопросы капремонта аварийных школ за счет местного бюджета, строительства и ввода в эксплуатацию школ, материально-технического оснащения организаций технического и профессионального образования, развития государственно-частного партнерства в образовательной сфере.
//Казахстанская правда.-2013.-29 марта.- С.7
Халима БҰҚАРҚЫЗЫ
Қос оқу орнын қоссақ қайтеді?
Бүгінгі күні еліміздегі аграрлық ғылыми-зерттеу институттарында 175 ғылым докторы, 484 ғылым кандидаты, ал үш аграрлық жоғары оқу орындарында 216 доктор мен 693 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Міне, осы ғылыми күшті толық пайдалана алмай отырмыз. Аграрлық ғылыми-зерттеу институттарында кадрлар жетіспейді, ал ЖОО ғалымдары ғылымға жеткілікті тартылмай жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін А.Бараев атындағы астықты шаруашылықты немесе Қарағанды өсімдік және селекциялық ғылыми-зерттеу институтын Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетіне қосу керек. Бұл туралы аталған университетте өткен «Инновация – агроөнеркәсіп кешенінің жаңа даму кезеңіне жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
Конференция танымал ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Астана қаласының құрметті азаматы Моисей Гендельманның туғанына 100 жыл толуына арналды. Моисей Аронович – Қазақстанның солтүстігіндегі аграрлық ғылымның негізін қалаушы ретінде айтылады. Қазақ агротехникалық университетін ұйымдастырудың және дамытудың басы-қасында болғандардың бірі.
«Өмірінің соңғы жылдарында, ұлғайған жасына қарамастан, профессор Гендельман заң шығарушылық қызметпен де белсене айналысты. Ол республикамыздың ауылшаруашылық саласын дамытудың заңды негізі – Қазақстан Республикасының Жер кодексі авторларының бірі», – деді конференцияда сөз алған ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев. Ақмола ауылшаруашылық институтын 22 жыл бойы басқарған ғалымның іскерлігінің арқасында бір кездегі шет аймақта қалған ауылшаруашылық институты бүкілодақтық дәрежедегі жоғары оқу орнына айналды. Сондықтан университет ұжымы Моисей Ароновичтің жүзжылдық мерейтойы қарсаңында Астанадағы орталық көшелердің біріне Гендельман есімін беру туралы қалалық әкімдікке өтініш жолдапты.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдау, сөз жоқ, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының дамуына даңғыл жол ашатынын айтқан ректор бүгінгі таңдағы аграрлық ғылымдағы мәселелерді де сөз етті. Нақты мысалдар да келтірді.
«АҚШ пен Канадада өндірісте пайдаланылатын ауылшаруашылық дақылдарының түрі әр екі-үш жылда жаңартылып, яғни тұқымдық материалдың сапасы үнемі жақсартылып отырады. Осыдан-ақ америкалық және канадалық бидайдың сапасы ғылыми жетістіктерді барынша пайдаланудың арқасында жоғары болып келеді. Бізде болса өнім түрлері
өндірісте 10-20 жыл, тіпті кейбір түрі 50 жылдан астам қолданылуда. Оның үстіне көптеген жаңа түрлері қазіргі заманғы биотехнология әдісінсіз, классикалық жолмен, «соқыр тәуекелмен» жасалынады, бұл оның сапасына кері әсерін тигізіп қана қоймай, оны жасап шығарудың мерзімін екі-үш есеге ұзартып жібереді. Соның салдарынан өнімнің өнімділігі жағынан да ұтылып, ақыр соңыңда, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер шығынға ұшырайды. Қазірдің өзінде біздің климатқа бейімделген құрғақшылыққа төзімді зәйтүн, ірі бұршақты, жармалық және мал азықтық дақылдардың түрлері мүлдем жетіспейді, мұның өзі егіншіліктің өзекті мәселелерін шешудегі басты кедергі болып – егіс алқабының құрылымының кері өзгеріске ұрындыруда», – дейді ғалым.
Оның айтуынша, мұндай мысалдарды ауылшаруашылық кешенін ғылыммен қамтамасыз етудің барлық бағыттарынан келтіруге болады. Бұл ғылымды кезінде, әсіресе, өтпелі кезеңде толықтай қаржыландырмаудың салдары екенін айтқан ректор бұдан шығудың жолын да айтты. Ең бірінші өзгерісті кадрлар дайындаудан бастау керек, – дейді ол. «Бізде аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бір интегралдық байланыс жоқ. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары негізінен тек қана ғылыми жұмыстармен, ал жоғары оқу орындарының ғалымдары – көбіне-көп оқытушылық қызметпен айналысады. Әрқайсысы өз алдына жұмыс жасайды, ал бұл тәжірибе сонау кеңестік дәуірден қалыптасқан деуге болады. Дамыған елдердің тәжірибесінен байқайтынымыз, оларда білім мен ғылым ажырамас бір жүйеде жүреді. Мұнымен қоса, ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік-экпериментальдық кәсіпорындар университеттердің міндетті түрдегі құрылымдық элементтері болып табылады, бұл сапалы кадрлар дайындауға, ғылым мен инновациялық жүйенің тиімді де тұрақты жұмыс жасауына жағдай тудырады. Мәселен, АҚШ-та, Канада мен Англияда ғылыми жұмыстардың бәрі университеттерде шоғырланған және әрбір ғалым оқу ісіне тартылады. Сонымен қоса, студенттер мен магистранттар тәжірибе мен ғылыми білімді осы өздеріндегі ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми лаборатория базаларында алады», – деген А.Күрішбаев Ауыл шаруашылығы министрлігінен осы мәселелерді шешу мақсатында А.Бараев атындағы астықты шаруашылықты, иә болмаса Қарағанды өсімдік және селекциялық ғылыми-зерттеу институтын Қазақ Агротехникалық университетіне қосу мүмкіндігін шешуді сұрады.
//Айқын.-2013.-30наурыз.-1,2б.
Достарыңызбен бөлісу: |