Қазақстан биоресурстары пәнінен обсөЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы Мамандық: 050113 “Биология ” 3-курстарға арналған Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т. Жетісай – 2007ж Пәннің мақсаты



бет8/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#12826
1   2   3   4   5   6   7   8

Жануарлар дүниесі - Наурызым қорығы кең далаға әкеп табиғат-ананың орната салған табиғи музейі деседе болады.Тұзды көлдің жағасына өскен қалың орман,құмдауыт ,төбешіктер толған қарағай ,ақ қайыңдар мен аралас өскен жыңғыл, тобылғы.Қорықтың қалың ормандарында және көгілдір көлінде бұта орман құстары мен су қанаттылары кең таралған.



Құр - салмағы 1,6 килограмға жететін ірі қауырсынды құс.Қорық төңірегінде құр көбіне қарағай,қайың және көктерек сияқты ағаштардың арасында мекендейді.

Аққұр –салмағы 700 грамдай ,ортамөлшері құс.Ақ құр жазда тарғыл, қыста ақ түсті болады.Бұл олардың жауларынан қорғанудағы бүркеніш реңі болып табылады.Ақ құр да кәдімгі құр таралған орманды алқапта мекендейді.Наурызым қарғайларынан 10-15 тен топтанып ұшып жүрген ақ құрларды жиі кездестіреміз.Ақ құр отырықшы құс.Жер бетінде өмір сүркге бейімделген ақ құр тал қайың және көктерек өскен биік шөпті,батпақты жерді мекендеуді ұнатады.Қорықтың төңірегінде орманды дала аймағы-бұл құс негізгі қонысы.Жемі- ағаш бүршігі, жапырағы, жемісі.Бұл-кәсіптік маңызы бар құс.Қорықтың ормандағы ұялайтын құстарға ақ шымшық ,ұаратамақ,сұр жылқышы,құрқылдақ торғай,жаплақ,т.б жатады.Қорықтың территориясында шөл және шөлейт аймақтарға тән құстар да ұшырасады.Онда дуадақ ,безгелдек,тарғақ, қараторғай,тырна және басқа қанаттылар мекендейді.





Дуадақ - салмағы 8-12 килограмдай келетін ірі құс.Бұрын бұл аймақта топтанып жүретін оны қазір көру қиынға соғады.Қорықтың жер көлемі кеміген сайын дуадақтың мекендейтін өрісі тарыла бастады.Сондай-ақ,оның төңірегіндегі тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты дуадақ бұрынғы тіршілік ететін жерінің біразында жойылып кетті.Ол насекомдардың 50-ден астам,өсімдіктердің 30-ға жуық түрімен қоректенеді.Көктемде оның ұясынан1-3жұмыртқаны байқауға болады.Балапандарын өсіріп шығарған дуадақтар күзде егістік орнына жайылып семіреді.Бұл ашық дала құсы ертеде дәмді еті мен қауырсыны үшін көп аулаған.Соңғы жылдары асны күрт азайып кетуіне байланысты оны аулауға тыйым салынған.

Безгелдек - дуадақтардың ішіндегі ең кішісі,салмағы 1килограмға дейін барады.Бұрын қорықтың ормансыз ашық далалы жерінде көптеп топтанып жүретін бұл құсты бүгінде тобымен көру қиынға соғып тұр.Тіпті,Қостанай облысының басқа жерніде де бұл құс сирек кездесудге айналды.Безгелдектің саны азайып кетуіне ,біріншіден ауа райының кей жылдары қолайсыздығы әсер етсе, екіншіден ,тың жерлерді игеруге оларды ұя салатын мекендерінен айырды.Жусанды көделі бозға үйір келеді.Жыл құсы безгелдек түрлі насекомдармен ,өсімдіктердің дәнімен қоректенеді.Апрельдің аяғында шөп арасына ұялап ,оған 3-4 жұмыртқа салып, балапан шығарады.Біздің аймақта безгелдекті аулауға тыйым салынған.





Тарғақ-дене мөлшері орташа,салмағы 250грамдай келген құс.Бұл –құрғақ дала және шөлейт белдеулерге тән құстардың бірі,Қорықтың құрғақ дала аймағында таралған.Ол көбінесе өсімдіктері сиректеу жерлерге,сортаңға және суға жақын мекендерге жұмыртқалайды.Далалы белдеуде шөптің әр түрлі болып келетіні жұртқа мәлім.Тарғақ,әсіресе,боз бен бетеге, жусан мен бетегей аралас өсетін жерлерді паналайды және осындай мекендерге ұялайды.Ал біріңғай бетегелі далада олар онша тұрақтамайды.Олар көктемде он шақтыдан топтанып жүреді.Ұялаған кезде тобын онша көп жазбайды.Ұялары бір-біріне жақындау мекендерде орналасады.Бұл құстар күзде қоныс аудару кезінде үлкен үйір құрады.Апрельдің ортасында ұясына 4-5 жұмыртқа салады.17-21 күннен соң жұмыртқадан балапан шығады.Бұл өте жылдам ұшатын құс.Тарғақ ,әсіресе зяинды насекомдарды, көбіне шегірткелерді жеп үлкен пайда келтіреді.Наурызым қорығында тек ұшқан құс ғана емес ,сонмен қатар жүгірген аң да кездеседі.Бұл аймақта елік,борсық,орқоян,қызыл,түлкі,қарсақ,суыр,сары күзен,ақкіс,аққалақ, жабайы шошқа, сияқты терісі бағалы аңдар мекендейді.





Елік-бұғылардың ең кішісі.Бұл –шағын келген, салмағы 40-50 килограммдай,сымбатты жануар. Мұнда 1975 жылы 75-тен астам елік бар екендігі анықталды.Бұл алқапта елік әсіресе қарағайлы ормандардың ,сондай-ақ бұқталардың арасында мекендейді.Ал өзен көл жағалауында ол тоғайлы және құрақты ну қопа арасында жүреді.Кездесетін жерлерне қарай және маусымға байланысты еклік жүзге жуық өсімдк түрімен қоректенеді.Көктемде,жазда түрлі шөп ,көк жапырақ,қылқанды ағаштың бұтақтары мен бүршіктерін жейді.Елік көбінесе түнде жайылып, күндіз тынығады.Қыстың қарлы боранында қалың ағаш ,бұта ішін мекендейді.Еліктер күзгі-қысқы айларда үйір-үйірімен жүреді.Бұл мезгілдерде бір үйірінде10-15 ке дейін елік болады.Олар үйірінен көктемде ғана бөлінеді.Қар қалың әрі көктайғақ жылдары елік қасқырға оңай жем болады.Орманға қар өте көп жауса,аязжы қыс болған жылдары елік,әсіресе ,оның лақтары өлім жетімге көбірек ұшырайды.Елік-еті дәмді,терісі пайдалы кәсіптік маңызы бар аң.

Борсық - “орман бағбаны”.Бұл-орман шаруашылығының зиянкестерімен қорректенетіндіктен көп пайда кетіреді.Борсық қорық территориясында кекң таралған.Сонымен бірге өзен-көлдердің жағасында аз емес.Бұл жыртқыш аң әр түрлі жерді мекендейді.Әсіресе,ол Жарпкөл,Ақсуат және Сарымойын өзендердің жағасындағы тоғайда көп болады.Борсықтың іні қалың ,биік ағашты орман арасында ,тоғайда жиі кездеседі.Борсық көбінесе ұзындығы 10метрдей келетін інде жатды.Бұл аймақта мекендейтін борсық қысқы ұйқыдан апрель-май айларында оянады.Бұл түнде тіршілік ететін аң.Борсық жылына бір рет үш-төртке кейде алтыға дейін күшіктейді.Тек шет қалған иесіз жерде ғана күндіз қорке іздеуге шығады.Борсықтың негізгі қорегі құрт-құмырсқа,кесіртке,көлбақа,жылан,құқстардың жұмыртқаларын жейді.Күзге қарай қатты семіреді,осаы уақытта, оның салмағы екі еседей артады.Қыста ұйқыда жатқанда ол бойына жеткілікті етіп жинап алған майы арқылы қоректенеді,органнизмде физиологиялық процестер жүріп жатады.Халық медицинасында борсық майы құяң, туберкулез ауруларына ем ретінде қолдынады.Сонымен бірге борсық ауыл және орман шаруашылықтарының көтеген зиянкестерімен қоркетеніп пайдасын келтіреді.






Орқоян- қояндардың ішіндегі еңі ірісі. Бұл қорық төңірегінде таралған терісі және еті бағалы аң.Мұнда ол орман-тоғайда мекендейді.Орқоян көбінесе ашық, далалы жерде,тоқояндардың ішіндегі еңі ірісі.Бұл қорық төңірегінде таралған терісі және еті бағалы аң.Мұнда ол орман-тоғайда мекендейді.Орқоян көбінесе ашық, далалы жерде,тоғайлы жерде,өзен –кеөлдердің жағасында,шоқ-шоқ бұта арасында қоныстанады.Орқоян ымырт жабылған кезде және түнгі мезгілде тіршілік етеді.Күндіз әр түрлі ағаштардың немесе бұталардың арасында тығылып жатып,қараңғы түсісімен жайылады.Көбейер кезде ін қазады.Қысы қатты ,қар қалың болған жылдары індерінде тұрақтайды.Панасы тереңдігі жер бетінен1-2метрге дейін жетеді.Бұл қоян негізінен өсімдіктермен қоректенеді.Орқоян өсімтал аң. Ол жылына екі-үш рет туады.Әрбір ұрғашы қоян жыл сайын орта есеппен 10-12көжек береді.Бұл қоян терісі мен еті үшін ауланатын аң.

Дала суыры - салмағы 6-7 килограмдай.,ірі кемірушілердің бірі. Ол негізінен бетегелі,көде және боз өскен далалық жерлерде тіршілік етеді. Бұрын

көбінесе тың жерлерде тіршілік ететін болған.Дала суырының жер бетіндегі қимыл іс әрекеті күшндіз өтеді.Түнге қарай індерінде үйірімен тұрады.Тұрақты індерінің тереңдігі 5-6м,ал інінің ішінде жататын үш-төрт ұясы болады.Оларн да борсық сияқты денесіне жеткілікті май жинап алып август айының ортасынан ұзақ,қысқы ұйқыға кетеді.Суыр да борсық секілді ұйқыда жатқанда бойындағы жинап алған майымен қоректенеді.Қысқы ұйқыдан ол ауа райына байланысты март айында,немесе апрельде оянады.Дала суыры жылына бір рет2-ден 9-ға дейін ,көбіне 5-65 күшіктен туады.суырлар 10-15 жылдай өмір сүреді.Көбінесе өсімдіктердің жапырақ, сабақ және гүл сияқты , бөліктерімен қоркетенеді.

Қорық орналасқан аймақта суыр өсімдіктердің 46-түрімен қоректенеді.Әсіресе,бидайық,көде,бетегек,жусан,ақбас сияқты өсімдіктер оның қорегінде ең маңызды орын алады.Су ішпейді,шөптердің ылғалы арқылы шөлін қандырады.Дала суыры терісі мен майы үшін кәсіптік тұрғыдан ауланатын аң екені мәлім.Қорыта айтқанда ,Наурызым қорығының байлығы орман ғана емес ,онда жабайы аңдар мен құстар мол.

Глоссарий:

Қызыл кітапқа енгізілегн:

Қоңыр аю, Сарыкүзен, Алтай ұлары, Тундра шілі, Самырсын құс, Қызылтамақ бұлбұл,

Арай сарықасы.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет